САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ботантаев Марғұлан Мәлімбайұлы
№4 бірмандатты округі бойынша
Құрметтi сайлаушылар!
Мен, Ботантаев Марғұлан Мәлімбайұлы, 1971 жылғы 21 ақпанда дүниеге келдім. «Өнеркәсіптік қондырғылар мен технологиялық кешендердің электр жетегі және автоматтандырылуы» мамандығы бойынша жоғары білімім бар. 1998 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірдім.
Еңбек жолымды 1988 жылы Текелі қаласындағы «Қазтүстіметремонт» тресті бөлімінің ағашшысы, бетоншысы болып бастадым. 1989-1991 жылдар аралығында әскери борышымды өткердім. Текелі қаласындағы сурма-қорғасын комбинатында электр механигі, «Жетісу-Омега» бірлескен кәсіпорнында жұмысшы, «Алатау-Мрамор» АҚ-да бас энергетик, «Қазцинк» АҚ кен-өңдеу кешенінде шебер және энергетик болып еңбек еттім.
2006-2018 жылдар аралығында «Текелі қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де маман, «Текелі қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы қызметтерін атқардым. 2018 жылғы 14 тамыздан бастап партияның Текелі қалалық филиалын басқардым. Қазіргі уақытта «Әділет» партиясы Текелі қалалық филиалының атқарушы хатшысымын.
Әділдік, заңдылық және жауапкершілік ұстанымдарын қолдаймын. Көпжылдық кәсіби және басқарушылық тәжірибемді пайдалана отырып, Текелі қаласы тұрғындарының мүддесін қорғауға, өзекті мәселелердің шешілуіне және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етуге ниеттімін.
Менің мақсатым – нақты жұмыс, тұрғындармен ашық диалог және туған өлкеміздің игілігі үшін шынайы нәтижеге жету.
Құрметпен, Марғұлан Ботантаев
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Көлік қатынасын жақсарту және тұрғындардың жайлылығы үшін көлік және автомобиль жолдары бөлімін басқару тәжірибесіне сүйене отырып, Қора (500 м), Жеңіс (300 м) және Бақтыбай (300 м) көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жеткіземін.
2. ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Қора, Жеңіс, Бақтыбай және Ш. Уәлиханов көшелері бойынша сумен жабдықтау, кәріз және жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеуден өткізуге және жаңғыртуға қол жеткіземін.
Жайлы қала – бақытты тұрғындар!
3. ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ
Текелі қаласының құрылыс және сәулет саласындағы тәжірибемді пайдалана отырып, Қора, Жеңіс, Бақтыбай және Ш. Уәлиханов көшелеріндегі аула аумақтарын абаттандыру мәселелерін – балалар мен спорт алаңдарын, сыртқы тренажерларды, орындықтар мен ортақ пайдаланылатын орындарды жөндеу және жаңарту жұмыстарын жеке бақылауға аламын.
4. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Текелі қаласында шағын өндірістер мен кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етемін. 300-ден астам адамды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және жұмыспен қамту үшін бос орындар жәрмеңкелерін, қайта даярлау бағдарламаларын және жастар бастамаларын қолдау шараларын жүргізуге қол жеткіземін.
5. СПОРТ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
№ 4 сайлау округінде бұқаралық және балалар спортын дамытуды, қолданыстағы спорт нысандарын күтіп ұстау мен жөндеуді қорғаймын. Балалар секцияларын, жергілікті жаттықтырушыларды және қолжетімді спорттық ортаны дамытуды қолдаймын.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Текелі қалалық ауруханасы мен емханасын қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандыруға, қабылдау жағдайларын жақсартуға және мемлекеттік бағдарламалар аясында білікті медицина мамандарын тартуға қол жеткіземін.
7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҒДАЙЛАР
Текелі қаласының мектептері мен балабақшаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сондай-ақ оқушылардың үйден оқу орнына дейінгі қауіпсіз жолдарын қамтамасыз етуге қол жеткіземін. Балалардың қауіпсіз және жайлы оқу жағдайларын жасау үшін Текелі қаласының № 8 орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізуді бюджеттік жоспарға енгізуге және бастауға қол жеткіземін.
8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА
Зейнеткерлердің, көпбалалы отбасылардың және мүгедектігі бар азаматтардың мүдделерін қорғаймын. Әлеуметтік мекемелердің жанында және Қора, Жеңіс, Бақтыбай, Ш. Уәлиханов көшелеріндегі жаяу жүргіншілер аймақтарында пандустар мен ыңғайлы түсу орындарын орнатуды қоса алғанда, қолжетімді және инклюзивті ортаны құруға қол жеткіземін.
9. БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Қора, Жеңіс, Бақтыбай және Ш. Уәлиханов көшелерінде, соның ішінде Текелі қаласының шалғай аудандары мен шеткері аймақтарында ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға қол жеткіземін. Барлық тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен цифрландырылуын кеңейтуге ықпал етемін.
10. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТИІМДІ ДИАЛОГ
«Таза Қазақстан» эко-бастамаларын қолдаймын, қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығаруды және жасыл желектерді күтуді бақылауда ұстаймын. Тұрғындармен жүйелі түрде кездесулер өткіземін, өтініштерді жинаймын және атқарылған жұмыстар туралы ашық есеп беремін.
Сіздің пікіріңіз – мен үшін маңызды!
Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!
Әрбір шешім – туған өлкеміздің игілігі үшін!
ҚЫМБАТTЫ ЖЕРЛЕСTЕР!
Мен, Ботантаев Марғұлан Мәлімбайұлы, ұзақ жылдар бойы қаламыздың өнеркәсіп, құрылыс және көлік инфрақұрылымы сферасында еңбек етіп, бірқатар жауапты басшылық лауазымдарды атқардым. Қазіргі уақытта «Әділет» партиясы Текелі қалалық филиалының төрағасымын.
Жинаған кәсіби және өмірлік тәжірибем мені жауапкершілікке, талапшылдыққа, заңға құрметпен қарауға және тұрғындардың өтініштеріне мұқият назар аударуға үйретті.
Депутаттың басты міндеті – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерден шешім табу және атқарылған жұмыстар бойынша ашық есеп беру деп білемін.
Егер маған сенім білдірсеңіздер, мен өз қызметімді Текелі қаласын дамытудың нақты мәселелеріне бағыттаймын.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ!
Жауапкершілік және нәтиже – нақты және өлшенетін көрсеткіштерге бағдарлану, жоспарланған жол картасының әрбір тармағын шынайы орындауға жеткізу.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Тұрсынбаев Алмас Саматұлы
Қаражат кандидаттың Текелі қалалық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.







