Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Депутат Асхат Аймағамбетов таксист жігітпен әңгімелескен соң қандай проблеманы мәжілісте көтерді?

14 қазан 2024
САЯСАТ
Депутат Асхат Аймағамбетов таксист жігітпен әңгімелескен соң қандай проблеманы мәжілісте көтерді?
WhatsAppTelegramFacebook

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында еңбек нарығындағы кадр тапшылығы мәселесін көтерді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жуырда таксиде келе жатып, әдеттегідей жүргізушімен әңгімелесіп кеттік. Оның аты Сержан екен, өте ақкөңіл адам. Осының алдында инженер-гидролог болып жұмыс істеген екен. Ол үлкен мақтанышпен, терең біліммен өз мамандығы, су ресурстарын басқару туралы майын тамызып әңгімені бастап кетті. Менің сұрақ қоятынымды түсінді ме, тоқталып, бір кішігірім өкінішпен «енді түсінесіз ғой менің отбасым бар, мойнымда несиелер бар дегендей, өз мамандығымды қаншалықты жақсы көрсем де, инженер-гидрологтың жалақысымен алысқа бара алмайсың» деп ақталуға тырысты. Бұл оқиға бір адамның ғана басынан өткен жағдай емес, бұл біздегі еңбек нарығындағы түйткілді мәселелердің көрінісі деп айтар едім. Менің ойымша, осында отырған әрбір депутат осы сияқты талай бір мысалдарды айтып бере алады. Неге осындай білікті мамандар өз мамандығы бойынша жұмыс істемей жүр? Еңбек нарығындағы дисбаланстың себебі неде? Неге мамандар жеткіліксіз?», — деді мәжілісмен.

Депутат гранттарды игеру кезіндегі бірқатар мәселелерді атап өтті.

«Біз мамандар жетіспейді дейміз. Бірақ гранттарды игеру кезінде мынадай жайт орын алып жатыр. Мысалы, «Гидромелиорация» мамандығына бөлінген гранттарға бірде-бір адам өтініш бермеген, яғни конкурс нөлдік санақты құрады. Көлік құрылыстары бойынша бөлінген 300  гранттың тек 29 адам қабылданды, яғни бір грантқа 0,1 адамнан келіп отыр. Бұл мысалдар кадр тапшылығы күрделі мәселе екенін айқын көрсетеді. Проблема тек грант санында әлде оның дұрыс бөлінбеуінде ғана емес, тіпті оларды дайындайтын колледждер мен университеттердің болмауында немесе оқу сапасында емес екені барлығымызға анық деп ойлаймын», — деді Асхат Аймағамбетов.

Фото: Sputnik / Санат Имангалиев 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.