2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына № 13 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат ИМАНҒАЛИЕВ ТӨЛЕГЕН ӘДІЛБЕКҰЛЫ
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Иманғалиев Төлеген Әділбекұлы, 1966 жылғы 4 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келдім. Білімім – жоғары, мамандығым – инженер-механик. Еңбек жолымды кәсіпкерлік саласында бастап, кейін ауыл шаруашылығы саласында еңбек еттім. 2020 жылдан бері Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қайнарлы ауылындағы «Иманғалиев Т» шаруа қожалығын басқарып келемін.
Көпжылдық еңбек тәжірибемде ауыл шаруашылығының дамуына, жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға және ауыл тұрғындарына көмек көрсетуге үлес қосып келемін. Қайырымдылық және демеушілік жұмыстарға қатысып, әлеуметтік нысандар мен көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетуге атсалысамын.
Туған жердің өркендеуі – ортақ мақсатымыз. Сондықтан Қайнарлы ауылының дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға және өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуді басты міндетім деп санаймын.
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ЖОЛДАР ЖӘНЕ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
2028 жылға дейін Қарабұлақ ауылындағы Шевченко, Қабсаматов және Уәлиханов көшелерінің жалпы ұзындығы 3,492 км жолына орташа жөндеу жүргізуге, көше жарығы мен абаттандыру жұмыстарын жақсартуға ықпал етемін. 2031 жылға дейін Қарабұлақ ауданындағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының нормативтік талаптарға сай жағдайдағы үлесін 95%-ға жеткізуге ықпал етемін.
- СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Су үнемдеу технологияларын қолдану аумағын 14,8 мың гектарға жеткізу жөніндегі жоспар аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің заманауи суару әдістерін енгізуіне қолдау көрсетуге ықпал етемін..
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ
Алдағы 5 жылда Ескелді ауданында жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту мақсатында кемінде 35 жобаға микрокредит беруге қол жеткізуге ықпал етемін.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Алдағы 5 жылда мал және егін шаруашылығын дамытуға, субсидиялар мен жеңілдетілген несиелерге қолжетімділікті арттыруға, шаруа қожалықтарының мемлекеттік қолдау алуына ықпал етемін
«Мықты өңірлер – мықты ел!
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ
Алдағы 5 жылда Қарабұлақ ауылында жыл сайын 5 жаңа жұмыс орнын, жалпы 10 жұмыс орнын ашуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға ықпал етемін.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Қарабұлақ ауылындағы денсаулық сақтау нысандарын бекітілген жоспарға сәйкес қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал етемін. Қарабұлақ ауылында жыл сайын 5 медицина маманын, 5 жылда жалпы 25 маманды тұрғын үймен, көтерме жәрдемақы және ынталандыру төлемдерімен қамтамасыз етуге ықпал етемін
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА
Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, заманауи STEM кабинеттерін жабдықтауға, цифрлық сауаттылықты арттыруға және балаларға арналған қауіпсіз ойын әрі спорт алаңдарын дамытуға қолдау көрсетемін.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Қарабұлақ ауылында интернет пен мобильді байланыс сапасын жақсарту, тұрғындардың цифрлық мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жұмыс жүргізуге уәде беремін.Ауыл аумағында жоғары жылдамдықты интернетпен қамту және мобильді байланыс сапасын арттыру мәселесін көтеруге ықпал етемін. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануына қолдау көрсетуге ықпал етемін.
2026–2031 жылдар аралығында тұрғындармен жыл сайын кемінде 2 рет кездесу өткізіп, көтерілген мәселелер мен атқарылған депутаттық жұмыс туралы есеп беруге міндеттенемін.
- ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Қарабұлақ ауылында көпқабатты тұрғын үйлер салуға арналған инженерлік-коммуникациялық желілерді тарту және аумақты абаттандыру жұмыстарын 2028–2029 жылдары жүзеге асыруға ықпал етуге, жобаның уақытылы орындалуы мәселесін бақылауда ұстауға уәде беремін.
- ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ МІНДЕТ
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру, қалдықтарды шығару және қоршаған ортаны қорғау шараларын қолдау.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Барлық мәселені бір күнде шешу мүмкін емес. Дегенмен, тұрғындардың өтініштерін назарға алып, олардың мүддесін қорғауға және өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуге дайынмын.
Мен үшін депутаттық жұмыстың басты өлшемі – халықтың өміріндегі нақты оң өзгерістер.
Қарабұлақ ауылдық округінің өркендеуі мен тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жолында бірлесе еңбек етейік!
Сіздердің сенімдеріңіз – менің жауапкершілігім!
Әрбір ауылға – назар, әрбір тұрғынға – құрмет, әрбір іске – жауапкершілік!
Сайлауға келіңіздер!
Құрметпен Иманғалиев Төлеген Әділбекұлы
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Өлкеміздің ең басты байлығы – оның еңбекқор, жауапкершілігі мол, туған жерін сүйетін адамдары.
Әрбір тұрғын әділ қарым-қатынасқа, лайықты өмір сүру жағдайына және жарқын болашаққа сеніммен қарауға лайық. Сапалы жолдар, таза ауызсу, қолжетімді медицина мен білім, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер құр уәде болып қалмай, нақты нәтижеге айналуы тиіс.
«ӘДІЛЕТ» партиясынан № 13 бірмандатты сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде менің басты мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді көтеру және оларды депутаттық өкілеттіктер аясында кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.
Менің жұмысым әділдік, ашықтық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарына негізделеді. Әрбір адамның, әрбір отбасының және әрбір елді мекеннің мәселесіне назар аудару – дамудың негізгі бастауы деп білемін.
Бірлесе отырып, өмір сүруге, еңбек етуге, бала тәрбиелеуге және болашақ құруға қолайлы округ қалыптастыра аламыз!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әр адамға – әділдік. Барлық тұрғындар мен елді мекендерге тең көңіл бөлу, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал ету.
Нақты істер арқылы даму. Жолдарды жөндеу, ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін жүйелі түрде көтеру.
Еңбек адамына қолдау. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, фермерлер мен өз ісін бастауға ниетті азаматтардың бастамаларын қолдауға ықпал ету.
Жастарға – жарқын болашақ. Сапалы білім алуға, кәсіби дамуға, жұмыспен қамтылуға және туған жерде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасауға атсалысу.
Ашықтық пен жауапкершілік. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарды тұрақты хабардар ету.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Иманғалиев Төлеген Әділбекұлы
Ескелді аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді







