Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Разбеков Марат Мелісұлы

23 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Разбеков Марат Мелісұлы
WhatsAppTelegramFacebook

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына №11 бірмандаттық сайлау учаскесі бойынша кандидат Разбеков Марат Мелісұлы.

«Ауыл – ұлтымыздың алтын бесігі. Ауылды дамыту – баршамызға ортақ міндет»

 Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

                        Құрметті сайлаушылар!

Мен, Разбеков Марат Мелісұлы Сарқан ауданында туып-өстім. Ауданның өзіндік ерекшеліктерін, өзекті мәселелері мен тұрғындардың қажеттіліктерін жақсы білемін. Мамандығым бойынша инженер, экономист. Еңбек жолым ұйымдастырушылық мәселелерді шешу, жергілікті инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу бағыттарымен байланысты. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысу барысында тиімді жұмыстың жүйелілікке, бақылауға және халық алдындағы ашықтыққа негізделетінін түсіндім. Менің ойымша, ауданның әл-ауқаты әрбір отбасының күнделікті өмір сүру жағдайларынан қалыптасады. Бұл – сапалы жолдар, таза ауызсу, қолжетімді медициналық көмек, сапалы білім, тұрақты жұмыспен қамту және жастардың өз болашағына деген сенімі. Дәл осы мәселелер басты басымдықтардың қатарында болуы тиіс. Өз қызметімде «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарын басшылыққа алуды көздеймін. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, еңбек адамдарына қолдау көрсетуге, жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және туған жерімізге ұқыпты қарауға ерекше көңіл бөлінеді. Ауданның тұрақты дамуы экономикалық мүмкіндіктер халыққа қамқорлық жасаумен және ортақ құндылықтарымызды сақтаумен ұштасқан жағдайда ғана мүмкін болады. Мен халық сенімін нақты істермен ақтау қажет екеніне сенімдімін. Мен үшін депутаттық қызметтің басты көрсеткіші – берілген уәделердің саны емес, тұрғындардың күнделікті өмірінде сезілетін нақты оң өзгерістер. Өз білімімді, тәжірибемді және күш-жігерімді дәл осындай нәтижеге қол жеткізуге бағыттауды мақсат етемін.

Құрметпен, Марат Разбеков.

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1 . ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ

Ауылішілік жолдарды асфальттау жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету. Тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауын қамтамасыз ету мақсатында жол инфрақұрылымын жақсартуға күш салу.

2. СУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ауызсумен үздіксіз қамтамасыз ету, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, электр энергиясының тұрақты берілуі мен ауыл көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жақсарту бағытында тиісті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал ету. Сарқан қаласында сыртқы инженерлік желілер мен абаттандыру жұмыстарын қоса алғанда, 5 қабатты, 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй салу жобасының жүзеге асуына ықпал етемін.

3. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ

 «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.

4. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ

Жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты нығайтуға және бос жұмыс орындары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыруға күш салу.

5. САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

Аққайың ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) жағдайын жақсарту мәселесін қарастыруға бастамашылық ету. Тұрғындар үшін алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал ету.

6. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

Жабық спорт стадионын салу мәселесін көтеріп, ауылдың спорттық инфрақұрылымын дамытуға ықпал ету.

М. Тынышбаев атындағы орта мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесінің қарастырылуына ықпал ету.

7. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ

Ұзақ мерзімді күтімді қажет ететін қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету. Инфрақұрылым нысандарын кедергісіз орта талаптарына бейімдеуге, отбасыларды қолдау мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды қолдау.

8. САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

Ауылдағы интернет пен байланыс сапасын жақсарту мәселелерін көтеру. Тұрғындардың цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтіп, мемлекеттік онлайн қызметтерді еркін пайдалануына жағдай жасауға ықпал ету.

9. ТАЗАЛЫҚ ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

2026-2031 жылдар аралығында отырғызылатын көшеттердің жалпы санын кемінде 12,5 мыңға жеткізу көзделген. Осы бағытта көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау және жасыл аймақтарды сақтау жұмыстарына атсалысамын.

Ауыл саябағын абаттандыруға ықпал ету. Қойшыбеков көшесіне көше жарығын орнату мәселесін көтеру.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында көшелерді абаттандыруға және тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық кеңістіктер құруға ықпал ету.

10. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Округ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыс жүргізу.

Сіздің пікіріңіз – мен үшін маңызды!
Сіздің сеніміңіз – нақты нәтижеге деген жауапкершілік!
Әрбір шешім – туған өлкеміздің игілігі үшін
!

 

Тапсырыс беруші: Аязбаев Талғат Тоқтасынұлы
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.