13 қараша, жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын болып, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ байқалады. Елдің орталығы мен солтүстігінде қар жауса, батыс аймақтарда жаңбыр мен аралас жауын-шашын болжанады. Ал оңтүстік өңірлерде күн жауын-шашынсыз өтеді. Ең жылы ауа райы Ақтауда тіркеліп, күндіз ауа температурасы +13 градусқа дейін көтеріледі, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Қалалардағы ауа райы болжамы:
Астана – көшпелі бұлтты, аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы болады.
Алматы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Қонаев – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Талдықорған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы болады.
Қызылорда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Тараз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Түркістан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.
Шымкент – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.
Ақтау – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 11-13 градус жылы.
Атырау – бұлтты, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр, күндіз екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 7-9 градус жылы.
Ақтөбе – бұлтты, аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Орал – бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, түнде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус, күндіз 4-6 градус жылы.
Қарағанды – көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.
Жезқазған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Көкшетау – көшпелі бұлтты, аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Қостанай – бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Петропавл – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Павлодар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Семей – бұлтты, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Өскемен – бұлтты, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыс және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.





