Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Естібаев Марат Дәулетұлы

Бүгін, 16:40
Мәслихаттар сайлауы
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Естібаев Марат Дәулетұлы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына  кандидат ЕСТІБАЕВ  МАРАТ ДӘУЛЕТҰЛЫ

№10 сайлау округі

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауданымыздың басты байлығы – оның адамдары, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жерге деген сүйіспеншілігі.

Әрбір елді мекен назарға лайық, әрбір отбасы қолайлы өмір сүруге құқылы. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары және жастарға мүмкіндіктер құр уәде емес, шындыққа айналуы тиіс.

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім шеңберінде оларды кезең-кезеңімен шешуге, мүдделеріңізді қорғауға және нақты нәтижеге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әр міндеттеменің нақты іспен бекітілуі маңызды.

Бірге ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала тәрбиелеуге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әр тұрғынға және әр ауылға әділ көзқарас. Еңбекті құрметтеу, сөз бен іске жауапкершілік. Ашықтық және халық мүддесін қорғауға дайын болу.

Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізге әрдайым ашықпын. Әр адамды тыңдап, толғандырған мәселелерін зерделеуге және шешілуіне қол жеткізуге дайынмын.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Естібаев Марат Дәулетұлы, 1990 жылғы 13 шілдеде Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келдім.

2012 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін  дене шынықтыру және спорт  мамандығы бойынша тамамдадым.

2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ауданымызда білім саласында қызмет етіп келе жатырмын.

Көпжылдық еңбек жолымда білім беру салаларында тәжірибе жинақтадым.

Аудан тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелермен жұмыс істеу арқылы коммуналдық қызметтің сапасы, көшелер мен аулалардың тазалығы, инфрақұрылымның жағдайы және тұрғындардың өтініштеріне уақтылы жауап беру қаншалықты маңызды екенін түсіндім.

Ақсу ауданы мен Қызылағаш ауылының дамуы мен үшін маңызды. Ауылымыздың әрбір елді мекені  сапалы жол, жарық көше, таза аула, жасыл желек және қолайлы қоғамдық кеңістіктер болуы тиіс.

Мен үшін басты мақсат – Өз ауылымды  таза, қауіпсіз, көркейген және тұрғындарға қолайлы ауылға айналдыруға үлес қосу.

Құрметпен: Марат Естібаев

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ – АУЫЛДЫ ҚОЛДАУ

Қызылағаш су қоймасы маңындағы және егістік алқаптарына баратын арықтарды, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, су жеткізуді тұрақтандыру жұмыстарын бақылауға алу. Ауылдағы шағын шаруа қожалықтары мен жас кәсіпкерлерге «Ауыл аманаты» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға қолдау көрсету. Шаруа қожалықтарын тұқым, жанар-жағармай және тыңайтқышпен қамтамасыз етуге, шағын шаруашылықтарды кооперацияға біріктіруге ықпал ету.

2. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ

Халықты тұрақты жұмыспен қамту мақсатында 2026-2031 жылдар аралығында барлығы 450 жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етемін.

3. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Жансүгіров орта мектебінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, білім беру жағдайын жақсартуға және оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етемін.

4. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

Ауылдық елді мекендерде балалар мен жастарға арналған спорттық секциялар мен мәдени-шығармашылық үйірмелердің санын арттыруға ықпал ету. Ауылдарда жастардың қабілетін дамытуға арналған спорттық, мәдени және бос уақыт орталықтарының ашылуына жәрдемдесу. Қызылағаш ауылындағы мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті шараларды атқару.

5. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ауыл тұрғындарының тұрғын үй мәселесін шешуге, баспанаға мұқтаж азаматтарды мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үймен қамтамасыз етуге, тұрғын үй кезегінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларға, жастарға қолдау көрсету мәселелерін тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеру. Сонымен қатар, ауылда тұрғын үй құрылысын дамытуға және жер учаскелерін беру мәселелерінің заңнамаға сәйкес шешілуіне ықпал ету.

6. ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Елді мекендердегі саябақ аумағын абаттандыру жұмыстарының мерзіміне сай аяқталуын қадағалау. Ақтоған ауылынан республикалық жолға дейінгі бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету. Түнгі жарық шамдарын орнату, қалыпты жұмыс істеуін жергілікті әкімдікпен бақылауда ұстау.

7. АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Сапалы ауыз сумен қамтылуын бақылауда ұстау, ескірген құбырларды ауыстыру және толықтай орталықтандырылған немесе тазартқыш құрылғылармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал ету.

8. ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ

Өңірді газдандыру жоспарына сәйкес Қызылағаш, Ақтоған ауылын көгілдір отынмен қамту жұмыстарын бақылауда ұстау.

9. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Ауыл тұрғындарына сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсетуді, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын назарда ұстау.

10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

№10 сайлау учаскесіне қарасты көшелерде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге, қоғамдық орындардың көркін жақсартуға ықпал етемін.

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!

Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!

Тапсырыс беруші: Естібаев Марат Дәулетұлы

Қаражат кандидаттың Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Қатысты жаңалықтар

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Асылқожаұлы Азамат

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Асылқожаұлы Азамат

Бүгін, 16:59
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Данабекова Салтанат Мелісқызы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Данабекова Салтанат Мелісқызы

Бүгін, 16:57
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы

Бүгін, 16:50
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы

Бүгін, 16:46
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Естібаев Марат Дәулетұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Естібаев Марат Дәулетұлы

Бүгін, 16:40

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.