САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына № 1 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Түстікбаева Айгерім Айдарқызы.
Құрметті сайлаушылар!
Менің еңбек жолым мәдениет, білім беру және қоғамдық-саяси қызмет салаларын қамтиды. Жинақтаған тәжірибемді мәдениетті дамытуға, халыққа сапалы қызмет көрсетуге және қоғам мүддесіне үлес қосуға арнап келемін.
Мен, Түстікбаева Айгерім Айдарқызы 1989 жылы 20 шілдеде Көксу ауданының Айнабұлақ ауылында дүниеге келдім. Жоғары білімдімін. Ө. А. Жолдасбеков атындағы академияда «Құқықтану», Челябинск мемлекеттік мәдениет және өнер академиясында «Кітапханашы» мамандықтары бойынша білім алдым. Еңбек жолымды 2007 жылы жастар ісінің нұсқаушысы болып бастап, білім және мәдениет салаларында түрлі қызметтер атқардым. 2022 жылдан бері «Көксу аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келемін. 2024–2026 жылдары Көксу аудандық мәслихатының депутаты болдым. Жалпы еңбек өтілім – 19 жыл, оның 15 жылы мәдениет саласына тиесілі. Еңбегім еленіп, 2021 жылы «Қазақстан Республикасының құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталдым. 2026 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан және «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Арқабайұлы Дәдебайдан алғыс хаттар алдым.
Мен үшін басты мақсат – жинақтаған білімім мен тәжірибемді ел игілігіне жұмсап, мәдениет саласының дамуына үлес қосу, тұрғындардың мүддесін қорғау және қоғамның өзекті мәселелерінің шешілуіне ықпал ету. Халықпен тығыз байланыс орнатып, әрбір азаматтың пікірі мен ұсынысын ескеру арқылы туған өлкеміздің өркендеуіне қызмет етуді өзімнің басты міндетім деп санаймын.
Құрметпен, Айгерім Түстікбаева
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК
Алғабас ауылдық округінде 2027 жылы Әубәкір Бостан және Ақболат көшелерін, 2028–2029 жылдары Көмекбай көшесі мен ауылішілік бұрылыс көшелерін орташа жөндеу жұмыстарының уақтылы әрі сапалы орындалуына ықпал етемін.
2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
2027-2028 жылдары Біже өзенінде жаңа су қоймасын салу бойынша депутаттық сауал жолдап, 2029 жылы Айнабұлақ ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілуіне ықпал етемін.
3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Алғабас, Айнабұлақ және Мұқыры ауылдық округтерінде шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары мен «Ауыл аманаты» жобасы аясында шамамен 9 жеңілдетілген микрокредиттің қолжетімді болуына, ауыл кәсіпкерлерінің сауда, қызмет көрсету және өндіріс салаларындағы жобаларын дамытуға ықпал етемін.
Келісім мен ашықтық – ауыл тірегі!
4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Алғабас ауылындағы Батыржан көшесінде орналасқан саябақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына, сондай-ақ көктем мезгілінде арықтардың уақтылы тазартылуына ықпал етемін.
5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
Алғабас, Айнабұлақ және Мұқыры ауылдық округтеріндегі кооператив тұрғындары өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін аудандық жәрмеңкелерде өткізуге мүмкіндік жасауға және өнімдерін сатуды ұйымдастыруға қолдау көрсетуге ықпал ету.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауыл тұрғындарын профилактикалық медициналық тексерулермен және тар бейінді мамандардың кеңестерімен тұрақты қамту мақсатында көшпелі медициналық бригаданың әр ауылдық округке жылына кемінде 2 рет келуін қамтамасыз ету жөнінде депутаттық сауал жолдаймын.
7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Алғабас, Қызылтоған, №12 және Р. Тоқымбекұлы атындағы мектептерді физика, химия, биология, робототехника және STEM пәндік кабинеттерімен жабдықтауға, оқу сапасын арттыруға, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі мен асханалардағы тамақ сапасына бақылау жүргізілуіне ықпал етемін.
8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Әйелдер қанатының төрайымы ретінде отбасылық құндылықтарды нығайтуға, аналар мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын қолдауға, әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға және олардың бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған жылына кемінде 2 қоғамдық іс-шара өткізуге ықпал етемін.
9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Ауылдарда цифрлық ақпараттық инфрақұрылымды дамытуға, ұялы байланыс сапасы мен интернет қолжетімділігін арттыруға, заманауи коммуникация жүйелерін енгізуге және тұрақты байланыспен қамтамасыз етуге ықпал етемін.
10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ
Ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге, қоғамдық орындарды күтіп ұстауға және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендердің көркін жақсарту мақсатында тоқсанына кемінде 1 рет тиісті жұмыстардың ұйымдастырылуына ықпал етемін.
Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!
Бала болашағы – басты басымдық!
Әр шешім – ауылдың игілігі үшін!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Алғабас ауылдық округінің болашағы – тұрғындардың бірлігі мен адал еңбегіне байланысты. Басты мақсатымыз – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, халықтың әл-ауқатын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту.
Алдағы уақытта жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік салаларды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау бағытында жұмыстар жүргізу маңызды.
Менің басты міндетім – халықтың сенімін ақтау, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету. Бірлік пен жүйелі жұмыстың арқасында ауылымызды көркейтіп, келешек ұрпаққа жарқын болашақ қалыптастырамыз деп сенемін.
Туған жеріміздің өркендеуі үшін бірлесе еңбек етейік!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Келісім мен ашықтық. Тұрғындар арасындағы өзара түсіністік, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен жауапкершілікті қамтамасыз ету – менің басты ұстанымдарым.
Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізге әрдайым ашықпын. Әр тұрғынды тыңдауға, көтерілген мәселелерді зерделеуге және олардың шешілуіне ықпал етуге дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Түстүқбаева Айгерім Айдарқызы
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.







