Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұғманов Ерғали Байоразұлы

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұғманов Ерғали Байоразұлы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына № 9 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат НҰҒМАНОВ ЕРҒАЛИ БАЙОРАЗҰЛЫ

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Нұғманов Ерғали Байоразұлы, 1968 жылғы 29 шілдеде Ескелді ауданының Қызыл Октябрь ауылында дүниеге келдім. 1985 жылы №50 техникалық училищені «Тракторшы-машинист», 2014 жылы Көксу ауыл шаруашылығы техникумын «Техник-механик» мамандықтары бойынша тәмамдадым.

2000 жылдан бері Қарабұлақ ауылындағы «Нұғманов» шаруа қожалығын басқарып келемін. Ауыл шаруашылығы саласында мол тәжірибе жинақтап, шаруашылықтың дамуына үлес қосып жүрмін. Туған жерімнің өркендеуін, ауыл тұрғындарының әл-ауқатының артуын басты мақсатым деп санаймын. Осы жылдар ішінде ауыл шаруашылығы саласында мол тәжірибе жинақтап, шаруашылықтың дамуына және ауылдың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне өз үлесімді қосып келемін.

Көп жылғы еңбек тәжірибеме сүйене отырып, туған жерімнің дамуына атсалысуды азаматтық борышым деп санаймын. Мен үшін ауылдың өркендеуі – тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту және келер ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыру.

 Құрметпен Нұғманов Ерғали

 

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

2027-2028 жылдары М. Байысов ауылындағы Жетісу (700 м), Бейбітшілік (700 м) және Төлебаева (1,5 км) көшелерінің жалпы ұзындығы 2,9 км автомобиль жолдарын жөндеуге ықпал етемін

2027-2028 жылдары  Байысов ауылындағы Рүстембеков атындағы орта мектепке газ қосу мәселесін шешуге ықпал етемін;

2027-2028 жылдары Байысов ауылындағы «Айшуақ» балабақшасына газ қосу мәселесін шешуге ықпал етемін.

  1. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

2027-2028 жылдары М. Байысов ауылындағы Жетісу (700 м) және Бейбітшілік (700 м) көшелеріне түнгі жарықтандыру шамдарын орнатуға ықпал етемін

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ

2026-2031 жылдар аралығында М.Байсов және Қарабұлақ  ауылдық округтерінің тұрғындарына «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етуге уәде беремін.

2027-2031 жылдары жыл сайын кемінде 10 тұрғынға мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен жеңілдетілген несие алу тәртібі бойынша кеңес беруге ықпал етемін.2027-2029 жылдары кемінде 5 кәсіпкерлік жобаның әзірленуі мен қаржыландыруға ұсынылуына қолдау көрсетуге міндеттенемін.

Жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарының дамуына, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу бағытындағы бастамалардың қолдау табуына ықпал етемін.

«Мықты өңірлер – мықты ел!»

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

11,1 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізуге 2026-2031 жылдары М.Баисов және Қарабұлақ ауылдық округтерінде мал және егін шаруашылығын дамытуға, шаруа қожалықтарының табысын арттыруға ықпал етуге уәде беремін. 2027-2031 жылдары жыл сайын кемінде 10 шаруа қожалығы мен ауыл тұрғынына мемлекеттік бағдарламалар, субсидиялар және жеңілдетілген несие алу мәселелері бойынша кеңес берілуіне ықпал етемін.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ

2027-2031 жылдары М.Байсов және Қарабұлақ  ауылдық округтерінде шағын кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуға және инвестиция тартуға ықпал етемін. Жастар мен жұмыссыз азаматтардың кәсіп бастауына қолдау көрсетіп, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың тұрақты табысын арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында нақты бастамаларды көтеремін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

2027-2031 жылдары М.Байсов және Қарабұлақ  ауылдық округтерінде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, медициналық пункттердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту және білікті медицина мамандарын тарту мәселелерін көтеруге ықпал етемін. Қарттар, көпбалалы отбасылар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейтуге атсалысамын.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, заманауи STEM кабинеттерін жабдықтауға, цифрлық сауаттылықты арттыруға және балаларға арналған қауіпсіз ойын әрі спорт алаңдарын дамытуға қолдау көрсетемін.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

2027–2031 жылдары М.Байсов және Қарабұлақ  ауылдық округтерінде интернет пен мобильді байланыстың сапасын жақсарту мәселесін көтеріп, тұрақты әрі сапалы байланысты қамтамасыз етуге ықпал етемін. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануына қолдау көрсетіп, халықпен тұрақты кездесулер өткіземін және атқарылған депутаттық жұмыс бойынша есеп беріп отырамын.

  1. ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ МІНДЕТ

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Байысов ауылын абаттандыру, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу, қалдықтарды уақытылы шығару және қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Барлық мәселені бір күнде шешу мүмкін емес. Дегенмен, тұрғындардың өтініштерін назарға алып, олардың мүддесін қорғауға және өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуге дайынмын.

Мен үшін депутаттық жұмыстың басты өлшемі – халықтың өміріндегі нақты оң өзгерістер.

Көкжазық және Қайнарлы ауылдық округтерінің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқаты үшін бірге еңбек етейік!

Сіздердің сенімдеріңіз – менің жауапкершілігім!

Әрбір ауылға – назар, әрбір тұрғынға – құрмет, әрбір іске – жауапкершілік!

Сайлауға келіңіздер!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Өлкеміздің ең басты байлығы – оның еңбекқор, жауапкершілігі мол, туған жерін сүйетін адамдары.

Әрбір тұрғын әділ қарым-қатынасқа, лайықты өмір сүру жағдайына және жарқын болашаққа сеніммен қарауға лайық. Сапалы жолдар, таза ауызсу, қолжетімді медицина мен білім, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер құр уәде болып қалмай, нақты нәтижеге айналуы тиіс.

«ӘДІЛЕТ» партиясынан № 9 бірмандатты сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде менің басты мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді көтеру және оларды депутаттық өкілеттіктер аясында кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.

Менің жұмысым әділдік, ашықтық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарына негізделеді. Әрбір адамның, әрбір отбасының және әрбір елді мекеннің мәселесіне назар аудару – дамудың негізгі бастауы деп білемін.

Бірлесе отырып, өмір сүруге, еңбек етуге, бала тәрбиелеуге және болашақ құруға қолайлы округ қалыптастыра аламыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әр адамға – әділдік. Барлық тұрғындар мен елді мекендерге тең көңіл бөлу, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал ету.

Нақты істер арқылы даму. Жолдарды жөндеу, ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін жүйелі түрде көтеру.

Еңбек адамына қолдау. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, фермерлер мен өз ісін бастауға ниетті азаматтардың бастамаларын қолдауға ықпал ету.

Жастарға – жарқын болашақ. Сапалы білім алуға, кәсіби дамуға, жұмыспен қамтылуға және туған жерде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасауға атсалысу.

Ашықтық пен жауапкершілік. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарды тұрақты хабардар ету.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Тапсырыс беруші: Нұғманов Ерғали Байоразұлы
 Ескелді аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Қатысты жаңалықтар

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Түндебаев Асхат Машенұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Түндебаев Асхат Машенұлы

Бүгін, 16:33
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Баянова Сандуғаш Есенкелдіқызы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Баянова Сандуғаш Есенкелдіқызы

Бүгін, 16:31
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ирмекеев Нұрлыхан Аяджанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ирмекеев Нұрлыхан Аяджанұлы

Бүгін, 16:23
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мергенбаев Сайлау Жолдасбайұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мергенбаев Сайлау Жолдасбайұлы

Бүгін, 16:19
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Амангелді Ерасыл Әділұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Амангелді Ерасыл Әділұлы

Бүгін, 16:11

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.