Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Тіршілігі түлеген құтты мекен

Бүгін, 10:21
ЖАҢАЛЫҚТАР
Тіршілігі түлеген құтты мекен

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Баспасөзге жазылу науқаны аясында редакция ұжымы ауыл-аймақтарды аралап, оқырмандармен жүздесіп, жұртшылықтың тыныс-тіршілігімен танысуда. Мұндай сапарлардың біз үшін маңызы ерекше. Өйткені ел ішіндегі жаңалықтарды өз көзімізбен көріп, еңбек адамдарымен жүздесудің жөні бөлек. Аудан өмірінен сыр шерткен іссапар кезіндегі әсерлер мен байқағанымызды назарларыңызға ұсынамыз. 

Кезекті сапарымыз Қаратал ауданында жалғасты. Алғашқы аялдамамыз – Үштөбе қаласында салынып жатқан заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Қабанбай батыр көшесінде орналасқан құрылыс алаңына келгенде жұмысшылардың қызу еңбегіне куә болдық. Біз аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Диас Байсалұлынан болашақ спорт орталығының қандай мүмкіндіктер ұсынатынын сұрап білдік. Жалпы аумағы 1,98 гектар жерді алып жатқан екі қабатты нысанның ауданы 3300 шаршы метрді құрайды. Бір мезетте 80 адамға қызмет көрсетуге арналған кешенде баскетбол, волейбол, бадминтон, гандбол және теннис секциялары жұмыс істемек. Сондай-ақ сауықтыру шаралары, оқу-жаттығу сабақтары мен түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар өткізу жоспарланған. Жобалаушы ұйым – «Компания СТРОЙТЕКС» ЖШС болса, құрылыс жұмыстарының техникалық қадағалауын «D&J EMPORIO» ЖШС жүзеге асыруда. Ал құрылыс-монтаж жұмыстарына «ТаразСтрой 2004» ЖШС жауапты.

Биыл басталған құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталып, ел игілігіне берілмек. Құрылыс алаңын аралап жүріп, мұндай нысанның қала тұрғындары үшін қаншалықты қажет екенін аңғардық. Әсіресе спортқа қызығатын балалар мен жасөспірімдерге жаңа мүмкіндіктер ашылмақ. Енді олар бос уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, сүйікті спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысып, қабілеттерін шыңдай алады. Үштөбеде бой көтеріп жатқан спорт кешені – ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын толықтыратын тағы бір маңызды нысан болмақ. Ең бастысы, оның игілігін тек кәсіби спортшылар емес, қаладағы әрбір тұрғын көре алады.

Кәсіпорын қайта жандануда

Келесі аялдамамыз бізді мүлде басқа бағытқа жетеледі. Ол – 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істемей, қаңырап бос тұрған ұн комбинаты. Бір кездері қайнаған еңбек пен өндірістің орталығы болған ғимараттар уақыт өте келе иесіз қалып, тіршілігі тоқтап жатады. Үштөбедегі ұн комбинатының да тағдыры осындай еді. Алайда енді бұл кәсіпорынның болашағына жаңа үміт пайда болды. Өндіріс ошағының қайта жандануға дайындалып жатқанын естігенде, кәсіпорынның қазіргі жағдайын көруге асықтық.

«АгроКомлексҮштөбе» ЖШС қолға алған инвестициялық жобаның жалпы құны 12 миллиард теңгені құрайды. 2026-2028 жылдарға жоспарланған жоба толық жүзеге асқанда мұнда 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл – Үштөбе тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Қазіргі таңда кәсіпорын ғимаратын қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ғимаратты бекіту, электр кабельдерін тарту және өндірісті іске қосуға қажетті дайындық шаралары қолға алынған. Жоба жетекшілерінің мәліметінше, өндіріс бірден емес, бірнеше кезеңмен іске қосылады.

Алғашқы кезеңде жылына 300 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы құрама жем өндірісін іске қосу көзделген. Екінші кезеңде жылдық қуаттылығы 150 мың тонна болатын май-тоңмай өндірісі жолға қойылады. Ал 2028 жылы жылына 150 мың тонна ұн өндіруге мүмкіндік беретін ұн тарту комбинаты толық жұмыс істей бастамақ. Кәсіпорын аумағын аралап, қолға алынған жұмыстармен танысқанымызда, жылдар бойы бос тұрған өндіріс орнының қайта тіршілікке оралуы аудан үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндік.

Бұл жоба тек ескі ғимаратты қалпына келтірумен шектелмейді. Оның артында жаңа жұмыс орындары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жергілікті экономиканы жандандыру секілді ауқымды міндеттер тұр. Үштөбедегі ұн комбинатының қайта түлеуі қала тарихындағы жаңа өндірістік кезеңнің бастауы болмақ.

Ауруханадағы жаңа мүмкіндіктер

Өндіріс орнынан кейінгі сапарымызды аудандық орталық ауруханада жалғастырдық. Аурухана директорының стратегиялық даму және жоспарлау ісі бойынша орынбасары Ілияс Жұманов мекеменің жалпы жұмысымен таныстырып қана қоймай, соңғы жылдары алынған заманауи медициналық жабдықтарды көрсетті. Медицина мамандары олардың қызметін, қандай тексерулер жүргізуге мүмкіндік беретінін және науқастарды диагностикалаудағы маңызын түсіндірді.

Компьютерлік томограф, цифрлық маммограф, флюорограф, көз тонометрі, оториноларингологиялық комбайн, гистероскоп, уретроскоп, наркоз-тыныс алу аппараты және пациент мониторлары секілді күрделі аппараттардың жұмысымен танысу біз үшін де қызықты болды. Әрқайсысы белгілі бір медициналық бағытта қызмет көрсетіп, ауруды ерте анықтауға және емдеу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұрын мұндай тексерулерден өту үшін облыс орталығына барса, енді бірқатар медициналық қызметті ауданның өзінде алуға мүмкіндік туған. Аурухананың материалдық-техникалық базасы соңғы жылдары едәуір нығайған.

Дәрігер маманның айтуынша, орталық ауруханада бүгінде 39 722 тұрғын тіркелген. Оларға бір ауысымда 500 адам қабылдай алатын емхана, 145 төсектік аудандық аурухана, 15 төсектік ауылдық аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 7 фельдшерлік-акушерлік пункт және 13 медициналық пункт қызмет көрсетеді. Мекемені аралауда медицинаның мүмкіндігі тек заманауи аппараттармен шектелмегеніне көз жеткіздік. Сол құрылғыларды меңгерген, науқасқа жанашырлықпен қарайтын білікті мамандардың еңбегі де аса маңызды. Қазіргі таңда ауданның денсаулық сақтау саласында 70 дәрігер мен 316 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді. Дегенмен, анестезиолог-реаниматолог, кардиолог, онколог және педиатр мамандарына қажеттілік әлі де бар. Бұл мәселені шешу үшін жас мамандарды тарту жұмыстары қолға алынған. 2025-2026 жылдары ауданға 15 дәрігер жұмысқа қабылданып, олардың барлығы қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар ауылдық жерге келген дәрігерлерге 10 миллион теңге, қалаға жұмысқа орналасқан мамандарға 5 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған.

Ауруханадағы ерекше қызықтырған тағы бір бағыт – хирургия саласы. Мұнда күрделі оталардың аудандық деңгейде жасала бастағаны туралы да мәлімет алдық.

Заманауи кабинеттер ашылды

Аудан мектептерінің тыныс-тіршілігімен танысуда бізді ең алдымен жаңартылған оқу кабинеттері қызықтырды. Сондықтан білім ордаларын аралап қана қоймай, әр кабинетке кіріп, оқушыларға жасалған жағдайды көзбен көрдік. Алғашқы барған білім ордамыз – А. Пушкин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп. Іргесі 1983 жылы қаланған мектеп бүгінде ауданның білім беру жүйесіндегі маңызды мекемелердің бірі саналады. Мұндағы жұмыстармен мектеп директоры Гүлмира Оспанжанова таныстырды.

Оның айтуынша, 1176 оқушыға арналған ғимаратқа 2020-2021 оқу жылында күрделі жөндеу жүргізілген. Ал 2025 жылы мектеп «Тірек мектеп» жобасына қатысушы атанған. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен білім ордасына 246 миллион 786 мың 161 теңге бөлініп, 22 оқу кабинеті заманауи талаптарға сай жабдықталған. Кабинеттерді аралауда информатика бөлмесіндегі компьютерлердің, арт-студиядағы шығармашылық жұмыстарға арналған құралдардың, телестудияның мүмкіндіктерімен таныстық. Мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуде оқу кабинеттеріне интерактивті тақталар, принтерлер мен сканерлер қойылған.

Одан кейін М. Горький атындағы мектепте үш заманауи кабинеттің ашылғаны туралы естіп, Бастөбе ауылына бардық. Мұнда да білім ошағының жалпы жағдайымен танысып, оқу кабинеттерін араладық. Аудан бойынша білім бөлімінің басшысы Жандос Тенелбаевтің айтуынша, «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу жобасы аясында жабдықталған физика, химия және биология кабинеттері жаңа оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Мектеп кабинеттерін аралай жүріп, бүгінгі білім ордасының бұрынғыдан әлдеқайда өзгергенін аңғардық. Қазір оқушы тек тақтаға қарап, мұғалімнің айтқанын тыңдап қана қоймайды. Олар зерттейді, тәжірибе жасайды, қолымен бұйым әзірлейді, шығармашылық жобаларға қатысады. Мұның бәрі – сапалы білімге бастайтын маңызды мүмкіндіктер.

Бір күннің ішінде бірнеше нысанды аралап, ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігімен жақынырақ таныстық. Бұл сапардың ерекшелігі – жаңалықтарды сырттай бақылаумен шектелмей, әр нысанның жұмысына тереңірек үңілуімізде болды. Мамандармен тілдесіп, олардың пікірін тыңдап, қолға алынған бастамалардың нәтижесін көзбен көрдік.

Ел ішіндегі игі істерді оқырманға жеткізу – журналистің басты міндеттерінің бірі. Өйткені туған жердің өркендеуіне жол ашатын әрбір бастама мен халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған жұмыс көпшілік назарынан тыс қалмауы керек. Қаратал сапары осыған тағы бір мәрте көз жеткізді.

Бүгінгі нақты істер – ауданның ертеңгі өрекендеуіне қаланған негіз.

Айгүл БАЙБОСЫН

Қатысты жаңалықтар

Сарқанда «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы өз таңдауын жасады

Сарқанда «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы өз таңдауын жасады

Бүгін, 09:56
Бастөбе тұрғындары сайлауда белсенділік танытты

Бастөбе тұрғындары сайлауда белсенділік танытты

Бүгін, 09:44
«Ақсу қант» ЖШС ұжымы сайлауға белсенді қатысуда

«Ақсу қант» ЖШС ұжымы сайлауға белсенді қатысуда

Бүгін, 09:37
Сарбаздар сайлауға белсенді қатысты

Сарбаздар сайлауға белсенді қатысты

Бүгін, 09:32
Сайлау күні 60 жасқа толған дауыс беруші

Сайлау күні 60 жасқа толған дауыс беруші

Бүгін, 09:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.