Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Асылқожаұлы Азамат

Бүгін, 16:59
Мәслихаттар сайлауы
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Асылқожаұлы Азамат
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына  кандидат АСЫЛҚОЖАҰЛЫ АЗАМАТ

№2 сайлау округі

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауданымыздың басты байлығы – оның адамдары, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жерге деген сүйіспеншілігі.

Әрбір елді мекен назарға лайық, әрбір отбасы қолайлы өмір сүруге құқылы. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары және жастарға мүмкіндіктер құр уәде емес, шындыққа айналуы тиіс.

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім шеңберінде оларды кезең-кезеңімен шешуге, мүдделеріңізді қорғауға және нақты нәтижеге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әр міндеттеменің нақты іспен бекітілуі маңызды.

Бірге ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала тәрбиелеуге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әр тұрғынға және әр ауылға әділ көзқарас. Еңбекті құрметтеу, сөз бен іске жауапкершілік. Ашықтық және халық мүддесін қорғауға дайын болу.

Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізге әрдайым ашықпын. Әр адамды тыңдап, толғандырған мәселелерін зерделеуге және шешілуіне қол жеткізуге дайынмын.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

2026-2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Асылқожаұлы Азамат 1986 жылы Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында т

ұрамын. 2012 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Алғашқы әскери дайындық» мамандығы бойынша білім алдым. Еңбек жолымды 2007 жылы Алматы қаласындағы «Helios» ЖШС-нің қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып жұмыс атқардым. 2011-2013 жылдары Алматы қаласындағы «Солнечный» сүт зауытында жұмысшы болып жұмыс істедім. 2014-2017 жылдары Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық прокуратурасында жүргізуші қызіметінде болдым. 2019–2020 жылдары Алматы облысы, Ақсу ауданы, Барлыбек Сырттанов ауылдық округінде бас маман – іс жүргізуші қызметін атқардым.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Мансап» мансап орталығының бас маманы болып жұмыс атқарып келемін. Көпжылдық еңбек жолымда мемлекеттік қызімет саласында, тәжірибе жинақтадым. Ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелермен жұмыс істеу арқылы коммуналдық қызметтің сапасы, көшелер мен аулалардың тазалығы, инфрақұрылымның жағдайы және тұрғындардың өтініштеріне уақтылы жауап беру қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Ақсу ауданының дамуы мен үшін маңызды. Ауданымыздың әрбір ауылында сапалы жол, жарық көше, таза аула, жасыл желек және қолайлы қоғамдық кеңістіктер болуы тиіс.

Депутаттық өкілеттігім шеңберінде тұрғындарды толғандырған мәселелерді тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеруге, олардың шешілуін бақылауға және атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп беруге күш саламын.

Құрметпен, Асылқожаұлы Азамат

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА

Оңалту қызметтерінің, әлеуметтік сүйемелдеудің және арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру жөніндегі бастамаларды қолдаймын. Аға буын өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді қатысуына, цифрлық сауаттылығын арттыруына және әлеуметтік қызметтерді алуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етемін.

2. АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ

Ауыл шаруашылығы техникасы мен қажетті жабдықтардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау. Ауылдық жолдардың жағдайын жақсарту және шаруашылықтарға қатынайтын жолдарды жөндеу мәселелерін көтеру. Электр энергиясы, ауызсу және байланыс инфрақұрылымына қатысты өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету. Ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу.

3. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Жастардың техникалық мамандықтарды меңгеруіне, кәсіби білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына мәселелерін тиісті мекемелермен бірлесіп шешу жолдарын қарастыру.

4. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

Ауылдық елді мекендерде балалар мен жастарға арналған спорттық секциялар мен мәдени-шығармашылық үйірмелердің санын арттыруға ықпал ету. Жансүгіров ауылындағы саябақты реконструкциялау және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге ықпал ету;

Жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау. Ауылдарда жастардың қабілетін дамытуға арналған спорттық, мәдени және бос уақыт орталықтарының ашылуына жәрдемдесу.

5. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге, тұрғын үй кезегінің ашық әрі әділ жүргізілуіне және әлеуметтік осал отбасылардың баспана мәселелерін шешуге ықпал ету.

6. ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Жансүгіров ауылындағы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын бақылауда ұстауға. Жансүгіров ауылындағы көшелерді жарықтандыру жүйесін қайта жаңғырту және салынуына, сонымен қатар Газ жеткізуші газ құбырын және газ тарату желілерін салынуын қамтамасыз етуге ықпал етемін.

7. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

Кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал етемін. Шағын бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі ұсыныстарды көтеремін. Қызмет көрсету, сауда, өндіріс және өнім өңдеу салаларындағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдаймын.

8. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Аудандық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлер мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары арқылы медицина мамандарын тартуды қолдау.

9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ақсу ауданының ауылдық округтері мен шалғай елді мекендерінде ұялы байланыс сапасын жақсартуға және интернеттің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.

Сіз айтасыз – мен тыңдаймын!

Сіз сенесіз – мен атқарамын!

Бәрі – туған ауыл үшін!

Тапсырыс беруші: Асылқожаұлы Азамат

Қаражат кандидаттың Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Қатысты жаңалықтар

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Шындәулет Мағжан Мақсатұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Шындәулет Мағжан Мақсатұлы

Бүгін, 17:12
Аграрлық саладағы ұсыныстар Үкімет назарында болуы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Аграрлық саладағы ұсыныстар Үкімет назарында болуы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 17:10
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрахметов Мадияр Бекқайырұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрахметов Мадияр Бекқайырұлы

Бүгін, 17:06
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Серікбаев Мұрат Ермекұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Серікбаев Мұрат Ермекұлы

Бүгін, 17:05
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Асылқожаұлы Азамат

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Асылқожаұлы Азамат

Бүгін, 16:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.