Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00
КҮНДЕРЕК
…Туғанды биде иман жоқ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың қазығынан қия кетпеген: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз бар. Осы бірауыз сөзге әділдіктің айбыны мен адамдықтың өлшемін сыйғызған бабалар тағылымы бүгін де мәнін жойған жоқ. Қай заманда да елдің еңсесін көтеретін де, жұрттың сенімін селкеулететін де билік басындағы азаматтың ісі мен ниеті.

«Қазақстаным» деп көсіліп сөйлеу, елдік мұратты мінберден мінәжәт ету көптің қолынан келер. Ал сол сөздің салмағын адал еңбекпен ақтау, халықтың аманатына қиянат жасамау әркімнің қолынан келе бермейді. Елге қызмет ету дегеніміз – атақ пен абыройдың буына масаттану емес, әділдікті ту етіп, жауапкершілікті жете сезіну.
Ақтамберді жырау:
Сары аязда қата ма
Қайнардың аққан тұнығы?
Қап түбінде жата ма
Болаттың асыл сынығы?
Халқың тозып, кем болмас,
Әділ болса ұлығы, –
деп ел билеген азаматтың әділдігіне айрықша мән берген. Расында ел тізгінін ұстаған жанның туралықтан таймауы, қара қылды қақ жарған қазыдай әділ болуы қай кезеңде де басты талап.

Осы тұста қоғамның дамуына тұсау болып, ел сеніміне селкеу түсіретін сыбайлас жемқорлық мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Оның тамыры тереңге жайылса, мемлекеттік басқарудың берекесі кетіп, әлеуметтік әділеттілікке нұқсан келеді. Бюджет қаржысының бейберекет жұмсалуы, қызметтік өкілеттікті жекебастың пайдасына жарату, таныстықпен жол ашу секілді әрекеттердің зардабын тұтас жұрт тартады.

Жемқорлықтың жымысқы сипаты сол, ол кейде көзге қораш көрінбейтін ұсақ әрекеттен басталады. Бір шаруаны таныс арқылы тындыру, кезектен тыс қызмет алу үшін сыйақы ұсыну, заңды рәсімді жеделдетуге ақша беру қалыпты көрініске айналып барады. Алайда мұның әрқайсысы әділдікке түскен сызат, заңға жасалған қиянат. Бір азаматтың заңсыз жолмен шаруасын бітіруі екінші біреудің құқығын таптауға әкеледі.

Жемқорлықпен күрес парақорды жазалаумен шектелмеуі керек. Оның алдын алу, заңсыздыққа жол ашатын олқылықтарды жою, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету де айрықша маңызға ие. Қызмет көрсету тәртібін цифрландыру, шешім қабылдау барысын жария ету, ішкі бақылауды күшейту осындай қатерлердің бетін қайтаруға сеп болады.

Тағы бір өзекті мәселе, қызметтік міндет пен жеке мүдденің аражігін ажырату. Мәселен, лауазымды тұлғаның туысына немесе танысына қатысты шешім қабылдауы мүдделер қақтығысына ұрындыруы мүмкін. Мұндайда ағайындықты алға тартпай, заң талабын басшылыққа алу қажет. Қызметтік орын жекебастың шаруасын күйттейтін тұғыр емес, халық сеніп тапсырған аманат.

Қолданыстағы заңнамада парақорлықтың әрбір көрінісіне жауаптылық белгіленген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабында пара алу, 367-бабында пара беру, 368-бабында парақорлыққа делдал болу мәселелері қамтылған. Демек, заң алдында пара алушы да, пара беруші де жауап береді. «Басқа жолы болмады», «жұрттың бәрі солай істейді» деген желеудің құқықтық негізі жоқ. Заңсыздыққа көз жұма қарау оның өрісін кеңейте түседі.

Адалдықтың арқауы отбасынан басталып, мектепте бекиді, қоғамда жалғасады. Балаға біреудің ала жібін аттамауды, өзгенің ақысын жемеуді, еңбегімен жетістікке жетуді үйрету лазым. Таныстықты тірек, параны пана көретін түсініктен жас ұрпақты аулақ ұстау үлкендердің өнегесіне байланысты. Ұрпақ бойына ұят пен иман, сауап пен обал ұғымдарын сіңіргенде ғана әділетке негізделген орта қалыптасады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, жемқорлыққа қарсы күрес әр адамның өзінен басталады. Туралықтан таймаған төреші, арын саудаға салмаған азамат, аманатқа адал мемлекеттік қызметші барда елдің еңсесі биік болмақ. Бабалар айтқан «Тура биде туған жоқ» деген өсиет те бізді осыған үндейді. Туыстықтан төрелік, таныстықтан әділдік биік тұрған жерде ғана халықтың сенімі нығайып, мемлекеттің мерейі үстем болады.

Айгүл ҚАЙРАМБЕКОВА,
Алакөл аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық
бөлімшесінің бас маманы

Қатысты жаңалықтар

…Туғанды биде иман жоқ

…туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00
Жастар желінің жетегінде

Жастар желінің жетегінде

Бүгін, 13:00
Кітап оқыңыз, құрбым!

Кітап оқыңыз, құрбым!

Бүгін, 12:30
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Дамудың басты бағдары

Бүгін, 12:00
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Ата Заң үстемдігі – әділетті қоғамның негізі

Бүгін, 11:37

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.