Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Буймов Захар Дмитриевич

23 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Буймов Захар Дмитриевич
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Буймов Захар Дмитриевич

№9 бірмандатты округі бойынша

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Буймов Захар Дмитриевич Текелі қаласында туып-өстім. Мамандығым бойынша – мұғаліммін. Қазақстан Республикасының парапауэрлифтингтен ұлттық құрамасының мүшесімін.

Спорт маған тәртіпті, табандылықты және нәтижеге жауапкершілікпен қарауды үйретті. Мен кедергісіз ортаның, спортшыларды қолдаудың және мүгедектігі бар адамдар үшін тең мүмкіндіктердің қаншалықты маңызды екенін білемін. Әрбір тұрғынның жасына және денсаулық жағдайына қарамастан, білім алуға, жұмыс істеуге, спортпен айналысуға және қала өміріне белсенді қатысуға мүмкіндігі болуы керек деп есептеймін.

Текелі үшін ірі жобалар ғана емес, күнделікті мәселелер де маңызды: көшелерді жарықтандыру, қауіпсіз жолдар мен жаяу жүргіншілер өткелдері, таза аулалар, абаттандырылған қоғамдық кеңістіктер, жастарға арналған мүмкіндіктер және мүгедектігі бар адамдар үшін лайықты жағдай жасау.

Өз жұмысымда Текелі тұрғындары үшін, әсіресе Достық шағынауданына ерекше көңіл бөле отырып, нақты шешімдерге қол жеткізуді мақсат етемін. Жауапты қызметтердің алдына мәселелер қойып, қажетті жұмыстардың жоспарлар мен бюджетке енгізілуіне ықпал етемін, орындалуын бақылап, тұрғындарды нәтижелері туралы хабардар етемін. Басты бағдарым – адамдардың күнделікті өміріндегі нақты оң өзгерістер.

 

Құрметпен, Захар Буймов 

 

 2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

Тұрғындардың кешкі және түнгі уақытта қауіпсіз әрі қолайлы қозғалуын қамтамасыз ету үшін Ы. Алтынсарин көшесіндегі (700 м) жол жабынын сапалы жөндеуге және сыртқы жарықтандыруды қалпына келтіруге қол жеткіземін.

«Таза әрі абаттандырылған қала – жоғары мәдениетіміз бен жауапкершілігіміздің көрсеткіші.»

2. ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Кемінде 100 жастың білім алуына, жұмысқа орналасуына және жастардың бизнес-бастамаларын қолдауға жәрдем ласамын. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен кәсіптік бағдар беру кездесулерін тұрақты ұйымдастырып, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты № 9 сайлау округі тұрғындары үшін түсінікті әрі қолжетімді етемін.

3. БАЛАЛАРҒА ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ

Бұқаралық спортты дамытуды, қолданыстағы нысандарды жөндеуді және Айдар би, Л. Асанова, Керімбек, Шевченко, Ы. Алтынсарин, Әл-Фараби, Орақты батыр, Панфилов, Батыс көшелерінің аулаларына көше тренажерларын орнатуды жүзеге асырамын. Балалар мен жасөспірімдер секцияларын, жергілікті жаттықтырушыларды, жарыстар өткізуді және салауатты өмір салтын насихаттауды қолдаймын.

4. СПОРТШЫЛАР МЕН ПАРАСПОРТТЫ ҚОЛДАУ

Текелі қаласының атынан барлық деңгейдегі жарыстарға қатысатын кемінде 150 спортшыға қалалық қолдауды күшейтемін. Параспортты белсенді дамытып, мүгедектігі бар спортшылардың спорттық жабдықтарға, бейімделген инфрақұрылымға және спорт секцияларына қолжетімділігін қамтамасыз етемін.

5. КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ЖӘНЕ ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР

Жаяу жүргіншілер бағыттары мен әлеуметтік нысандар маңындағы кедергілерді жоюға: ыңғайлы еңістер, пандустар және қауіпсіз кіреберістер орнатуға қол жеткіземін. Қалалық жөндеу жұмыстары кезінде жүріп-тұруы қиын азаматтардың, қарт адамдардың және бала арбасымен жүретін ата-аналардың қажеттіліктерін ескеруді қамтамасыз етемін.

6. МҮГЕДЕКТІГІ БАР ТҰРҒЫНДАР МЕН ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫЛАРЫН ҚОЛДАУ

Әлеуметтік қызметтерді, оңалтуды және жұмысқа орналасуды жедел алуға жәрдем көрсетемін. Жеке өтініштерді шешуге көмектесіп, әр адамның қоғамдық өмірге белсенді араласуына бағытталған жобаларды қолдаймын.

7. АУЛАЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕРДІ АБАТТАНДЫРУ

Текелі қаласының Достық шағынауданындағы аулалар мен демалыс аймақтарын кезең-кезеңімен жаңартамын: балалар алаңдарын, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін жөндеуді, Айдар би, Л. Асанова, Керімбек, Шевченко, Ы. Алтынсарин, Әл-Фараби, Орақты батыр, Панфилов, Батыс көшелерін көгалдандыруды бақылауда ұстаймын. Абаттандыру жұмыстарын тұрғындардың өз ұсыныстары негізінде жоспарлаймын.

8. АШЫҚ ДИАЛОГ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІ БАҚЫЛАУ

№ 9 сайлау округінің тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, өзекті мәселелердің бюджет бен қалалық жоспарларға енгізілуіне қол жеткіземін. Бос уәде бермей, қабылданған шешімдердің орындалуын жүйелі түрде бақылаймын және тұрғындар алдында ашық есеп беремін.

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Сеніміңіз – нәтижеге деген жауапкершілік!

Әрбір шешім – туған өлкеміздің игілігі үшін!

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

 Қаламыздың басты байлығы – оның тұрғындары, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жерге деген сүйіспеншілігі.

Әрбір елді мекен назар аударуға лайық, ал әрбір отбасы лайықты өмір сүру жағдайына ие болуы керек. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары мен жастарға арналған мүмкіндіктер уәде болып қана қалмай, шындыққа айналуы тиіс.

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен, оларды кезең-кезеңімен шешуге, сіздердің мүдделеріңізді қорғауға және депутаттық өкілеттіктерім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әрбір қабылданған міндеттеменің нақты іспен бекітілуі маңызды.

Бірге ауданымызды өмір сүргің, еңбек еткің және бала өсіргің келетін мекенге айналдыра аламыз!

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әрбір тұрғынға әділ көзқарас. Сөзім мен ісіме жауапкершілікпен қарау. Ашықтық, құрмет және халықты толғандыратын мәселелердің шешілуіне қол жеткізуге дайын болу. Мен өтініштерге, ұсыныстар мен ескертулерге ашықпын.

 

 Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

Тапсырыс беруші: Буймов Захар Дмитриевич
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.