Талдықорған: +11°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАНЫНЫҢ ТАУЫП ҚАЛАУЫН…

21.11.2024
КҮЛТӨБЕ
ЖАНЫНЫҢ ТАУЫП ҚАЛАУЫН...
WhatsAppTelegramFacebook

Әрбір ата-ана бауыр еті баласының болашағы жарқын болуын, саламатты ғұмыр кешуін тілейді. Алайда жазмыштың сынағы алдыңнан тосып тұруы да мүмкін. Ондай сынаққа тап келген жан тауын шақпай, табанды күреске түскені жөн. Бүгінде аутизм және басқа да менталды ауытқулары бар балаларды оңалтып, қатарға қосу жұмысы жүйелі жолға қойылып келеді. Ашылғанына 1 жылдан асқан облыстағы аутизм орталығында тәрбиеленген бүлдіршіндер ішінде 5 бала мектепке барып, қатарластарымен бірге білім алып жатқаны сөзіміздің айғағы.


Иә, өткен жылы мамыр айының соңында салтанатты түрде ашылған «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ қарасты Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы бүгінге дейін біраз баланы қатарға қосқан. Алды мектепке барса, кейбірі балабақшаларда балдан тәтті сәттерін бастан өткеруде. 

Жалпы 125 орынды орталықта барлық жағдай жасалған. Орталықтың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында мұндағы кабинеттерді аралап, оңалту процесіндегі балаларды көріп қайттық. 

Стандартқа сәйкес орталықта әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлері ұсынылады. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым бекітілген  кестеге сәйкес балалар ұзақтығы 4,5 сағат болатын екі ауысым бойынша қызмет етеді. 

– Балам Аман Мадияр, қазір 10 жаста. Дүниеге ерекше бала болып келді. Дамуына бастапқыда өзім күш салғаныммен  аутизм орталығы ашылғаннан бері мамандарға жүгінуді жөн санадық. Бұл орталық баланың дамуы мен қоғамға қосылуына үлкен себебін тигізіп жатқанын перзентімнің мінез-құлқынан, өзі қатарлы балалармен араласып, тіл табыса алатын күйге жеткеніне қарап айта аламын. Әр баланың қоғамға қосылуы ата-ана үшін арман десек, сол күнге жетуімізге септігін тигізіп жатқан мұндағы әрбір тәрбиеші, мамандарға аналық алғысымды білдіремін, – дейді  4 баланың анасы Айнұр Кенжебекова. 

Шындығында,  психолог, логопед, дефектолог кабинеттері, жеке және топтық сабақтарға арналған АВА кабинеттері, конференц-зал, музыка, арт-терапия, оқу-әдістемелік бөлмесі қарастырылған орталықтағы балаларда оң нәтиже байқалады. Алғашында жан қалауын орындауға енжарлық танытып, үркесоқтаған балалар уақыт өте бейімделіп, қабілетіне қарай орталықтағы оңалту шараларына белсенділік таныта бастаған. Мәселен, Айару есімді бүлдіршін о баста кесте тігуден қашқақтаған екен. Қазір тәлімгерімен бірге көрсетілген нұсқа бойынша кесте тігуге асығады. Ал ақ қағазды шимайлауды ғана білген Әлинұр түсті бояуларды пайдаланып сурет салуды меңгеріпті. 

Медициналық блок бойынша психиатр, невропатолог, педиатр, галотерапия кабинеті (тұзды шахта), БАК терапия, медициналық кабинет, массаж,  емдік дене шынықтыру залы қарастырылған орталықта, сонымен бірге қыш, тігін, ағаш шеберханалары, робототехника және LEGO кабинеті, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеттері бар. 

Қазіргі уақытта 109 қызметкер жұмыс істейді. 
– Орталық қызметінің мақсаты аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдай жасайтын және басқа азаматтармен қоғам өміріне қатысуға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешенін ұсыну, – деп өз кезегінде мақсат-міндетті түсіндіріп өткен орталық директорының орынбасары  Гүлназ Әуелбекова мекемеге 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар қабылданатынын да атап өтті. Сонымен қатар, орталықта аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалармен нәтижелі жұмыс істеу үшін халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, жаңа мамандықтар мұғалімдері жұмыс істейтінін атаусыз қалдырмады. 

– Оңалту іс-шараларын алу кезінде әлеуметтік қызмет алушыларды бейімдеу негізінен сәтті өтуде, өйткені орталықта қолайлы, мейірімді атмосфера қалыптасқан. Мамандардың білікті жұмысы, балаларға деген сүйіспеншілігі, ақпарат алмасу өзара көмек көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта орталыққа  124 бала келеді, – дейді  Г. Нұртасқызы.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.