Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы
WhatsAppTelegramFacebook

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына №2 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы.

 

«Білім беру сапасын арттыру және педагогтердің еңбек құқықтарын қорғау – қоғам дамуының маңызды бағыты»

            

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Абақов Берік Нұртлеуұлы, 1977 жылы 21 мамыр айында Алматы облысы, Қаратал ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келдім.

2003 жылы  І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдадым.

Еңбек жолымды 1995 жылы «Ақжол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экспедитор болып бастадым. 2001–2005 жылдары «Первомайская» орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, ал 2005–2006 жылдары Бірінші май ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы қызметтерін атқардым. 2006–2014 жылдар аралығында Қаратал ауданындағы Айту би ауылдық округінің әкімі болдым. 2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясының Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқардым. 2016–2017 жылдары аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істедім. 2017-2019 жылдар аралағында Қаратал аудандық әкімшілігінің спорт бөлімінің басшысы болды. 2019 жылдан бастап «Оқу-ағарту, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының» ҚБ Қаратал аудандық филиалының төрағасы қызметін атқарып келедім. Ауданның білім беру саласын дамытуға зор үлес қосуға бейілділік танытқан, білім беру саласының жоғары білікті маманымын. 30 жылдан астам кәсіби тәжірибием  бар.

Көпжылдық еңбек тәжірибемді білім беру саласын дамытуға, педагогтер мен қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғауға бағыттап келемін. Кәсіподақ жұмысын жетілдіру, еңбек ұжымдарының мәселелерін шешу және әлеуметтік әріптестікті нығайтуға ерекше мән беремін. Қаратал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу – басты мақсаттарымның бірі.

Құрметпен, Абақов Берік

 

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ

1961,5 м/ш құрайтын Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы Абдырахман ақын көшесі № 38, Абылай хан к-сі № 33, Қабылиса ақын к-сі № 73, №75 үйлердің аулаларын абаттандыру, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын жөндеу, балалар ойын алаңдарын орнату, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орналастыру мәселелеріне назар аудару. Тұрғындардың ұсыныстары негізінде аулаларды абаттандыру жобаларын іске асыруға ықпал етемін.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ

Үштөбе қаласы бойынша жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны 134, оның ішінде жастардың саны 75. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасаймын. Кәсіп бастағысы келетін азаматтарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жеңілдетілген несиелер мен гранттар туралы ақпарат алуға және құжат рәсімдеу мәселелерінде кеңес беруге ықпал етемін.

  1. ШАРУАҒА ҚОЛДАУ – АУЫЛҒА ҚОЛДАУ

Мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарды қолдау, мал азығын дайындау шығындарын азайту және ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтеремін. Мал өнімдерін өндіру мен өткізуге қолайлы жағдай жасауға бағытталған бастамаларды қолдау білдіремін.

  1. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Аудан бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамту Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округінің, Кішітөбе ауылындағы мектепке жөндеу жұмыстарын жасалуын назарға алып , жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға, кәсіптік білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне қолдау көрсетемін. Жас мамандарды ауданға тарту, олардың жұмысқа орналасуына және кәсіби тәжірибе жинақтауына жағдай жасау мәселелерін көтеремін.

  1. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

Қаратал ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысын қолдау, бокс, дзюдо, күрес және басқа да спорт түрлерін дамытуға ықпал етемін. Жас спортшылардың жарыстарға қатысуына, жаттығу жағдайларын жақсартуға және аудан атынан өнер көрсететін талантты жастарды қолдауға бағытталған бастамаларды қолдау білдіремін.

  1. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Көпбалалы отбасыларды, жетім балаларды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды және өзге де әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне басымдық беремін. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының мүмкіндіктерін түсіндіруге және тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың құқықтарын қорғауға ықпал етемін.

  1. ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

1,2 км құрайтын Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Төлендинов көшесін орташа жөндеу. 0,7 км құрайтын, Төлебаев көшесін жарықтандыру құрылысы, Жылыбұлақ ауылды мекенінде газ желілерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарға жарық шамдарын орнату және жолдардың сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгіземін. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен күнделікті тұрмысына қолайлы жағдай жасауға ықпал етемін.

  1. АУЫЗСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қаратал ауданындағы 47-ші РЗД және Кішітөбе елді мекендердің ауызсу жүйелерін кезең-кезеңімен жаңартуға, ескірген су құбырларын жөндеуге және тұрғындарды сапалы ауызсумен үздіксіз қамтамасыз етуге ықпал ету, қолданыстағы су желілерінің техникалық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар білдіремін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Үштөбе қаласындағы аудандық аурухана мен ауылдық медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтып, ғимараттардың жай-күйін жақсартуға басымдық беруіне ықпал етемін.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Қаратал ауданының байланыс сигналы әлсіз ауылдарында базалық станцияларды орнату және қолданыстағы байланыс инфрақұрылымын жаңарту мәселесін көтеремін.

 Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!

Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауданның дамуы тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсартудан басталады. Әрбір азаматтың тұрақты жұмыспен қамтылуы, сапалы білім мен әлеуметтік қолдауға қол жеткізуі маңызды.

Білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешу және жастарды қолдау – басты назардағы бағыттар. Тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуге күш саламын. Мен үшін ең маңыздысы – нақты нәтижеге қол жеткізіп, Қаратал ауданының дамуына үлес қосу.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Негізгі ұстанымым – тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін қолдап, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және нақты нәтижеге қол жеткізуге үлес қосу. Білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту, жастарды қолдау және сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше мән беремін. Тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, олардың талап-тілектерін тиісті орындарға жеткізу және оң шешім табуына атсалысу – басты міндеттерімнің бірі. Қаратал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және қоғамдағы бірлік пен өзара сенімді нығайтуға өз тәжірибем мен білімімді жұмсауға дайынмын.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

 Тапсырыс беруші: Абақов Берік Нұртілеуұлы
Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

«Ауыл – ел бесігі» және «Халықтық құрылыс»: 500-ге жуық ауыл жаңарып, нақты нәтиже тексеріледі

«Ауыл – ел бесігі» және «Халықтық құрылыс»: 500-ге жуық ауыл жаңарып, нақты нәтиже тексеріледі

Бүгін, 17:33
Ауылды қолдау бағдарламаларының тиімділігі тексеріледі

Ауылды қолдау бағдарламаларының тиімділігі тексеріледі

Бүгін, 17:30
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрсынбаев Алмас Саматұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрсынбаев Алмас Саматұлы

Бүгін, 17:27
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мукашев Самат Саметұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мукашев Самат Саметұлы

Бүгін, 17:27
Президент «Халықтық құрылыс» жобасының стратегиялық маңызын түсіндірді

Президент «Халықтық құрылыс» жобасының стратегиялық маңызын түсіндірді

Бүгін, 17:26

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.