Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

17 қараша 2026
КҮНДЕРЕК
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді
WhatsAppTelegramFacebook

Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және денсаулық сақтау сапасын арттыру мәселелері өңірлердегі еңбек ұжымдарымен өткен кездесуде талқыланды. Іс-шараға Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттер арқау болды. Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру жұмыстары бұл жолы Алматы қаласы, Ұлытау және Маңғыстау облыстарында өтті.

Алматы: энергетикалық қауіпсіздік және заманауи технологиялар

​Алматыда «Әділет» партиясының өкілдері жылу желілері кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесіп, қаланың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту мәселелерін талқылады. Әңгіме барысында жылумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыру, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және салаға заманауи технологияларды енгізу қажеттігі сөз болды.

​Кездесуде Ұлттық қордан қарастырылған қаржыландырудың инженерлік-коммуналдық желілерді жаңартудағы маңызына да назар аударылды. Партия өкілі Айнұр Мұқажанова мұндай жобаларды жүзеге асыру кезінде инфрақұрылымның тиімділігі мен сенімділігін арттыру, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту басты назарда болуы керектігін атап өтті.

​«Алматы сияқты қарқынды дамып келе жатқан мегаполис үшін жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту, коммуналдық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру аса маңызды», -деді Айнұр Мұқажанова.

​Кездесу ашық диалог форматында өтіп, кәсіпорын қызметкерлері саланың өзекті мәселелерін көтерді. Сондай-ақ энергетика саласын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді.

​Ұлытау: цифрландыру және өңірдің даму мүмкіндіктері

​Ұлытау облысында мұнай құбыры басқармасының еңбек ұжымымен кездесу өтті. Талқылауда цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні дамыту, жұмыспен қамту және адами капиталды нығайту мәселелеріне басымдық берілді.

​Жиында Жолдаудағы міндеттерді өңірдің экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктеріне сай жүзеге асыру жолдары қарастырылды. «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ақжол Құрмансейіт аймақта қолға алынған жобалардың маңызына тоқталды.

​«Жалпы, Ұлытау облысында құрылыс қарқыны артып, өңірдің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы жүйелі түрде жаңғыртылып жатыр. Бұл – тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және облыстың дамуына серпін беретін маңызды қадам», — деді ол.

​Кездесуде өңір кәсіпорындары мен еңбек ұжымдарының Президент Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға бірлесе атсалысуының маңызы да атап өтілді.

​Маңғыстау: денсаулық сақтау

​Маңғыстау облысында партия өкілдері теміржол саласының қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, халықты әлеуметтік қолдау, салық саясаты мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қозғалды. «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Пания Сармурзина медициналық ұйымдарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, білікті мамандар даярлау және ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелерін көтерді.

​«Ана мен бала денсаулығын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі. Маңғыстау облысы үшін маңызды жобалардың бірі – Ақтау қаласында 350 орындық көпбейінді балалар ауруханасының құрылысы. Бұл нысан өңірдегі балаларға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, күрделі дертке шалдыққан балаларды облыста емдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғындардың өзге өңірлерге барып ем іздеу қажеттілігін азайтуға ықпал етеді», – деді Пания Сармурзина.

​Жиында шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек адамдарының әлеуметтік кепілдіктерін нығайту мәселелері де талқыланды. Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлері сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

​Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіруге және олардың өңірлерде жүзеге асырылу жолдарын талқылауға арналған кездесулер жалғасып келеді. Бұған дейін осындай басқосулар Өскемен, Ақтөбе және Шымкент қалаларында өткен болатын. Мұндай кездесулер өңір тұрғындарымен тікелей пікір алмасуға, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді талқылауға, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға және Жолдаудағы басымдықтардың мәнін түсіндіруге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл жұмыс өзге өңірлерде де жалғасады.

adilet-partiyasy.kz

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.