Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сеилгазинов Ерлан Нурмуханұлы

Бүгін, 11:51
Мәслихаттар сайлауы
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сеилгазинов Ерлан Нурмуханұлы
WhatsAppTelegramFacebook

2026-2031 жылдарға арналған Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына №4 бірмандаттық сайлау учаскесі бойынша  «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат Сеилгазинов Ерлан Нурмуханұлы.

Достықтың дамуы – нақты іспен,  ашық есеппен және жауапкершілікпен өлшенеді.

2026-2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Сеилгазинов Ерлан Нурмуханұлы Достық ауылдық округінің ерекшеліктерін ескере отырып, мəслихат депутаттығына кандидаттың 2026-2031 жылдарға арналған бес жылдық сайлауалды бағдарламасын дайындадым.

Достық ауылының болашағын тұрғындардың әл-ауқатымен, елді мекеннің көркеюімен және қордаланған мәселелердің кезең-кезеңімен шешілуімен байланыстырамын. Мен үшін ауылдың дамуы – құрғақ уәде емес, халықтың күнделікті өмірінен көрінетін оң өзгерістер.

Достық ауылының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға, жастарға мүмкіндік ашуға, шағын кәсіпкерлікті қолдауға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық беремін.Ауылдың болашағы – оның тұрғындарының тұрмыс сапасымен өлшенеді. Әр отбасының жайлы өмір сүруіне, балалардың қауіпсіз ортада өсуіне және жастардың туған жерінде еңбек етуіне жағдай жасауға күш саламын.

Құрметпен, Сеилгазинов Ерлан

 

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

2027 жылы Достық ауылындағы Абай және Әлібаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін. Жолдардың сапалы жөнделуіне қоғамдық бақылау жасап, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігіне назар аударамын.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ауыз су жəне жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға. Достық ауылында Абай көшесіндегі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуналдық мəселелерін шешуге ықпал етемін. Көлік қатынасы, жол, жарықтандыру жəне байланыс сапасын жақсартуға; Шалғай елді мекендерде медициналық жəне өзге де қажетті қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.

      3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Достық ауылдық округінде 9 инвестициялық жобаның жүзеге асуына қолдау көрсетемін. Жаңа өндіріс орындарын ашуға, жергілікті кәсіпкерліктің әлеуетін арттыруға және ауыл экономикасына инвестиция тартуға ықпал етемін.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Достық ауылында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, тұрғындардың өз кәсібін ашып, оны кеңейтуіне қолдау көрсетемін. Ауылдағы өндірістік әлеуетті арттыруға, жергілікті өнім өндіру мен оны өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етемін.

  1. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Достық ауылдық округінде микрокредит пен лизинг бағдарламалары арқылы 14 кәсіпкерлік жобаның жүзеге асуына ықпал етемін. Ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына мүмкіндік жасап, жергілікті өндірісті дамытуға, халықтың табысын арттыруға және ауыл экономикасын нығайтуға күш саламын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Шалғай елді мекендерде медициналық жəне өзге де қажетті қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. Достық тұрғындарына дәрігерлік көмектің қолжетімділігіне мән беремін.

  1. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Оқушылар мен ұстаздарға қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселесін көтеремін. 2030 жылы Достық ауылындағы Б. Момышұлы атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының жүзеге асуына ықпал етемін.

  1. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Əлеуметтік осал топтарға, көпбалалы отбасыларға,зейнеткерлерге жəне мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуге. Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға күш саламын. Тұрғындардың баспана жəне коммуналдық қызмет мəселелерін тиісті мекемелер алдында көтеруге.

  1. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Достық ауылдық округі мектептеріндегі жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды қолдаймын. Білім сапасын талдау, баланың қауіпсіздігі және ата-анамен кері байланыс жүйелерін дамытуға мән беремін.

  1. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Достық ауылының көшелерін көгалдандыруға, тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жақсартуға ықпал етемін. Сонымен қатар, 150 орындық ауылдық клуб салу жобасын қолдап, тұрғындардың мәдени демалысы мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мәселесін көтеремін.

Достықты дамыту – ортақ міндет!

Жарқын болашақ – ортақ мақсат!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Достық ауылы аудан орталығынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан шалғайдағы шекаралық елді мекен. Ауылымыздың дамуы, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру ерекше назар аударуды қажет ететін маңызды міндеттер.

Депутаттық жұмыс аясында ауыл тұрғындарының талап тілектерін тиісті органдарға жеткізу, көшелерді жарықтандыру, жолдардың жағдайын жақсарту, ауыз су мен электр қуатының тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және ауылдың тазалығы мен абаттандырылуына ықпал ету.

Депутаттық жұмысымның өлшемі – тұрғындардың нақты мәселесін көтеру, Достық ауылында жоспарланған нысандардың мерзімін, сапасын және бюджет қаражатының жұмсалуын ашық қадағалау.

Достықтың дамуы ортақ міндетіміз, тұрғындардың әл ауқаты басты мақсатымыз. Бүгінгі бастамаларымыз нақты іспен жалғасып, Достығымыздың болашағы жүйелі жұмыстар арқылы қалыптасуы тиіс.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Нақты іс – басты қағидам. Құр уәдеге емес, нақты нәтижеге бағытталған жұмыс.

Әрбір бастаманың орындалуына ықпал етіп, атқарылған жұмыс туралы ашық ақпарат беру.

Әр тұрғынның үнін естіп, көтерілген мәселенің шешімін соңына дейін қадағалау – менің берік ұстанымым.

Халыққа жақындық! Іске адалдық! Нәтижеге жауапкершілік!

 

Тапсырыс беруші: Сеилгазинов Ерлан Нурмуханұлы
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Бүгін, 16:30
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Бүгін, 16:19
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Бүгін, 16:11
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Бүгін, 15:59
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Қанлыбаев Айдос Маратұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Қанлыбаев Айдос Маратұлы

Бүгін, 15:49

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.