САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №5 бірмандатты округі бойынша кандидат Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы.
Құрметтi сайлаушылар!
Мен, Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы 1971 жылы 16 ақпанда Талдықорған облысы Текелі қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. Текелі қаласының № 5 орта мектебін бітірдім. Жоғары педагогикалық білімім бар. Еңбек жолын 1991 жылы Текелі жолаушылар автокөлік кәсіпорнының автобус жүргізушісі болып бастадым.
№ 5 орта мектебінің қарапайым мұғалімінен бастап, № 7 орта мектебінің директоры, «Текели кондитер» ЖШС директоры, әкімдік бөлімінің басшысы, Текелі қаласы әкімінің орынбасары қызметтеріне дейінгі еңбек жолынан өттім. Үйленгенмін, төрт бала мен екі немере тәрбиелеп отырмын. Үйірмелік жер учаскем бар. Бағбандықпен айналысқанды ұнатамын, жеміс ағаштары мен гүлдер өсіремін, халықтық және ұлттық дәстүрлерді зерттеймін. Өлкеміздің әсемдігі мен қаламыздың табиғаты мені ерекше баурап алады. Текеліміздің таза, ұқыпты, жасыл және көрікті болғанын қалар едім. Біздің халқымыз осындай әдемі қалада өмір сүруге лайықты. Ол үшін бар күш-жігерім мен мүмкіндігімді саламын!
«Әділет» партиясынан Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат болып ұсынылдым. Сайлауға қалалық мәслихатта «Әділет» партиясынан депутаттардың тиімді блогын құру және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, сайлауалды бағдарламамды іске асыру үшін қатысып отырмын.
Құрметпен, Бауыржан Тұғылбаев
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛДАРЫ (ТРОТУАРЛАР) ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Балалар мен ересектердің қауіпсіз жүріп-тұруы үшін Тәуелсіздік көшесінде (қалалық аурухана мен № 5 орта мектеп аралығындағы учаскеде) жаңа жаяу жүргіншілер жолын салуға, сондай-ақ Қазақстан көшесінің бойында (№ 23 үйден Шоқан Уәлиханов көшесіне дейін) тротуарды абаттандыруға қол жеткіземін.
Қуатты өңірлер – қуатты ел!
2. АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ АУМАҚТАҒЫ ТӘРТІП
Тұрғындарға жайлылық сыйлау, аула аумағының тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Тәуелсіздік көшесіндегі (№ 14 және № 16 үйлердің арасындағы) көп тонналық контейнерлерді бөлшектеу мен алып кету мәселесін шешемін.
3. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУ
Қала тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайларын жасау мақсатында Тәуелсіздік көшесіндегі № 14, № 16 және № 18 көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері (фасадтары) мен шатырларына сапалы жөндеу жүргізілуіне қол жеткіземін.
4. ҚАУІПСІЗ ҚАЛА ЖӘНЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ
Тұрғындарды қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін Тәуелсіздік, Әуезов және Қазақстан көшелеріндегі барлық аулаларда Жедел басқару орталығына (ЖБО) міндетті түрде қосылатын заманауи бейнебақылау жүйелерін орнатуға қол жеткіземін.
5. САПАЛЫ ЖОЛДАР ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Тәуелсіздік, Қазақстан және Әуезов көшелеріндегі автомобили жолдарын кезең-кезеңімен күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге қол жеткіземін. Қажетті жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнатуды қамтамасыз етемін.
6. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР
Халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін қалада жаңа тұрғын үйлер салуға және инженерлік желілерді (жылу, электр және сумен жабдықтау) модернизациялауға ықпал етемін.
7. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨШЕЛЕРДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ
Қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) уақтылы шығарылуын, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюды және экологиялық бастамалар аясында тазалықтың сақталуын бақылауда ұстаймын.
8. ӘЛЕУМЕТТІК ОПСЫЗ ТЕПТЕРДІ ҚОЛДАУ
№ 5 сайлау округінде көпбалалы отбасылардың, зейнеткерлердің және мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін қорғай отырып, оларға үнемі көңіл бөліп, нүктелік (мекенжайлық) көмек көрсетемін.
9. СПОРТ, ЖАСТАР ЖӘНЕ СAЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
№ 5 сайлау округінің өсіп келе жатқан ұрпағы үшін балалар спорт алаңдарын, секцияларды дамытуға және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға ықпал етемін.
10. АШЫҚ ДИАЛОГ ЖӘНЕ ДЕПУТАТТЫҚ БАҚЫЛАУ
Тәуелсіздік, М. Әуезов, Қазақстан көшелерінің және басқа да аудандардың тұрғындарымен жүйелі түрде кездесулер өткізіп, сайлаушылардың аманаттарының орындалуын жеке бақылауда ұстаймын және атқарылған жұмыс туралы ашық есеп беремін.
Сіздің пікіріңіз – мен үшін маңызды!
Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!
Әрбір шешім – туған өлкеміздің игілігі үшін!
ҚЫМБАТTЫ ЖЕРЛЕСTЕР!
Меніңше, біздің қаламыз – Қазақстандағы ең көрікті қалалардың бірі, ал бұл шаһардың ең басты байлығы – біздің ғажайып тұрғындарымыз! Көркем, еңбекқор әрі жауапкершілігі жоғары жандар! Тұрғындарымызды өзгелерден ерекшелейтін басты қасиет – олардың туған қаласы мен өлкесіне деген шексіз сүйіспеншілігі!
Қаламыздың әрбір отбасы ең үздік өмір сүру жағдайларына лайықты. Сапалы жолдар салу, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру, жастардың дамуы мен өсуіне мүмкіндіктер жасау біздің жұмысымызда әрдайым бірінші орында тұруы тиіс.
Мен депутаттық өкілеттіктер аясында мәселелердің дәйекті түрде шешілуіне қол жеткізуге, сіздердің мүдделеріңізді қорғауға және нақты нәтижелер көрсетуге дайынмын. Өзім қабылдаған әрбір міндеттеменің нақты істермен дәлелденуі мен үшін өте маңызды.
Біз бірлесе отырып, қаламызды өзіміз бен балаларымыз өмір сүргісі келетін, еңбек етіп, болашағын сенімді түрде құратын жайлы мекенге айналдыра аламыз!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ!
Қаламыздың әрбір тұрғынына көңіл бөлу және жауапкершілікпен қарау. Ашықтық, құрмет және халықты толғандыратын мәселелердің шешілуіне қол жеткізуге дайын болу. Мен өтініштер, ұсыныстар мен ескертпелер үшін әрдайым ашықпын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді







