2026–2031 жылдарға арналған Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат СЕРІКБАЕВ МҰРАТ ЕРМЕКҰЛЫ. №10 бірмандатты сайлау учаскесі.
Ауылға жанашырлық – сөзбен емес, іспен дәлелденеді!
2026–2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Серікбаев Мұрат Ермекұлы, жоғары заңгерлік білімі бар магистрмін. Жеке кәсіпкер әрі «Мурат» шаруа қожалығының басшысы ретінде ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келемін. Кәсіпкерлік пен шаруашылықты басқару тәжірибем ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді. Екпінді сайлау округіне қарасты Екпінді, Ақжар ауылдық округтері мен шағын елді мекендердің дамуы, тұрғындардың тұрмыс сапасы, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері – мен үшін маңызды бағыттар.
Мен үшін заңдылық, ашықтық және халық алдындағы жауапкершілік – негізгі ұстанымдар.
Менің сайлауалды бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен басым бағыттарына негізделген. Ауыл шаруашылығын қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жолдар мен ауыз су мәселесін шешу, білім беру мен медициналық қызмет сапасын жақсарту – басты назарымда.
Депутат болып сайланған жағдайда, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін мәслихатта көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етемін. Қажетті жобалардың жергілікті даму жоспарлары мен бюджетке енгізілуіне атсалысып, атқарылған жұмыстардың нәтижесін халыққа тұрақты хабарлап отырамын.
Мен үшін депутаттық қызмет – халықтың сенімін ақтау және ауылдардың дамуына нақты үлес қосу. Екпінді округіндегі әрбір елді мекеннің мәселесіне назар аударып, тұрғындармен бірлесе жұмыс істеуге дайынмын.
Құрметпен Серікбаев Мұрат
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР
1.ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК
Екпінді ауылындағы 2,3 шақырымдық Қабанбай батыр көшесін жөндеу жобасының уақытылы, әрі сапалы орындалуына ықпал етемін. Махаманов және Мейірманов көшелерін жөндеу мәселесін кезең-кезеңімен ілгерілетемін. Ақжар ауылында Жастар көшесін жөндеу және жарықтандыру, Оразов көшесінің асфальтталмаған бөлігін асфальттау, сондай-ақ Рысқұлбеков көшесін жөндеу мәселелерін назарда ұстаймын. Қоңыр ауылындағы Достық және Бейбітшілік көшелерін жөндеу мен тас төсеу жұмыстарын қолдаймын.
2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтаудың тұрақтылығын арттыру және көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтеру. Ақжар, Екпінді ауылдық округтерінде газ тарату желілерін дамыту жоспарының іске асырылуына қолдау көрсетемін.
3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ БИЗНЕСІН ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы мен басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы тұрғындарға жеңілдетілген несие алуға жәрдемдесемін. Ақжар ауылдық округінде микрокредит пен лизинг негізінде 23 кәсіпкерлік жобаның жүзеге асуына ықпал етіп, шағын бизнесті дамытуға, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және 23 жаңа жұмыс орнын ашуға қолдау көрсетемін.
4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
2027 жылы Ақжар ауылында мал өлекселерін қауіпсіз залалсыздандыруға арналған биотермиялық шұңқыр салу үшін 0,05 гектар жер учаскесін бөлуді және нысанның іске асуын қолдаймын. Жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етемін.
5 АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
Ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіптік оқыту мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету. Шағын бизнес пен ауыл шаруашылығын дамыту арқылы тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауыл тұрғындарының медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуіне, медициналық пункттердің жағдайын жақсартуға және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету. Білікті медицина мамандарын тарту мәселесін көтеру.
7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Ақжар, Екпінді орта мектептері және М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтауға және интернет сапасын арттыруға ықпал ету. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын дамытуға, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аудару.
8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімді болуына ықпал ету. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін назарға алып, балаларды қолдау бастамаларын жүзеге асыруға жәрдемдесу.
9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Ақжар ауылында мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, байланыс қамту аясын кеңейтуге және электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету.
10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауылдардың тазалығын сақтауға, көшелерді көгалдандыруға, қоғамдық орындарды абаттандыруға және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару мәселелерін шешуге ықпал ету. Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға назар аудару.
Халық сенімі – нақты іспен ақталады!
Ауылдың дамуы – басты басымдығым!
Әр шешім – ел игілігі мен ауыл болашағы үшін!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ақжар мен Екпінді ауылдық округтерінің дамуы тұрғындардың күнделікті өміріндегі нақты өзгерістерден көрінеді. Ауыз су, электр мен газ, көше жарығы, жол сапасы, мектеп пен медицинаға қолжетімділік, суармалы су және жайылым мәселелері тұрақты назарды қажет етеді.
Менің мақсатым – тұрғындар көтерген мәселелерді мәслихатта жүйелі талқылап, жоспарланған жұмыстардың мерзімі мен сапасын, бюджет қаражатының жұмсалуын ашық бақылауға атсалысу. Тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, атқарылған жұмыс туралы есеп беруге күш саламын.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әділдік – әр тұрғынға тең мүмкіндік.
Ашықтық – жоспар мен нәтиже туралы нақты ақпарат.
Жауапкершілік – көтерілген мәселенің барысын қадағалау.
Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!
Тапсырыс беруші: Серікбаев М.Е.
Қаражат кандидаттың Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді







