Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Республикасының Президенті Джозеф Халил Аун мен оның отандастарына ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Жеделхатта Мемлекет басшысы берік достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірген.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Халил Аунның жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.






