2026-2031 жылдарға арналған Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат Бласов Бекет Жайлаубекұлы.
Құрметті сайлаушылар!
Мен 1989 жылғы 27 сәуірде Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында тұрамын.
2011 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «Сәулетші» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2011 жылы «Архсфера» ЖШС-де маман болып бастадым. 2012 жылдан 2020 жылға дейін «Бласов Ж.» жеке кәсіпкерлігінде басшының орынбасары қызметін атқардым. 2020 жылдан бастап «Дияр» жеке кәсіпкерлігінің басшысы болып жұмыс істеймін.
2023–2026 жылдар аралығында Жетісу облыстық мәслихатының депутаты болып сайланып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстарға атсалыстым.
Негізгі мақсатым – Қаратал ауданының дамуына үлес қосу, кәсіпкерлікті өркендетуге, инфрақұрылымды жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ету. Халықпен ашық байланыс орнатып, тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешілуіне атсалысуды маңызды міндетім деп санаймын.
Құрметпен, Бласов Бекет
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР
- ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК
Үштөбе қаласындағы Төлендинов көшесінің 1,2 км, Ақын Сара тұйық көшесінің 0,36 км және Орақты батыр көшесінің 0,42 км учаскелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін тиісті органдар алдында жүйелі түрде көтеремін. Жолдардың сапасын жақсартуға, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз көлік қатынасын қамтамасыз етуге және жоспарланған жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы орындалуына ықпал етемін.
2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Үштөбе қаласындағы Белинский көшесінің 0,353 км, Қазыбек би көшесінің 0,565 км және Котовский көшесінің 0,8 км учаскелеріне көше жарығын орнату мәселесін тиісті органдар алдында көтеріп, жұмыстардың жүзеге асырылуын бақылауда ұстаймын. Жобалардың 2029 жылы уақытылы әрі сапалы орындалуына, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және түнгі уақытта көшелердің жарықтандырылу деңгейін жақсартуға ықпал етемін.
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Қаратал ауданында ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг арқылы жүзеге асырылатын 126 жобаның іске асырылуына ықпал етемін. Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларының ашық әрі қолжетімді болуына, жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларын қолдауға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және жұмыс орындарын құруға бағытталған жұмыстарға назар аударамын. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға үлес қосамын.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Қаратал ауданында су үнемдеу технологияларын енгізу көлемін 7,6 мың гектардан 11,2 мың гектарға дейін ұлғайтуға ықпал етемін. Суару жүйелерін жаңарту, шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсету және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру мәселелерін көтеремін.
- АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
Қаратал ауданында 1 042 азаматты, оның ішінде 912 жасты жұмыспен қамтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Қаратал ауданының Көпбірлік ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуына назар аударамын. Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен медициналық нысандардың жағдайын жақсарту мәселелерін көтеремін.
- БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Қаратал ауданындағы Байтұрсынов атындағы орта мектепті, Қарақұм ауылындағы Алғазин орта мектебін және Жылыбұлақ ауылындағы орта мектепті күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуына назар аударамын. Оқушыларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелерін көтеремін.
- ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Қаратал ауданында тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 19,7-ден 19,9 шаршы метрге дейін арттыруға ықпал етемін. Халықтың баспанаға қолжетімділігін жақсарту және тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған бастамаларды қолдаймын.
- ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Қаратал ауданындағы мектептер мен ауылдық елді мекендерде жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мәселелерін көтеремін. Цифрлық білім беру ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге және байланыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың орындалуына назар аударамын.
- ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА
Қаратал ауданындағы елді мекендерде 7,51 мың жасыл желек отырғызу жұмыстарының жүзеге асырылуына ықпал етемін. Аумақтарды көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға назар аударамын.
Халық сенімі – ортақ жауапкершілік!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Қаратал ауданының дамуы әрбір тұрғынның тұрмыс сапасынан, елді мекендердің инфрақұрылымынан және халық үшін атқарылған нақты жұмыстардан көрінеді. Ауданның әр ауылында тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайын қалыптастыру маңызды.
Үштөбе қаласы мен аудан ауылдарындағы мектептер мен медициналық мекемелердің жағдайы, жолдардың сапасы, көше жарығы, газдандыру, ауызсу, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым мәселелері тұрақты назарда болуы тиіс. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамытуға, шағын кәсіпкерлікті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жастарға мүмкіндік жасауға басымдық берілуі қажет.
Облыстық мәслихат депутаты ретінде тұрғындардың өзекті мәселелерін көтеріп, ауданға жоспарланған жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауға назар аударамын.
Құр уәде емес – нақты іс, бос ұран емес – нәтиже! Қаратал ауданының болашағын бірге қалыптастырайық!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әділет – Қаратал ауданының әр тұрғынына тең мүмкіндік. Ашықтық – әр істің өлшемі. Халық сенімі – ең үлкен жауапкершілік.
Әр тұрғынның үнін естіп, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету, ауданның дамуына бағытталған жұмыстардың орындалуын бақылау – менің берік ұстанымым.
Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!
Тапсырыс беруші: Бласов Бекет Жайлаубекұлы
Жетісу облысы мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді







