
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 жылдарға арналған Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат ТҰРСЫНБАЕВ АЛМАС САМАТҰЛЫ
№1 бірмандатты сайлау учаскесі
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Үшарал – Алакөл ауданының әкімшілік әрі қоғамдық орталығы. Қаланың дамуы әр тұрғынның тұрмыс сапасынан, қауіпсіз орта мен нақты атқарылған жұмыстан көрінеді.
Үшаралдағы мектептер, емдеу мекемелері, жолдар, көше жарығы, газ желісі және тұрғын үй мәселелері тұрақты назарда болуы тиіс. Әр отбасы жайлы әрі қауіпсіз қалада өмір сүруге лайық.
Депутаттық жұмысымның өлшемі – тұрғындардың нақты мәселесін көтеру, Үшарал қаласына жоспарланған нысандардың мерзімін, сапасын және бюджет қаражатының жұмсалуын ашық қадағалау.
Бізге құр уәде емес – нақты іс, бос ұран емес – шынайы нәтиже керек! Үшаралдың жарқын болашағын бірге қалыптастырайық!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әділет – Үшаралдың әр тұрғынына тең мүмкіндік. Адалдық – әр шешімнің негізі. Ашықтық – әр істің өлшемі. Халық сенімі – ең үлкен жауапкершілік.
Әр тұрғынның үнін естіп, көтерілген мәселенің шешімін соңына дейін қадағалау – менің берік ұстанымым.
Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!
Үшаралдың дамуы – нақты іспен,
ашық есеппен және жауапкершілікпен өлшенеді.
2026-2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Тұрсынбаев Алмас Саматұлы, білім саласында еңбек етіп, Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектепті басқарып келемін. Сенімім берік: әр бала – үлкен мүмкіндікке лайық.
Мектеп басқарудағы қағидам – мәселені жасыру емес, дерекке сүйеніп шешу. «Сандық басқару» мен «Жан дауысы» жобалары арқылы ашықтыққа, ұстазды қолдауға және бала қауіпсіздігіне басымдық бердім.
Үшарал қаласында мектептердің жабдықталуы, медицинаның қолжетімділігі, көше жарығы, газдандыру және баспана құрылысы өзекті. Бұл мәселелердің шешімін ашық бақылауды мақсат етемін.
Үшаралдағы әр оқушы сапалы білімге, қауіпсіз ортаға және заманауи мүмкіндікке лайық. Бала болашағына салынған инвестиция – қала келешегіне жасалған қадам.
Бұл бағдарламада «Әділет» партиясының ұстанымдарымен қатар, Үшарал қаласына қатысты Алакөл ауданының даму құжаттарында көрсетілген нақты нысандардың орындалуын қоғамдық және депутаттық бақылау міндеттері қамтылды.
Міндетім – мәселені айту ғана емес, оның шешілуіне ықпал ету. Депутаттық бақылау, ашық есеп және тұрғындармен тұрақты байланыс – жұмыстың басты өлшемі.
Ең үлкен баға – Үшарал тұрғындарының сенімі. Ең маңызды нәтиже – қала өміріндегі оң өзгеріс.
Құрметпен, Тұрсынбаев Алмас
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР
1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК
Үшарал қаласының ішкі көшелері мен көлік қатынасына қатысты тұрғындар ұсынысын жүйелі көтеремін. Аудан жол картасында 2029 жылға енгізілген Үшарал әуежайы терминалы жобасының іске асырылуына үлесімді қосамын.
2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Үшарал қаласында 2027-2028 жылдарға көзделген газ желісі жобаларын бақылауды жүзеге асырамын. Мәметова, Әуезов, Айманов көшелеріндегі 4 км, Панфилов, Амангелді, Жастар көшелеріндегі 3 км жарықтандыру жоспарының мерзімі мен сапасына назар аударамын.
3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Үшаралдағы шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларының ашық әрі қолжетімді болуына ықпал етемін. Қала кәсіпкерлері үшін қызмет көрсету, сауда және 5 жаңа өндіріс жобаларына жағдай жасауды қолдаймын.
4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілердің мүдделерін қорғауға, жергілікті өнімдерді өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге және фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарға мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімді болуына жәрдемдесу. Ауданның ауыл шаруашылығы әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған бастамаларды қолдау.
5. ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
Үшарал қаласында тұрақты жұмыс орындарын ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіптік оқыту мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету. Шағын және орта бизнесті, қызмет көрсету саласын, өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту арқылы тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған жобаларды қолдау.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Үшарал қаласында 200 төсек-орындық аудандық аурухана құрылысы мен операциялық блокты жаңғырту, аудандық емхананы күрделі жөндеуін күш саламын. Қала тұрғындарына дәрігерлік көмектің қолжетімділігіне мән беремін.
7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтауға және мектептердегі жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімділігін сақтауға ықпал ету. Балалардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға басымдық беру.
8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуын қолдаймын.
9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Үшарал қаласы мектептеріндегі жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды қолдаймын. Білім сапасын талдау, баланың қауіпсіздігі және ата-анамен кері байланыс жүйелерін дамытуға мән беремін.
10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА
Жеңіс көшесі 127 мекенжайындағы мәдениет нысанын күрделі жөндеу және қалада бассейн салуын көтеремін. «Таза Қазақстан» аясында қаланың көшелерін көгалдандыру мен тазалықты жүзеге асырымыз.
Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!
Бала болашағы – басты басымдық!
Әр шешім – Үшаралдың игілігі үшін!
Тапсырыс беруші: Тұрсынбаев Алмас Саматұлы
Қаражат кандидаттың Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.






