Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

“Көп бөлігі тамаққа кетеді“. Зейнеткерлерге зейнетақысы жете ме?

18 қазан 2024
КҮЛТӨБЕ
“Көп бөлігі тамаққа кетеді“. Зейнеткерлерге зейнетақысы жете ме?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда зейнеткерлерге зейнетақысы жетіп жүр ме? Massaget.kz тілшісі зейнеткерлердің өзінен сұрады.

«Көп бөлігі тамаққа кетеді»

Алматы тұрғыны Айқыз Төлебаева — 30 жыл мектепте ұстаздық еткен мұғалім, ал зейнетке шыққанына 10 жылдай уақыт болған. Бүгінде оның зейнетақысы — 195 мың теңге.

«Бұл бір айға жетпейді. Күнделікті тамағың, жүріп-тұрысың бар, кейде қызымнан аламын. Сол қызымның арқасында шипажайларға да барамын. Шипажайлардың ақысын 100 пайыз төлейміз, ешқандай жеңілдік жоқ. Осы жайтты анықтағанымда, «зейнетақыңыз 160 мың теңгеден асып тұр, ешқандай жеңілдік берілмейді» деді», — дейді зейнеткер.

Айқыз Төлебаева Абай облысында дүниеге келген, Семей полигонынан зардап шеккендер қатарында. Десе де, бұл үшін де ешқандай жеңілдік жоқ екен.

«40 жыл мектепте мұғалім болып жұмыс істегенім де бар, зейнетке шыққанда демалғың, киноға, театрға барғың келеді. Бірақ осының бәрін есептесем, жетпейді», — дейді ол.

Зейнеткер денсаулығын сақтау үшін белсенді өмір салтын ұстанатын зейнеткерлерге арналған орталыққа баратынын, сондықтан тек кейбір сәтте дәріханаға ақша жұмсайтынын айтады.

«Мендегі диагноз — артроз. Соған байланысты әртүрлі жақпамайлар алып отырамын. Ай сайын 4000-5000 теңге тұратын дәрумендер де аламын», — деді ол.

Айқыз Төлебаеваның зейнетақысының көп бөлігі тамаққа жұмсалады. 

«195 мыңның көбі тамаққа кетеді десем де болады: ет аламыз, сүт аламыз, көкөніс аламыз. Қалада тамақ өте қымбат. Күнделікті тамақтың бағасы да өсіп жатыр. Жаңа жылдан кейін зейнетақы өседі деді, соған сай тамақ та, коммуналдық төлем де қымбаттап жатыр. 195 мың теңгеге бір ай күн көру мүмкін емес деп ойлаймын. Ең кемі 250 мың теңгедей болса, жетер еді», — дейді ол.

«Көп сияқты көрінеді, бірақ…»

Алматы тұрғыны Бағилан Ұрынбаеваның зейнетақысы 180 мың теңге. Ол — Тараздың кәсіпорнында 30 жылдай жұмыс істеген инженер-экономист.

«Бұл бір жағынан көп сияқты көрінеді, бірақ еркін өмір сүруге аз ақша. Өзім Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында жұмыс істеймін, балаларым көмектесіп тұрады. Солардың арқасында өмір сүріп жатырмын», — дейді ол.

Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында Бағилан апай елу жылдай үздіксіз еңбек еткенін, енді сол бейнетінің зейнетін көргісі келетінін жеткізді. 

«Зейнетақының ең азы, менің есебім бойынша, 200 мың теңге болуы керек. Өйткені егде жаста бізге дәрі-дәрмек керек. Тегін дәрілердің ішінде бары — арзан дәрілер ғана, олар зейнеткерлерге көмектеспейді, сондықтан да қымбаттауын сатып алуымыз керек. Қыста тайып жығылмау үшін табаны жақсы аяқкиім алуымызға тура келеді. Түптеп келгенде, елу жылдай жұмыс істеп, жақсы демалғымыз келеді», — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша екені белгілі болды.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері — 131 810 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері — 89 211 теңге, базалық зейнетақы — 42 599 теңге.

Анықтама: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда зейнетақы алатын 2 миллион 415 мың адам бар.

Қазақстанда зейнетақы есептеуде табыс мөлшері  мен еңбек өтілі негізгі көрсеткіштер саналады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының ең төмен мөлшерi — 57 853 теңге.

Фото: chat.gpt

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.