Талдықорған: +33°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЯТТЫ ҰМЫТТЫҚ ПА?

12.10.2024
КҮЛТӨБЕ
ҰЯТТЫ ҰМЫТТЫҚ ПА?
WhatsAppTelegramFacebook

Жалпы «ұят» деген ұғым қазақтың қанына сіңген ұлы қасиеттердің бірі. Себебі, дана халқымыз  ұятсыздықтың түбі жақсылыққа апармайтынын білген. Осы бір 3 әріптен тұратын сөздің мән-мағынасына үңіліп, түсіне алсақ, ұлт басындағы талай кемшіліктің алдын алар ма едік. Шынында ұят ұғымы ақырындап азайып, ұялудан ұялатын жаңа буын өсіп келеді. Қазақ үшін ұяттың шегі тым кең еді.

Бүгінгінің баласы бұл ұғымды түсінсе де түсінбеген кейіп танытып жүре береді. Неліктен?! Мүмкін үйде «ұят болады» деген сөздің айтылмауынан да болар. Сонда кінә ата-анаға ма?! Жоқ, әрине.

Қазіргі заман адамдарының бойына құдды арсыздық, ұятсыздық деген нәрселер сіңіп қалғандай. Расында қазір небір сұмдық ақпараттарды естіп, көрудеміз. Ал көзге көрінбей, құлаққа естілмей қалатындарды айтсақ, жаға ұстар жағдайға түспесімізге кім кепіл?!

Түрлі адам сенгісіз сұмдықтың барлығы мектеп оқушыларынан, жастардан шығуда.  Ұрлық та, зорлық-зомбылық та, ерте жүктілік те, тіпті десеңіз адам өлтіретін де осы жастар. Мүмкін, қазір ақпарат көздерінде дәл осы жан түршігерлік жаңалықтар оларға насихаттың бір түрі болып көрінер. Мүмкін үйдегі ата-ананың «ұялмасаң өзің біл» деген провокацияға апарар сөзі ме, қалай дегенмен бүгінгі ұл мен қыздан ұят кеткені өтірік емес.

Ата-әжелеріміз «ұят болады» деген бір ауыз сөзбен балаларды әдепсіз қылықтардан бойын алшақ ұстап өсіруге тәрбиеледі. Себебі, ұяты мол адам жамандыққа бармайтындығын білетін. Ұят жоқ жерде береке-бірлік, әдеп-инабаттылық болмайтынын білді. Ал қазір бұл сөздің аясы тарылып, ұрпақ дәстүрінен жаңылды. Үйге ата мен әже де, әке мен шеше де бала тәрбиесінде «ұят болады» дегенді жиі айтуды ұмытты. Ұят деген үлкеннің алдын кеспеу, әке-шешеге дауыс көтермеу, сіз деп сыйлау, қысқа кимеу сынды қарапайым түсініктермен ұштасатын ұғым еді. Алайда, қазір бұл сөзді жастардың жетер жеріне жеткізіп айтпаса, балам «бетімен кетті» деп айтудың өзі бекер-ақ.

Одан бөлек, ата-анасына дауыс көтеріп, сыйламайтындар немесе кей кездері үлкендерді аттап өтіп, төрге озатын жастар бар. Көшеде қымсынбай құшақтасып, жартылай тәнін көрсетіп жүруді арсынбайтын қаракөздердің қатары артқаны қашан. Онымен қоймай, ұл-қыз демей ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқанда олардың сыртынан қарап тұрған адамның өзі жерге кіріп кетердей-ақ болады. Осының барлығы дерлік бір ғана «ұят» сөзіне келіп тіреліп тұр.

Балалық шақ, жасөспірім кезең – адам өміріндегі мінез сынды басты негіздер қалыптасатын мезгіл. Тіпті, болашағы да осы кезеңдегі берілген тәрбиеге орай өрбуі әбден мүмкін. Сондықтан бала тәрбиесінде «ұят болады» деген сөзді айтудан еш жалықпау керек.

Айғаным АЙТМҰХАН
Фото: kazislam.kz

 

Қатысты жаңалықтар

Үштөбеде әскери резервті күшейтуге бағытталған жиын басталды

Үштөбеде әскери резервті күшейтуге бағытталған жиын басталды

15.06.2026
Талдықорғанда 400-ден астам сарбаз алғашқы парашюттік секірісін жасады

Талдықорғанда 400-ден астам сарбаз алғашқы парашюттік секірісін жасады

15.06.2026
Ақ үйдің алдындағы төбелес. Кім жеңді?

Ақ үйдің алдындағы төбелес. Кім жеңді?

15.06.2026
Жетісуда қымыз бен шұбаттың бағасы қанша?

Жетісуда қымыз бен шұбаттың бағасы қанша?

15.06.2026
Текеліде ер адамның өліміне байланысты жары күдікке ілінді

Текеліде ер адамның өліміне байланысты жары күдікке ілінді

15.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.