Талдықорған: +9°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

77 мың медицина қызметкеріне қосымша төлем беріледі

Бүгін, 16:19
ӘЛЕУМЕТ, ДЕНСАУЛЫҚ
Анаға арналған миллиардтар: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға төлем рекорд жаңартты

7-su.kz/ Мақпал Әділханқызы

WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамыту және отандық медицина мамандарын қолдау бағытында маңызды шешімдер қабылданып жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Елімізде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін мамандардың, бейінді дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлер мен патронаж мейіргерлерінің жалақысына қосымша үстемеақы қосылады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында жалақының қалай көтерілетінін жан-жақты түсіндірді. Ведомство басшысының айтуынша, төлем мөлшері әрбір маманның үздіксіз еңбек өтіліне тікелей байланысты белгіленбек. Алғашқы көмек көрсететін мамандарға үстемеақы қосу шешімі сала бойынша кадр тұрақсыздығына негізделген, себебі емханалардағы қызметкерлердің бір жыл ішіндегі ауысым көрсеткіші 50 пайызға дейін жетеді. Сонымен қатар қосымша қаржы бөлуге дәрігерлердің жоғары жұмыс жүктемесі мен психоэмоциялық салмақ себеп болған.

Кездесу барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова:

«Үздіксіз еңбек өтілі үшін берілетін үстемеақыны арттыру жөнінде тапсырма берілді. Аталған бастама арқылы біз бірден бірнеше маңызды мәселені шешеміз: кадр тапшылығын азайтып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын толық қамтамасыз етеміз», – деді.

Сондай-ақ министр жаңа үстемеақылардың үздіксіз еңбек өтіліне қарай әлеуметтік қызметкерлер мен патронаж мейіргерлеріне де берілетінін жеткізді, өйткені бұған дейін осындай мамандарға қосымша төлем мүлде қарастырылмаған еді. Ал бейінді маманның үстемеақысы еңбек өтілі мен жұмыс істейтін аймағына, яғни қалада немесе ауылда орналасуына қарай айқындалады.

Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін учаскелік қызметтің 77 мың қызметкеріне қосымша төлем енгізілу көзделген. Үстемеақы көлемі еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақының 20-50 пайызына дейін жетеді. Мәселен, 2 жылдан астам үздіксіз еңбек өтілі бар мамандарға жалақының 20 пайызы, 3 жылдан астам тәжірибесі барларға 30 пайызы, ал 5 жылдан астам еңбек өтілі бар азаматтарға 50 пайызы қосылады. Жаңа төлемдер енгізілгеннен кейін ауылдық жерлердегі тәжірибелі жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы үстемеақыны қоса есептегенде 760 мың теңгеге дейін, ал қалада 607 мың теңгеге дейін жетеді. Сонымен қатар еңбек өтілі аз жас мамандардың да табысы артып, ауылдағы дәрігерлердің жалақысы 386-450 мың теңге аралығында, ал орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 221-256 мың теңге аралығында өседі.

Қатысты жаңалықтар

Анаға арналған миллиардтар: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға төлем рекорд жаңартты

77 мың медицина қызметкеріне қосымша төлем беріледі

Бүгін, 16:19
Жетісуға «FlyArystan» ұшады

Жетісуға «FlyArystan» ұшады

Бүгін, 16:13
Гаджеттерді қуаттау кезінде өрттің алдын алу жолдары

Гаджеттерді қуаттау кезінде өрттің алдын алу жолдары

Бүгін, 15:18
Жетісулық жас өнерпаздар Ақтөбеде топ жарды

Жетісулық жас өнерпаздар Ақтөбеде топ жарды

Бүгін, 15:16
Қазақстанда өсімдік майы өндірісі 25%-дан астамға өсті

Қазақстанда өсімдік майы өндірісі 25%-дан астамға өсті

Бүгін, 15:08

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.