Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абитаев Руслан Игыбайұлы

23 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абитаев Руслан Игыбайұлы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына № 3 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Абитаев Руслан Игыбайұлы.

 

 Құрметті сайлаушылар!

Менің еңбек жолым ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларымен байланысты. Жинақтаған тәжірибемді ауыл шаруашылығын дамытуға, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және туған өлкемнің өркендеуіне үлес қосуға арнағым келеді.

Мен, Абитаев Руслан Иғыбайұлы 1999 жылғы 19 қарашада Алматы облысы, Көксу ауданының Бесқайнар ауылында дүниеге келдім. 2006-2009 жылдары Көксу политехникалық колледжінде білім алдым. 2009-2012 жылдары 18404 әскери бөлімінде келісімшарт негізінде әскери қызмет атқардым. 2013 жылдан бері «Ринат» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келемін.

Мен үшін басты мақсат – ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибемді ел игілігіне жұмсап, жергілікті тұрғындардың мәселелерін шешуге, ауылдың дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосуды басты мақсатым деп санаймын.

                                               Құрметпен, Руслан Абитаев Игыбайұлы

 

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Балпық би ауылының жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2027-2029 жылдары Новая және А. Байтұрсынов көшелерін орташа жөндеу жоспарына енгізуге ықпал етіп, ауылішілік жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға атсалысамын.

2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

№3 сайлау учаскесінің аумағындағы Әйтеке би, Қазыбек би, Әуезов және басқа да көшелердің жарықтандыру жүйесін жаңартуға, тұрғындардың сұранысына сәйкес коммуналдық инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етемін.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары мен «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несиелердің қолжетімділігін арттыруға, ауыл кәсіпкерлерінің сауда, қызмет көрсету және өндіріс салаларындағы жобаларын 2 есе арттыруға ықпал етемін.

Қуатты өңірлер – қуатты ел!

 4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Мал бордақылау алаңдары мен сүт-тауар фермаларын дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобаларының санын 3-тен 7-ге дейін арттыруға және қант қызылшасының өнімділігін көтеруге ықпал етемін.

5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Балпық би ауылында шағын бизнесті дамытуға, жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіби даярлауға ықпал етемін. «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жоспарланған жұмыс орындарына жергілікті жастардың орналасуына қолдау көрсетемін.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Қарт адамдарға аптасына кемінде 1 рет медициналық қызмет көрсетілуіне, үй жағдайында көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.

7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

2027 жылы М. Құрманов атындағы орта мектепті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге, білім сапасын арттыруға, оқушылардың ғылыми-техникалық қабілеттерін дамытуға және сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге атсалысамын.

8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Көпбалалы отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға жылына кемінде 2 рет әлеуметтік және материалдық көмек көрсетілуіне, олардың қажетті қолдаумен қамтылуына ықпал етемін.

9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

2027 жылы Тазабұлақ ықшам ауданы тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетпен және тұрақты ұялы байланыспен қамтамасыз ету, байланыс сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселесін депутаттық сауалда көтеремін.

10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

 Аудан орталығындағы М. Сегірбаев атындағы саябақта жастар мен волонтерлердің қатысуымен айына кемінде 1 рет «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын ұйымдастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етемін.

 

 

                                                             Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!

Бала болашағы – басты басымдық!

Әр шешім – ауылдың игілігі үшін!

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

 Балпық би ауылдық округінің дамуы мен өркендеуі – тұрғындардың ауызбіршілігіне, белсенділігіне және туған жерге деген қамқорлығына байланысты. Ауылдың көркеюі, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және болашақ ұрпаққа қолайлы жағдай жасау – ортақ мақсатымыз.

Басты міндетім – ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру және инфрақұрылымды жақсартуға ықпал ету. Атап айтқанда, ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, білім беру мен медициналық қызмет сапасын көтеру, кәсіпкерлікті қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу бағыттарына басымдық беремін.

Балпық би ауылдық округінің гүлденуі, тұрғындардың әл-ауқатының артуы және келер ұрпаққа жарқын болашақ қалыптастыру жолында бар күш-жігерімізді жұмсайық!

 

                                        Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Халықпен бірлік және ортақ жауапкершілік. Тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуды, өзекті мәселелердің ашық әрі әділ қаралуын маңызды деп санаймын.

Әрбір азаматтың пікіріне құрметпен қарап, ұсыныстарын қолдауға, көтерілген мәселелердің шешілуіне атсалысуға және туған өлкемнің дамуы жолында халықпен бірге еңбек етуге дайынмын.

 

Тапсырыс беруші: Абитаев Руслан Игыбайұлы
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.