2026-2031 жылдарға арналған Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат ДАНАБЕКОВА САЛТАНАТ МЕЛІСҚЫЗЫ. №9 бірмандатты сайлау учаскесі.
«Ауылды дамыту- бүкіл елді, бүкіл Қазақстанды дамыту»
Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаев
2026-2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Данабекова Салтанат Мелісқызы Еңбекші ауылында дүниеге келдім. Мамандығым — мұғалім. Еңбек жолымды білім беру саласында мұғалім болып бастадым. Ұстаздық қызмет атқара жүріп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге , олардың қабілетін дамытуға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға үлес қостым. Ұстаздық қызмет маған көпшілікпен тіл табысуды,әр азаматтың пікірін тыңдауды,жауапкершілікпен шешім қабылдауды және кез келген мәселені жүйелі түрде шеуге ұмтылуды үйрендім. Білім беру саласындағы еңбек жолым арқылы ауыл мектебінің , ұстаздар мен оқушылардың , ата-аналар мен жалпы қоғамның өзекті мәселелерін жақсы түсіндім. Осы салада жинақтаған тәжірибем халықпен ашық әрі тиімді жұмыс істеуге, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштеріне мұқият қарауға негіз болды. Ауданның дамуы-адамдарды күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Бұл — жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медициналық көмек пен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары мен балаларымыздың болашағы. Әрбір елді мекен назардан тыс қалмауға тиіс, ал тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық азамат лайықты өмір сүру жағдайына ие болуы керек деп білемін. Менің бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты назар қордаланған мәселелерді шешу ғана емес, ауылдың әл ауқатын дамытуға, еңбек адамын қолдауға,жастарға жаға мүмкіндіктер ашуға және туған жерімізді сақтауға бағытталады. Алға қойған мақсаттарымның негізінде нақты атқарылатын шаралардың орындалуын бақылап отыруға күш жігерімді саламын.
Құрметпен Данабекова Салтанат Мелісқызы
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК
Жол –ауыл мен қаланы байланыстыратын, маңызды инфрақұрылым. Сондықтан мен үш негізгі бағытқа басымдық беремін. Біріншісі — сапалы жол. Екіншісі — қолжетімді қоғамдық көлік. Үшіншісі — жол қауіпсіздігі. Арқарлы — Үшарал 70 км автомобиль жолын сапалы жөндеу жұмысының толық аяқталуына ықпал ету. Аталған жолдың ауыл тұрғындары үшін маңызы зор екенін ескере отырып, жол жамылғысының сапасын арттыруға және қауіпсіз көлік қатынасын қамтамасыз етуге,елді мекендер арасындағы көлік қатынасын ауылішілік жоларды жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты қозғалысын қамтамасыз етуге ықпал ету
2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Сапалы су, желіліредегі апаттар, электр желілірінің тозуы, жарықтың жиі сөнуі, қуат тапшылығына байланысты туындайтын кедергілерді жою мақсатында 20 қосалқы станция салып, ауылды мекендердің үздіксіз әрі тұрақты электрмен қамтамасыз етілуін бақылауда ұстау.Табиғи газға қосылмаған елді менкендерді 100 пайызға газдандыру мәселесін кезең кезеңімен шешу жөнінде ұсыныстар енгізу;
3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларының ашық әрі қолжетімді болуына ықпал етемін. Қала кәсіпкерлері үшін қызмет көрсету, сауда және жаңа өндіріс жобаларына жағдай жасауды қолдаймын.
4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Архарлы, Қызылащы, Жанама ауылдары көшелерінің абаттандырылуы, жаяу жүргіншілер жолы, қоғамдық орындар мен коммуналдық қызмет сапасы бойынша тұрғындар ұсынысын көтеремін. Жоспарланған жұмыстардың орындалуын бақылауға мән беремін.
5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
Ауылдағы шағын бизнесті, қызмет көрсету мен өнім өңдеуді қолдаймын. Жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту және жастар практикасы бойынша жыл сайын 100 адамды қамту жоспарланған шаралардың нәтижесін талқылап, бақылауға күш саламын.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Тұрғындардың өмір сүру жасын ұзарту, денінің саулығын қадағалау, қолжетімді әрі тиімді медициналық көмектің көрсетілуі аса маңызды. Ауыл тұрғындарына дәрігерлік көмектің қолжетімділігіне мән беремін.
7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Ауылдарында балаларға арналған ойын алаңдарын салуға және қолданыстағы алаңдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етемін. Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын басты назарда ұстап, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылардың ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, олардың шешілуіне атсалысамын.
8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуын қолдаймын.
9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Ауыл мектептеріндегі жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды қолдаймын. Білім сапасын талдау, баланың қауіпсіздігі және ата-анамен кері байланыс жүйелерін дамытуға мән беремін.
10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ
«Таза Қазақстан» аясында қаланың көшелерін көгалдандыру мен тазалықты жүзеге асырымыз.
Сіздің пікіріңіз- мен үшін маңызды!
Сіздің сеніміңіз- нәтижеге деген жауапкершілік!
Әрбір шешім- туған өлкеміздің игілігі үшін!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Сіздердің алдыларыңызға халықтың сенімін ақтау, елдің сөзін сөйлеп, мұңын жеткізу және ортақ мәселелердің шешілуіне үлес қосу мақсатымен келіп тұрмын.
Мен үшін депутаттық қызмет-мансап емес,халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Халықтың аманаты мен сенімі-ең басты құндылық.
Менің ұстанымым-әділдік,ашықтық, жауапкершілік және нақты іс.
Әділет партиясының негізгі құндылықтарын басшылыққа ала отырып, ел игілігі үшін еңбек етуді, азаматтардың құқықтарын қорғауды және қоғамдағы өзекті мәселелерің шешілуіне ықпал етуді мақсат етемін.
Әрбір елді мекен назардан тыс қалмауға тиіс, әр әрбір отбасы лайықты өмір сүру жағдайына ие болуы керек. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары мен жастарға арналған мүмкіндіктер нақты іске асуы қажет.
Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Әрбір істің заңды тәртібі, қаржыландыру мүмкіндігі және жауапты мекемесі бар. Дегенмен, оларды кезең-кезеңімен шешуге қол жеткізуге, халықтың мүдделерін қорғауға және депутаттық өкілеттігім аясында нақты нәтижелерге жетуге дайынмын.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
«Ауылға – қамқорлық, халыққа- әділдік, іске- жауапкершілік!»
Әрбір тұрғынға және әр ауылға әділ көзқарас таныту. Еңбек адамына құрмет көрсету. Айтқан сөз бен атқарған іске жауапкершілікпен қарау. Ашықтықты сақтау және халықтың мүддесін қорғау.
Халықтың мәселесін тыңдау, заңды жолмен шешім іздеу, және нәтижесін бақылау.
Әділет –құр сөз емес, әділ шешім мен жауапты әрекет.
Даму – құр уәде емес, жоспарлы жұмыс пен нақты нәтиже.
Сенім –үлкен жауапкершілік.
Алдымыздағы мақсатымыз ортақ: ауылымыздың жағдайын жақсарту, балаларымызға жақсы болашақ қалыптастыру, тұрғындардың өмір сапасын арттыру.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Данабекова С.М.
Қаражат кандидаттың Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді







