САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Дүйсебаев Руслан Ертайұлы
№8 бірмандатты округі бойынша
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Дүйсебаев Руслан Ертайұлы Жетісу облысы Ескелді ауданының Жетісу ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Текелі қаласында тұрамын. Жоғары заңгерлік білімім бар – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды заңгерлік саладан бастадым. Әр жылдары заңгер, бас маман, сот орындаушысы болып жұмыс істедім, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларында жеке кәсіпкерлікпен айналыстым. «Жетісу Ақпарат» медиахолдингі» АҚ экономисі, Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округінің әкімі, Текелі қаласы әкімінің орынбасары және «РЦКУ-Талдыкорган» ЖШС директоры лауазымдарында басқарушылық және экономикалық тәжірибе жинақтадым. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Дүйсебаев» шаруа қожалығының басшысымын.
Мемлекеттік органдардағы, заңгерлік саладағы, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығындағы елеулі жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, ұйымдастырушылық қабілетім мен басқарудың практикалық тәжірибесін тұрғындардың игілігі үшін жұмсауға ниеттімін.
Мақсатым – нақты жұмыс, тұрғындармен ашық диалог және туған өлкеміздің игілігі жолындағы шынайы нәтижелер.
Құрметпен, Руслан Дүйсебаев
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОЛДАР
Тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін Қаратал көшесіндегі (2 км) автомобиль жолына сапалы жөндеу жүргізілуіне қол жеткіземін.
2. КОММУНАЛДЫҚ ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ
«Достық» шағынауданындағы ауызсу желілерін реконструкциялау (88 км) жұмыстарының сапалы әрі уақтылы орындалуын жеке бақылауда ұстаймын. № 8 сайлау округінің тұрғын аудандары мен жеке секторында су, электр және жылумен жабдықтау желілерін модернизациялауға, олардың тұрақты жұмысына, сондай-ақ көшелерді жарықтандыруды кеңейтуге қол жеткіземін.
«Жайлы қала – бақытты тұрғындар!»
3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ
Шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлік пен шағын бизнесті дамытуға ықпал етемін. Текелі қаласы мен Рудничный ауылдық округі бойынша кемінде 30 бизнес пен шаруашылық субъектісіне мемлекеттік субсидиялар, жеңілдетілген кредиттер мен қолдау шараларын алуда шынайы көмек көрсетемін.
4. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНДАРЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Сауда, құрылыс және агроөнеркәсіп кешені салаларында жаңа жұмыс орындарын құру үшін ресурстар тартамын, № 8 сайлау округінің еңбекке қабілетті халқын оқытуға және бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізуге ықпал етемін. 100-ге жуық адамды жұмысқа орналастыруды және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуды қамтамасыз етемін.
5. АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ
Қоқыстың уақтылы шығарылуын, аула аумақтарының тазалығын бақылауда ұстаймын, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияларды қолдаймын және № 8 сайлау округінің Береговая, Қаратал, Пушкин, Күншығыс, Достық, Кеншілер, Жиделі, Көктем көшелеріндегі қоғамдық аймақтарды көгалдандыруға ықпал етемін.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, тар бейінді мамандардың қолжетімділігіне және «Достық» шағынауданындағы амбулаторияға білікті кадрларды тартуға қол жеткіземін.
7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ
№ 6 орта мектеп пен «Kindar Land» жеке балабақшасының базасын нығайтуға, өсіп келе жатқан ұрпақ үшін қауіпсіз әрі жайлы білім алу жағдайларын жасауға ықпал етемін.
8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КЕДЕРГІСІЗ ОРТА
№ 8 сайлау округінің әлеуметтік маңызы бар нысандарының жанында кедергісіз орта құруға (пандустар мен ыңғайлы өткелдерді орнатуға) қол жеткізе отырып, зейнеткерлердің, көпбалалы отбасылардың және мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін қорғаймын.
9. БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АШЫҚ ДИАЛОГ
Береговая, Қаратал, Пушкин, Күншығыс, Достық, Кеншілер, Жиделі және Көктем көшелерінде мобильді байланыс пен интернет сапасын арттыруға қол жеткіземін. № 8 сайлау округі тұрғындарымен жүйелі түрде жеке кездесулер өткізіп, азаматтардың барлық өтініштерінің орындалуын тұрақты бақылауда ұстаймын.
Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!
Сеніміңіз – нәтижеге деген жауапкершілік!
Әрбір шешім – туған өлкеміздің игілігі үшін!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Мен, Дүйсебаев Руслан Ертайұлы, Ескелді ауданының Жетісу ауылында дүниеге келдім, қазіргі уақытта Текелі қаласында тұрамын. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіргенмін, жоғары заңгерлік білімім бар.
Менің кәсіби жолым мемлекеттік қызметті (соның ішінде ауылдық округ әкімі және Текелі қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарын), заңгерлік тәжірибені, кәсіпорындарға басшылық етуді және ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысты қамтиды. Бұл жан-жақты тәжірибе маған жоғары жауапкершілікті, құқықтық дәлдікті, басқарушылық тәртіпті және азаматтардың өтініштеріне мұқият қарауды үйретті.
Басты міндет – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуіне қол жеткізу және атқарылған жұмыс туралы ашық есеп беру деп есептеймін. Егер маған сенім білдірсеңіздер, өз күш-жігерім мен білімімді туған өлкемізді дамытудың нақты мәселелерін шешуге бағыттаймын.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ!
Әділдік. Заңдылық. Жауапкершілік. Ашықтық.
Тұрғындарды тыңдауға, мемлекеттік органдар алдында маңызды мәселелерді көтеруге, міндеттердің Текелі қаласын дамыту жоспарларына енгізілуіне қол жеткізуге және олардың орындалуын бақылауға дайынмын.
Мен бәрін бірден шешемін деп уәде бермеймін, бірақ әрбір міндет үстінде жүйелі түрде жұмыс істеуге және халықты нәтижелер туралы ашық хабардар етуге дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Дүйсебаев Руслан Ертайұлы
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді







