САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ҚҰРМАНҒАЛИЕВА АЛМАЖАНАТБЕКҚЫЗЫ
№11 сайлау округі
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Сіздерді аулымыздың өркендеуі жолында бірлік пен ынтымақты сақтауға, ортақ мақсаттарымызға бірге қадам басуға шақырамын. Әрбір отбасының бақуатты өмірі, әрбір азаматтың әл-ауқаты, жастарымыздың жарқын болашағы мен өңіріміздің тұрақты дамуы — бәріміз үшін маңызды міндет.
Мен халықтың сенімін ақтауды, тұрғындардың талап-тілектерін мен ұсыныстарын тыңдауды және өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуді басты міндетім деп санаймын. Сіздердің ұсыныстарыңыз бен бастамаларыңыз менің жұмысымның негізгі бағдары болады.
Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болсын! Әділетпен алға басып, ауылымыздың жарқын болашағын бірге қалыптастырайық!
Құрметпен, барша жерлестерді игі іске атсалысуға шақырамыз
Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!
«Ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуге баса мән беру керек»
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев
Құрметті сайлаушылар!
Мен Кұрманғалиева Алма Жанатбекқызы 1966 жылы 16 наурыз Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Есеболатова ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында тұрамын 1985 жылы Талдықорған заң техникумын, 2012 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім. Еңбек жолымды 1985 жылы «Басқан» совхозынан аға заң кеңесшісі болып бастадым. Әр жылдары комсомол ұйымында, округ әкімдігінде, шаруа қожалығында, денсаулық сақтау, су шаруашылығы және мемлекеттік басқару салаларында еңбек еттім. 2008–2016 жылдары Ақсу аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметтерін атқардым. 2016 жылғы Ақсу аудандық мәслихатының аппаратында бас маман заңгері болып қызмет атқардым. Қазіргі таңда Ақсу аудандық «Әділет» партиясы филиалының төрағасы қызметін атқарып келемін. Еңбек жолында жинаған тәжірибем әрдайым елге адал қызмет етуді, өзіме жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауды және халықтың мүддесін басты орынға қоюды, жылдар бойы жинаған тәжірибемді ауданның қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және ел игілігіне бағытталған бастамаларды қолдауға арнадым. Мен үшін елге қызмет ету – тек міндет атқару ғана емес, әрбір тұрғынның талап-тілегітеріне түсіністікпен қарап, тыңдап, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және қоғамның дамуына үлес қосу.
Алдағы уақытта ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, елді мекендердің көркеюіне және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға белсенді атсалысуды мақсат етемін. Жастардың сапалы білім алуына, еңбекпен қамтылуына және өз қабілеттерін жүзеге асыруына қолдау көрсетуге, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға үлес қосуды басты міндетім деп санаймын.
Менің басты мақсатым – халықпен бірге болып, тұрғындардың пікіріне құлақ асу, олардың ұсыныстары мен бастамаларын қолдау және әрбір мәселенің заң аясында шешілуіне ықпал ету. Өйткені ауылдың өркендеуі – елдің дамуының негізі, ал халықтың әл-ауқаты мен бірлігі – қоғам тұрақтылығының басты тірегі. Осы жолда жинаған тәжірибем мен білімімді халықтың игілігіне жұмсап, ауданымыздың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ету.
Сіздердің сенімдеріңіз – менің жауапкершілігім. Сіздердің мүдделеріңіз – менің басты басымдығым!
Құрметпен,Құрманғалиева Алма Жанатбековна
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ
Шағын және орта бизнесті, отбасылық кәсіпкерлікті және жергілікті өндірісті дамытуға қолдау көрсетуді мақсат етемін. Кәсіпкерлердің жеңілдетілген несие мен мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қол жеткізуіне, сондай-ақ олардың өзекті мәселелерінің шешілуіне ықпал етемін.
2. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ
2027-2031 жылдары жыл сайын 160 жаңа жұмыс орнын ашып, 5 жылда 950 жұмыс орнын құру жоспарланған. Жастар мен жұмыссыздарды бағдарламаларға тартуға, кәсіпкерлікті дамытуға және мемлекеттік қолдаулар туралы ақпарат беруге ықпал етемін.
3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Ауыл шаруалардың жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік субсидияларға қолжетімділігін арттыруға, суару жүйелері мен ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға ықпал ету. Шаруаларды сапалы тұқыммен, жанар-жағармаймен және тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге, шағын шаруашылықтарды кооперацияға біріктіруге қолдау көрсету. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, өңдеу және өткізу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы шаруалардың табысын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету.
4. БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫН ҚОЛДАУ
Көшкентал орта мкетебінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін тұрақты назарда ұстауға. Балалар ойын алаңдарын жөндеуге, спорттық инфрақұрылымды дамытуға, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында үйірмелер мен спорт секцияларын ашуға ықпал ету. Балалардың сапалы білім алуына, қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне және жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етемін.
5. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ
Көшкентал ауылдық округіндегі 1 балалар спорт алаңына және Егінсу ауылындағы 1 балалар-спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етіп, бұқаралық спортты дамытуға және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасауға ықпал етемін.
6. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Ауыл тұрғындарын баспанамен қамту, көпбалалы, әлеуметтік осал отбасылар мен жастарға қолдау көрсету, үй кезегінің әділдігін қамтамасыз ету мәселелерін көтеріп, шешілуіне ықпал етемін. Ауылда тұрғын үй құрылысын дамытуға және жер учаскелерін заңға сәйкес беруге күш салып, жан басына шаққандағы баспана деңгейін 17,4 шаршы метрге жеткізуге ықпал ету.
7. ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
Алажиле, Молалы ауылдық округтерінде ішкі көшелерді асфальттау, қиыршық тас төсеу, жолдарды тегістеу және көше жарығын орнату мәселелерін көтеріп, жол сапасы мен тұрғындардың қауіпсіз қатынасын жақсартуға ықпал ету.
8. АУЫЗСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Елді мекеннің орталықтандырылған ауызсу жүйелерінің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуін бақылауда ұстау. Тозығы жеткен су құбырларын жөндеу және жаңарту, ауызсудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету, тұрғындардың сумен жабдықтауға қатысты мәселелерін уақтылы шешуге ықпал ету.
9. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Денсаулық сақтау саласына мамандар тартуға, оларды баспанамен және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етуге. Тапшы мамандарды даярлау үшін резидентураға жыл сайын 5–7 мақсатты грант бөлінуге және медициналық нысандардың тозу деңгейін 23,92%-дан асырмауға ықпал етемін
10. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Ауыл тұрғындарын сапалы мобильді байланыспен қамтуға және байланыс сапасын жақсартуға ықпал ету; ауылдық елді мекендерде интернет пен цифрлық қызметтерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған қызмет сапасын бақылау; байланыс сапасына қатысты тұрғындардың өтініштерін назарға алып, мәселелердің шешілуіне ықпал ету.
Өңірдің болашағы – әрбір тұрғын үшін әділ мүмкіндіктерде, лайықты еңбекте және нақты нәтижелерде
Тапсырыс беруші: Құрманғалиева Алма Жанатбекқызы
Қаражат кандидаттың Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.







