Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Қанлыбаев Айдос Маратұлы

23 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Қанлыбаев Айдос Маратұлы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына № 9 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Қанлыбаев Айдос Маратұлы.

 

Құрметті сайлаушылар!

 

Еңбек жолым спорт пен кәсіпкерлік салаларын қамтиды. Тәжірибемді жастарды спортқа баулуға және туған өлкемнің дамуына бағыттаймын.

Мен, Қанлыбаев Айдос Маратұлы 1989 жылғы 16 ақпанда Көксу ауданының Амангелді ауылында дүниеге келдім. Жоғары білімдімін. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және спорт», Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алдым. Бес баланың әкесімін.

Самбо күресінен халықаралық дәрежедегі, дзюдо және қазақ күресінен спорт шеберімін. Қазақстанның 18 дүркін чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы, әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері атандым. 2013 жылы «Көксу ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болдым.

2016-2021 жылдары дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2021–2024 жылдары самбо жаттықтырушысы болып қызмет атқардым. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлікпен айналысамын.

Мен үшін басты мақсат – жинақтаған тәжірибемді ел игілігіне жұмсап, спортты дамытуға, жастар тәрбиесіне және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға үлес қосу.

 

Құрметпен, Айдос Қанлыбаев

 

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1.ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Еңбекші ауылдық округіне қарасты елді мекендердің ішкі жолдарын орташа жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақтылы жүргізілуіне атсалысамын. Атап айтқанда, Бесқайнар ауылының Қайнар көшесіндегі жол учаскесін жөндеуге, жол белгілерін орнатуға және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етемін.

2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

2027-2028 жылдары З.Тамшыбай ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 13 шақырым ауыз сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртудан өткізуге, Еңбекші ауылдық округіндегі Кеңарал, З.Тамшыбай, Қаратал және Бесқайнар ауылдарының көше жарық шамдарын орнатуға және көше бойындағы арық жүйелерін ретке келтіруге ықпал етемін.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Еңбекші ауылдық округінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға, микрокредиттеу және лизинг бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы тұрғындардың кәсіп бастауына және жұмыс орындарын ашуына ықпал етемін.

 

Қуатты өңірлер – қуатты ел!

 4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Еңбекші ауылдық округінде мал қорымына жер учаскесін бөлуге, Беккари шұңқырын сатып алуға және мал иелерінің ветеринариялық қызметке қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. Сонымен қатар, мал бордақылау алаңдары мен сүт-тауар фермаларын дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобаларын 2-тен 6-ге дейін арттыруға, қант қызылшасының өнімділігін көтеруге және шаруа қожалықтарын қолдауға атсалысамын.

5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Балпық би ауылында шағын бизнесті дамытуға, жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіби даярлауға ықпал етемін. 2027 жыл бағдарламалары аясында  «Жастар практикасы», әлеуметтік жұмыс орындары және қысқа мерзімді оқыту арқылы жастардың тұрақты жұмысқа орналасуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына атсалысамын.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Қаратал және Бесқайнар ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттерді қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге, білікті мамандарды тартуға және кадр тапшылығын азайтуға ықпал етемін. Қарт адамдарға аптасына кемінде 1 рет медициналық қызмет көрсетілуіне және үй жағдайындағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға атсалысамын.

7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Зылиха Тамшыбаев атындағы орта мектепті заманауи құрал-жабдықтармен және жаңа технологиялық кабинеттермен жабдықтауға, оқушылардың білім сапасы мен ғылыми-техникалық қабілеттерін дамытуға ықпал етемін..

8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Көпбалалы отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға жылына кемінде 2 рет әлеуметтік және материалдық көмек көрсетілуіне, олардың қажетті қолдаумен қамтылуына ықпал етемін

9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

2027 жылы Кеңарал, Зылиха Тамшыбай, Қаратал және Бесқайнар ауылдарында ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту, мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселелерін депутаттық сауал арқылы көтеремін.

10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

Ауылдарды абаттандыру мен көгалдандыруға, «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, тұрғындарды тартуға ықпал етемін. Сонымен қатар, 2030 жылы Бесқайнар ауылындағы 100 орындық мәдениет үйін күрделі жөндеуге атсалысамын.

 

Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!

Бала болашағы – басты басымдық!

Әр шешім – ауылдың игілігі үшін! 

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

 

Енбеші  ауылдық округінің өсіп-өркендеуі – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Ауылдың болашағы тұрғындардың ынтымағы мен белсенділігіне, туған жерге деген жанашырлығына тікелей байланысты. Негізгі мақсатымыз – ауылдың дамуына жағдай жасап, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және келешек ұрпақ үшін қолайлы орта қалыптастыру.

Мен өз жұмысымда ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге және инфрақұрылымды жақсартуға басымдық беремін. Атап айтқанда, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, білім беру мен медицина сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу бағытында жұмыс жүргізуге күш саламын.

Балпық би ауылдық округінің дамуы мен көркеюі, тұрғындардың тұрмыс жағдайының жақсаруы жолында бірлесе еңбек етейік!

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Бірлік, ашықтық және ортақ жауапкершілік. Ауылдың дамуы тұрғындардың өзара ынтымағы мен сеніміне, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді байланысқа негізделуі қажет. Тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, өзекті мәселелердің әділ әрі ашық қаралуын маңызды деп санаймын.

Әрбір тұрғынның пікіріне құлақ асып, ұсыныстары мен өтініштерін назарға алуға, көтерілген мәселелердің шешілуіне атсалысуға және ауылдың игілігі үшін халықпен бірге жұмыс істеуге дайынмын.

 

                                      Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер! 

 

Тапсырыс беруші: Қанлыбаев Айдос Маратұлы
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.