Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕҢСЕҢ ТҮСПЕСІН, ӨР ЕЛІМ

25 қазан 2024
КҮЛТӨБЕ
ЕҢСЕҢ ТҮСПЕСІН, ӨР ЕЛІМ
WhatsAppTelegramFacebook

Құс екеш құсқа да жылы ұя, мәңгілік мекен керек. Бұл айтқан дүние адамға да қажет. Жер бетінде тіршілік еткен соң тыныштықты көксемейтін жан иесі болмайды. Бейбіт заманда ғұмыр кешіп жатқан бүгінгі ұрпақтың пешенесіне жазылған бағы бес елі. Өйткені оларда жыл өткен сайын абаттанып, атырабына шуағын шашып тұрған Отан бар.

Баласын қорғаған анадай біздің де қызғыштай қоритынымыз жалғыз Атамекеннің амандығы, ұлт ұясына қауіп-қатердің төнбегені. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден ру, тайпалардың жеріне жау аяғын бастырмағаны, ұлын құл, қызын күң еткізбеуі кейінгілер үшін үлкен насихат болды. Бұл салт-сана әрмен қарай да жалғаса бермек. Дегенмен күшпен емес, біліммен елдің егемендігін баянды ету мақсаты тұрғанын ұғыну борышымыз.
Ел еңсесі тіктеліп, шегарасы бекем бекітіліп, тілі мен діні орнықты, салт-дәстүрі сақталған, Ата Заңы үн қосқан, Әнұраны шырқалып, Елтаңбасы төрден орын алған, көк байрағы көгінде желбіреген Қазақияның бүгінгі тұрмысы көңіл жадыратып, жүрекке қуаныш ұялатады. Қазақ мұны «Төрт құбыласы тең» демеуші ме еді?! Олай болғанда Жаратқанға айтылар алғыс алғаусыз.

Қазақта «Шаңырақ» деген сөз бар. Жұрт болып тілек тілесек ең бірінші сол шаңырақтың шайқалмауын сұрайтынымыз да жасырын емес. Аумалы-төкпелі кезеңде кие тұтып, халық аяқасты қылмаған затты әрдайым төбемізге көтеріп жүруде үлкен мән жатыр. Оның бедерін Елтаңбамызға бекерден-бекер  бейнелемедік. Біздің Отан құдды шаңырақ іспеттес қадірлі де қасиетті.

Адам шыр етіп дүниеге келген, кіндік қаны тамған өлкені Туған жер дейді. Оған деген ыстық сезім, үлкен махаббат ақыл иесімен бірге жаратылады. Тұлға бойындағы дарын, қабілет, тектілік сынды абзал қасиеттер ана сүті, әке қаны, туған жердің топырағынан дариды. Осы ұғымды түпқазық деп танысақ, одан ажырауға болмайтынын, жерісек ормансыз бұлбұлға ұқсайтынымызды ұғынамыз. Әбір қазақ баласының жүрегіндегі қасиетті бойтұмары елі мен жері болып қала бермек.

Қазақ елі мәңгілік елге айналу жолында түрлі сынақтан, сан ауыртпалықты басынан өткеріп келе жатқанын ақылымыз айтпай-ақ аңғарады. Бірлігі жарасқан, берекесі артқан қауым болу әрбірімізге байланысты. Кері тартқанның жұмысы өнбейді, тасы өрге баспайды. Ел болып қалыптасу қазаққа оңай соқпады. Дегенмен, бұралаңы көп соқпақтан бабаларымыз ұлы көшті өткізіп кеткені ақиқат. Енді сол көште жоғалтқанымыздың орнын толтыру есті ұл мен қызға аманат.
Жалғыз Құдайдың құлы, жалғыз Отанның ұлы екеніміз ешкім дау келтірмес шындық. Олай болғанда құлдың да, ұлдың да парызын өтеуге міндеттіміз. Кең байтақ даласы, сан алуан тасы, суы мен нуы, қаһарлы аязы, көктайғақ мұзы, аптап ыстығы, заңғар тауы, көкке шаншылаған қарағайлары, көкорай шалғын белі бар Қазақстан Республикасы, мәңгі жасасын!

Медет ЖҰМАБАЙ
Фото: jaraina.kz 

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.