Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Бүгін, 12:30
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс
WhatsAppTelegramFacebook

Кәсіпкер келісімшартқа белгілі бір мақсатпен қол қояды. Ол – құрылыс жүргізу, өнім өндіру, тауар жеткізу немесе қызмет көрсету. Ал мұның бәрінен кәсіпкердің күтетін негізгі талабы қарапайым: атқарылған жұмысқа ақы төленуі, меншік құқығының қорғалуы және серіктестің алған міндеттемесі ертең де күшінде қалуы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында айтылған жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі бастамасын толық қолдаймын. Бұл – бизнес үшін экономикалық қатынастардың негізі саналатын құқықтық ережелерге деген сенімді нығайтудың маңызды мүмкіндігі. Қолданыстағы Азаматтық кодекс елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасуына берік негіз қалады. Ендігі міндет – осы іргетасты сақтай отырып, заман талабына сай жетілдіру.

Бүгінде мәмілелер мобильді қосымшалар арқылы жасалады, сауда цифрлық платформаларда жүргізіледі, ал жасанды интеллект іскерлік үдерістерге кеңінен еніп келеді. Осындай өзгерістер жағдайында да заң нақты әрі түсінікті жауап бере алуы керек. Кәсіпкер үшін құқықтық айқындықтың болмауы нақты шығындарға әкеледі. Оған төлемдердің кешігуі, сот дауларына жұмсалатын қаражат, инвестициялық жобалардың кейінге шегерілуі жатады.

Келісімшарттың қалай орындалатынын, дау туындаған жағдайда мәселенің қалай шешілетінін болжау қиын болса, бизнес те жаңа жобаларға қаржы салуға сақтықпен қарайды. Сондықтан жаңа кодексте адал меншік иесінің құқығын қорғау, шарт еркіндігін қамтамасыз ету және тараптардың жауапкершілігін әділ бөлу мәселелеріне ерекше мән берілуі қажет. Ірі тапсырыс беруші біржақты талаптар қойған жағдайда шағын жеткізуші мен мердігердің де құқығын қорғайтын тиімді тетіктер болуы тиіс.

Құрылыс саласында орындалған жұмыстың сапасына, жабдықтарға және нысанды кейінгі пайдалануға байланысты жауапкершілік те нақты ажыратылуы керек. Заңның шынайы құндылығы осындай күнделікті тәжірибеде кездесетін мәселелерді қаншалықты тиімді шешетінімен өлшенеді. Осыған байланысты кодексті әзірлеу барысында өңірлердегі кәсіпкерлердің нақты тәжірибесіне негізделген ашық ұсыныстар базасын қалыптастыруды ұсынамын. Онда әрбір мәселе, оның салдары және оны шешу жолы жүйелі түрде көрсетілуі керек. Әрбір маңызды құқықтық норманы нақты өмірлік мысалдар арқылы тексерген жөн.

Жаңа норма келісімшарт талаптарын түсінікті ете ме? Құқықты теріс пайдалану мүмкіндігін азайта ма? Тараптың бұзылған құқығын қалпына келтіруге мүмкіндік бере ме? Негізгі өлшем осы болуы тиіс. Бұл жұмыста жасанды интеллект мүмкіндіктерін де тиімді пайдалануға болады. Атап айтқанда, ол заң нормаларын өзара салыстыруға, қайшылықтар мен қайталанатын ережелерді анықтауға, сот тәжірибесін жүйелеуге және талқылауға қатысушылардың ұсыныстарын саралауға көмектеседі. Әрине, алынған нәтижелер міндетті түрде кәсіби сарапшылардың тексеруінен өтуі қажет.

Мұндай тәсіл заң жобасын әзірлеу уақытын қысқартып, мамандарға мазмұнды әрі маңызды шешімдерге көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Жаңа кодексті талқылау жұмысына ғалымдар, тәжірибелі заңгерлер, судьялар, кәсіпкерлер, қоғам өкілдері мен технология саласының мамандары кеңінен тартылуы керек. Сонымен бірге ұсыныс берген әрбір қатысушы оның қандай шешім тапқанын білуге тиіс. Яғни қай ұсыныстың қабылданғаны, қайсысының қабылданбағаны және оның себебі ашық көрсетілуі маңызды.

Азаматтық кодекстің ұзақ жылдар бойы тиімді қызмет етуі үшін оның нормалары уақытша үрдістерге емес, түрлі технология мен кәсіпкерлік қызмет түрлеріне бірдей қолдануға болатын орнықты құқықтық қағидаттарға негізделуі қажет. Сонымен бірге өзге заңнамалық актілермен үйлесімділігі қамтамасыз етіліп, қолданыстағы келісімшарттарға қатысты түсінікті өтпелі тәртіп белгіленуі керек.

Бұл бастаманың нәтижесін кәсіпкерлер күнделікті жұмыс барысында сезінуі тиіс. Келісімшарттар сенімді, есеп айырысу жүйесі болжамды, ал бұзылған құқықты қорғау тетіктері қолжетімді болғанда ғана жаңа Азаматтық кодекстің мақсаты орындалды деп айтуға болады. Осындай талаптарға жауап беретін жаңа Азаматтық кодекс бизнестің дамуына, кәсіпкерлік белсенділіктің артуына және тұтастай алғанда еліміздің экономикасының нығаюына берік құқықтық негіз болмақ.

Баниямин ФАЙЗУЛИН,
кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің
мүшесі, кәсіпкерлердің құқықтарын
қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Тәуелсіздік тірегі

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензия беру туралы

Бүгін, 11:22
Тынысы кең, тұрмысы айшықты

Тынысы кең, тұрмысы айшықты

Бүгін, 10:30
Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

21 қараша 2026
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

21 қараша 2026
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

21 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.