Ақтөбе қаласында өткен «Адал Азамат» республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы театр фестивалінде Жетісу облысының өнерпаздары жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Жалпы еліміздің әр өңірінен 15 театр ұжымы қатысты. Талдықорғандағы Халықтық атағы бар Мұқағали Мақатаев атындағы поэтикалық «Жас актер»театры «Бәйшешек» драмалық қойылымымен бас жүлде алды. Театрдың көркемдік жектшілері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Кендебай Темірбекұлы мен Қазақстан Республикасының Халық әртісі Алмахан Кенжебекова.
Бұл жеңіс – жас өнерпаздардың таланты мен шығармашылық ізденісінің, сондай-ақ жетекшілердің кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі екендігі анық.





