«Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі». Дәл осындай тақырыптағы іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдары ұйымдастырды.
Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану, жат қылықтан аулақ болуға шақыру мақсатындағы шара жоғары деңгейде өтті. Аталған іс-шара аясында ерікті мемлекеттік қызметшілермен Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылының балаларына 45 теңбіл доп, тоғызқұмалақ, шахмат, бадминтон ойындарының жабдықтары сыйға берілді.
Еріктілер кеңесінің мүшесі, Жетісу облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Мақсат Қартбаев жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту қажеттгін айтты.
– Мұндай басқосулар бос сөз болмауы тиіс. Кәмелет жасына толмаған балалардың бос уақыты көп. Олар сол уақытты тиімді пайдалануы тиіс. Аудандар мен ауылдарда балалардың уақытын тиімді өткізетін үйірме көптеп ашылса деген ұсыныс бар. Ел ертеңі саналған жастардың дені сау болсын десек бүгіннен бастап жүйелі жұмыс істеуіміз керек, – деді Мақсат Ғабитұлы.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Жетісу облысы бойынша
департаменті





