Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тоқтасынова Камила Мұратқызы

Бүгін, 15:28
Мәслихаттар сайлауы
Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тоқтасынова Камила Мұратқызы
WhatsAppTelegramFacebook

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына №11 бірмандаттық сайлау учаскесі бойынша кандидат Тоқтасынова Камила Мұратқызы.

«Ауыл – ұлтымыздың алтын бесігі. Ауылды дамыту – баршамызға ортақ міндет»

 Қазақстан Республикасының Президенті Қ.  Тоқаев 

 Құрметті сайлаушылар!

Мен, Тоқтасынова Камила Мұратқызы 2001 жылы 29 мамырда  Жетісу облысы, Сарқан  ауданы, Қарауылтөбе ауылында туып өстім.  Отбасылық жағдайым тұрмыс құрғанмын  екі балам – бір ұлым, бір қызым бар.  Менің кәсіби жолым педагог психолог. Бұл саладағы жұмыс маған аудан жастарымен ауқымды шараларды өткізуді, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауды, туған жерге қамқорлық жасаудың және әрбір адамның оның дамуына қосатын үлесінің қаншалықты маңызды екенін түсінуді үйретті. Қазіргі таңда Сарқан жастары орталығының психологімін. Кәсіби саламдағы жұмыс мұқияттылықты, жүйелілікті және салмақты шешім қабылдай білуді талап етеді.

Мен ауданның әл-ауқаты  жастар мен тұрғындардың күнделікті өмір сүру жағдайларына байланысты қалыптасады деп сенемін. Сапалы ауызсумен қамтамасыз етілу, жақсы жолдармен жүру, медициналық көмек алу, балаларға сапалы білім беру және үйге жақын жерден жұмыс табу мүмкіндігі – мұның барлығы ауданымыздың  болашағына тікелей әсер етеді.

Депутаттық қызметімде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, жергілікті өндірушілер мен кәсіпкерлерді қолдауға, жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына жағдай жасауға және өлкеміздің табиғи байлықтарын сақтауға бағытталған бастамаларға басымдық беруді көздеймін. Бұл ретте «Әділет» партиясының қағидаттары мен мақсаттарын маңызды бағдар ретінде ұстанамын.

Әрбір ұсыныс нақты іспен жалғасуы керек деп есептеймін. Сондықтан тұрғындар үшін маңызды мәселелердің уақытылы қаралуына, қажетті жобалардың қаржыландырылуына және жауапты мекемелердің өз міндеттерін орындауына қол жеткізу қажет. Сонымен қатар халықпен тұрақты байланыс орнатып, тұрғындардың пікірін ескеріп, атқарылған жұмыстар туралы шынайы ақпарат беру де маңызды.

Құрметпен, Камила Тоқтасынова!

 

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Қала аумағында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының сапасына, белгіленген мерзімде аяқталуына және жол жабынының талаптарға сәйкестігіне тұрақты мониторинг жүргіземін. Қаланың шеткі тұрғын алаптарына қатынайтын автобус бағыттарының қолайлылығын, қозғалыс кестесінің сақталуын және аялдамалардың талапқа сай жабдықталуын бақылауда ұстаймын.

  1. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Электр және жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуына тұрақты мониторинг жүргіземін. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың электр энергиясымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз етілуін, тозығы жеткен инженерлік желілердің кезең-кезеңімен жаңартылуын бақылауда ұстаймын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

Шағын кәсіпорындардың өндірістік және қызмет көрсету нысандарына кіреберіс жолдардың қолайлылығын, электр қуатына және басқа инженерлік желілерге қосылу мәселелерін назарда ұстаймын

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Қала кәсіпорындарының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге, жергілікті өнім өндірушілердің нарыққа шығуына және жаңа технологияларды енгізуіне бағытталған бастамаларды қолдаймын. Өндірістік аймақтардағы көлік қатынасы мен инженерлік инфрақұрылымға қатысты мәселелердің шешілуін бақылауда ұстаймын.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Құрылыс техникасының операторлары, жүргізушілер, механиктер, дәнекерлеушілер және басқа да техникалық мамандарды даярлау бағытындағы бастамаларды қолдаймын. Колледж студенттерінің жергілікті кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтуіне және алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мәселелерін көтеремін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Тұрғындардың емханаларға тіркелу, дәрігер қабылдауына жазылу және қажетті тексерулерден өту кезінде кездесетін мәселелерін зерделеймін. Медициналық мекемелердің жабдықталуына, мамандармен қамтамасыз етілуіне және қызмет көрсету жағдайына қатысты ұсыныстарды жауапты органдардың қарауына енгіземін.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ЖАҒДАЙ

Мектептер мен балабақшалар маңындағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және жаяу жүргіншілер өткелдерін талапқа сай жабдықтауға ерекше назар аударамын. Балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуі үшін аулалардағы спорт және ойын алаңдарының техникалық жағдайына тұрақты мониторинг жүргіземін.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберіс жолдарын, аулаішілік өткелдерін және автотұрақтарын ретке келтіруге қатысты тұрғындардың ұсыныстарын көтеремін. Қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта қалыптастыруға атсалысамын.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Қаланың барлық тұрғын алаптарында, әсіресе шеткі аумақтарда сапалы интернет пен тұрақты ұялы байланысқа қолжетімділікті арттыруға ықпал етемін. Тұрғындарға арналған цифрлық қызметтерді дамыту, жастардың ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы білімін жетілдіру және заманауи цифрлық кеңсенің іске қосылуы жөніндегі жұмыстарды назарда ұстаймын.

  1. ТАЗА ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

Тұрғын үй аулаларында қоқыс жинау орындарының талапқа сай жабдықталуын, қалдықтардың уақтылы шығарылуын және қоғамдық аумақтардың тазалығын қадағалаймын.

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!
Нәтижеге сіздің сеніміңіз жауапты!
Әрбір шешім туған жеріміздің игілігі үшін!

                                              ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Ауданымыздың басты құндылығы – күнделікті адал еңбегімен, жауапкершілігімен және туған жеріне деген сүйіспеншілігімен оның дамуына үлес қосып жүрген адамдар.

Әрбір елді мекен дамып, әрбір отбасының тұрғындары лайықты өмір сүру жағдайларына ие болуы керек. Сапалы жолдар, қолжетімді медициналық көмек пен білім беру, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер – нақты істер арқылы жүзеге асырылуы тиіс маңызды міндеттер.

Көптеген мәселелерді шешу уақыт пен бірлескен күш-жігерді қажет ететінін түсінемін. Соған қарамастан, мен бар мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге, тұрғындардың мүдделерін қорғауға және депутаттық өкілеттігім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге дайынмын. Халықтың сенімі сөзбен емес, нақты іспен ақталуы керек деп есептеймін.

Тек күш-жігерімізді біріктіре отырып, өмір сүруге, болашаққа сеніммен қадам басуға, еңбек етуге және бала тәрбиелеуге қолайлы аудан құра аламыз!

МЕНІҢ ҚАҒИДАТТАРЫМ

Барлық тұрғындар мен елді мекендерге тең әрі әділ көзқарас таныту. Еңбек адамдарына құрмет көрсету, сөзде адал болу және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алу. Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мүддесін дәйекті түрде қорғауға дайын болу.

Мен сіздермен әрдайым байланыс орнатуға дайынмын, сіздердің идеяларыңызға, өтініштеріңіз бен ұсыныстарыңызға ашықпын. Мен үшін әрбір адамның пікірін тыңдау, бар мәселелерге мұқият назар аудару және тиімді шешімдер табу үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсау маңызды.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

Тапсырыс беруші: Тоқтасынова Камила Мұратқызы
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Бүгін, 16:30
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Бүгін, 16:19
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Бүгін, 16:11
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Бүгін, 15:59
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Қанлыбаев Айдос Маратұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Қанлыбаев Айдос Маратұлы

Бүгін, 15:49

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.