Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақстан «Серпін» бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті

14 қараша 2024
КҮЛТӨБЕ
Қазақстан «Серпін» бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте «Серпін» бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды. Әлеуметтік жобаның мақсаты еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген жастарды оқытып, кадр жетіспеушілігі байқалып отырған Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына жұмысқа орналастыруға бағытталған, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Облыс әкімдерінің орынбасарлары жоба аясында атқарылып жатқан шаралар туралы айта келе, шешуді қажет ететін мәселелерді ортаға салды. Вице-премьер бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі мәселе жауаптылардың нақты, адрестік жұмысының жоқтығы екенін атап өтті. Жобада қамтылатын жастар анықталғанымен, аймақтардағы жұмыс берушілерге нақты қандай мамандықты меңгерген кадрлар қажет екені нақтыланбаған.

«Бұл мәселені шешу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанынан республикалық жобалық кеңсе және кадрларға қажеттілікті нақтылау үшін жұмыс берушілермен, жұмыспен қамту орталықтарымен, университеттермен және колледждермен өзара іс-қимыл жасайтын өңірлік кеңселер құрылды. Оқуды бітіргеннен кейін міндетті түрде жұмысқа орналасатын мамандарды даярлау үшін нақты оқу орындарын таңдау маңызды қадам болады», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Республикалық жобалық кеңсеге ҚР Парламентінің депутаты Мұрат Әбенов, ал өңірлік офистерге облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары жетекшілік етеді. Оңтүстік аймақтарда кәсіби бағдарлау ісіне ерекше мән берілетін болады. Бүгінде салалық министрлікпен Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Жетісу облыстарының мектептері мен колледждерінің тізімі анықталды. Бағдарлама аясында осы өңірлердің жастарын Ақмола, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай, Қарағанды және Ұлытау өңірлерінде оқытып, жұмыспен қамту қарастырылған.

ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.