Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Досанов Бақыт Қосанұлы 

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Досанов Бақыт Қосанұлы 
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына № 1 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Досанов Бақыт Қосанұлы

«Ауылдың өркендеуі – халықтың әл-ауқаты, елдің болашағы!»

Құрметті Көкжазық және Қайнарлы ауылдық округтерінің тұрғындары!

Ауыл – елдің алтын бесігі, береке мен бірліктің мекені. Ауылдың дамуы – тұрғындардың тұрмыс сапасының артуы, жастардың болашағына жол ашу және келер ұрпаққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру.

Мен, Досанов Бақыт Қосанұлы, 1980 жылғы 18 қазанда Ескелді ауданының Көкжазық ауылында дүниеге келдім. 2002 жылы Д. А. Қонаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдадым. 2023 жылғы қазан айынан бастап Көкжазық ауылындағы «Болашақ» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келемін.

Еңбек жолым мен ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибем ауыл тіршілігінің тынысын, шаруалардың мәселелері мен ауыл тұрғындарының күнделікті қажеттіліктерін терең түсінуге мүмкіндік берді.

Менің басты мақсатым – Көкжазық және Қайнарлы ауылдық округтерінің тұрақты дамуына үлес қосып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты бастамаларды қолдау.

                                                                            Құрметпен Досанов Бақыт

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Құрманғазы (1,5 км), Байсейітов (1,2 км), Т. Бокин (0,5 км), Жамбыл (0,4 км) және Абай (0,3 км) көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуге қол жеткіземін. Л. Асанова көшесінің (0,5 км) жолына қиыршық тас төсеу жұмыстарын қамтамасыз етуге ықпал етемін. Жалпы: 3,9 шақырым көше жолын асфальттау және 0,5 шақырым жолға қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүзеге асыруға міндеттенемін.

  1. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Көкжазық ауылында Құрманғазы (1,5 км), Байсейітов (1,2 км), Т. Бокин (0,5 км), Жамбыл (0,4 км), Абай (0,3 км) және Л. Асанова (0,5 км) көшелеріне заманауи энергия үнемдейтін көше жарығын орнату жұмыстарын жүргізуге қол жеткізуге күш саламын. Жалпы ұзындығы 4,4 шақырым көше жолын жарықтандыруды қамтамасыз етуге ықпал етемін.

«Мықты өңірлер – мықты ел!»

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жыл сайын кемінде 10 ауыл тұрғынына жеңілдетілген несие алу бойынша ақпараттық және консультациялық көмек көрсету.

5 жыл ішінде кемінде 40 азаматтың кәсіпкерлік жобасын әзірлеуге және қаржыландыруға өтінім беруіне жәрдемдесу.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Бесбойдақ каналын жөндеу: Каналдың техникалық жағдайына зерттеу жүргізіп, күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру мәселесін тиісті органдар алдында көтеремін.  10 шақырым ішкі каналды қалпына келтіру: Ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету мақсатында 10 шақырым ішкі каналды кезең-кезеңімен тазалау, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ

Алдағы 5 жылда кемінде 15  жаңа жұмыс орнын құруға бағытталған жобаларды іске асыруға ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, медицина кадрларын тартуға және қарттар, көпбалалы отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейтуге атсалысамын

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

Бөктерлі және Теңлік ауылдарында әрқайсысы 50 балаға арналған заманауи, қауіпсіз балалар ойын алаңдарын салу мәселесін көтеріп, құрылыс жұмыстарының жүзеге асуына қол жеткізуге күш саламын.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ

2031 жылға дейін Көкжазық және Қайнарлы ауылдық округінде кемінде 15 отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту, баспана алуына қол жеткізуге ықпал етемін.

  1. ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ МІНДЕТ

2028 жылға дейін Көкжазық ауылдық округінде мал өлекселерін қауіпсіз жинау және жоюға арналған ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай арнайы орын (мал қорымын) салу мәселесін шешуге қол жеткізуге күш саламын.

МЕНІҢ ЖҰМЫС ҚАҒИДАТТАРЫМ

o             Әділдік – әрбір тұрғынның мүддесіне құрметпен қарау.

o             Ашықтық – халықпен тұрақты байланыс орнатып, есеп беру.

o             Жауапкершілік – көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау.

o             Нақты нәтиже – өзекті мәселелерді жоспарлар мен бюджетке енгізуге ықпал ету.

o             Бірлік – ауыл тұрғындарының бастамаларын қолдау.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен үшін халықтың сенімі – үлкен жауапкершілік. Тұрғындардың үнін тыңдап, ауыл мәселелерінің шешілуіне ықпал ету – басты міндетім.

«Халықпен бірге болу – сенімді ақтаудың бастауы». Әр мәселені заң аясында көтеріп, нақты нәтижеге қол жеткізуге күш саламын.

«Бірлік бар жерде – береке бар». Көкжазық пен Қайнарлы ауылдарын көркейтіп, халықтың әл-ауқатын арттыру – ортақ мақсатымыз.

Туған жерге қызмет ету – мен үшін абырой әрі азаматтық міндет.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Өлкеміздің ең басты байлығы – оның еңбекқор, жауапкершілігі мол, туған жерін сүйетін адамдары.

Әрбір тұрғын әділ қарым-қатынасқа, лайықты өмір сүру жағдайына және жарқын болашаққа сеніммен қарауға лайық. Сапалы жолдар, таза ауызсу, қолжетімді медицина мен білім, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер құр уәде болып қалмай, нақты нәтижеге айналуы тиіс.

«ӘДІЛЕТ» партиясынан № 1 бірмандатты сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде менің басты мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді көтеру және оларды депутаттық өкілеттіктер аясында кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.

Менің жұмысым әділдік, ашықтық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарына негізделеді. Әрбір адамның, әрбір отбасының және әрбір елді мекеннің мәселесіне назар аудару – дамудың негізгі бастауы деп білемін.

Бірлесе отырып, өмір сүруге, еңбек етуге, бала тәрбиелеуге және болашақ құруға қолайлы округ қалыптастыра аламыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әр адамға – әділдік. Барлық тұрғындар мен елді мекендерге тең көңіл бөлу, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал ету.

Нақты істер арқылы даму. Жолдарды жөндеу, ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін жүйелі түрде көтеру.

Еңбек адамына қолдау. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, фермерлер мен өз ісін бастауға ниетті азаматтардың бастамаларын қолдауға ықпал ету.

Жастарға – жарқын болашақ. Сапалы білім алуға, кәсіби дамуға, жұмыспен қамтылуға және туған жерде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасауға атсалысу.

Ашықтық пен жауапкершілік. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарды тұрақты хабардар ету.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 Тапсырыс беруші: Досанов Бақыт Қосанұлы
Ескелді аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді

Қатысты жаңалықтар

«Ауыл – ел бесігі» және «Халықтық құрылыс»: 500-ге жуық ауыл жаңарып, нақты нәтиже тексеріледі

«Ауыл – ел бесігі» және «Халықтық құрылыс»: 500-ге жуық ауыл жаңарып, нақты нәтиже тексеріледі

Бүгін, 17:33
Ауылды қолдау бағдарламаларының тиімділігі тексеріледі

Ауылды қолдау бағдарламаларының тиімділігі тексеріледі

Бүгін, 17:30
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрсынбаев Алмас Саматұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрсынбаев Алмас Саматұлы

Бүгін, 17:27
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мукашев Самат Саметұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мукашев Самат Саметұлы

Бүгін, 17:27
Президент «Халықтық құрылыс» жобасының стратегиялық маңызын түсіндірді

Президент «Халықтық құрылыс» жобасының стратегиялық маңызын түсіндірді

Бүгін, 17:26

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.