Талдықорған: +20°C
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАРАШОҚЫДАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ

23.09.2024
КҮЛТӨБЕ
ҚАРАШОҚЫДАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ
WhatsAppTelegramFacebook

Қайырымдылық пен мейірімділік – қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтпаған. Бірлігі мен берекесі жарасқан Қарашоқы ауылында да дәл осындай ізгі дәстүр жалғасып келеді. Ауылдағы ағайын жомарт жандар салған 4 баспананың кілтіне ие болды. Бірнеше жыл есігіне қара құлып ілінген Мәдениет үйі қайта жөндеуден өтіп, әсем ғимараттың лентасы қиылды. Осылайша, ауылдағы ағайынның қуанышы еселенді. Қариялар ақ батасын арнап, ақ жаулықты әжелер тәттіден шашу шашып, еңкейген қариядан  еңбектеген балаға дейін қуаныш тойын тойлап жүр. 


Ауыл әкімі Дина Ақбасованың айтуынша, қазіргі таңда ауылда атымтай жомарт азаматтардың қолдауымен тоғыз үй салынуда.  

– Бүгін біздің ауылда ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Заң талаптары бойынша кезекте тұрған әртүрлі санаттағы жандар баспаналы болды. 2023 жылдың 20 ақпанында ауылдағы Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС жөндеу жұмысын уақытылы аяқтады. Бұл игі істің барлығы халыққа арналып жасалуда, – дейді ауыл әкімі.  

Қуаныштары қойнына сыймай, жүректері алып ұшқан төрт отбасы аудан әкімінің қолынан баспана кілтін алды. 

– Баспаналы болу – үлкен бақыт! Біз халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына барынша жағдай жасаймыз. Мемлекет басшысы, облыс әкімі қолдау білдіргенінің нәтижесінде үлкен істер атқарылуда. Жалпы, Кербұлақ ауданының 15 елді мекенінде 100 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта 17 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін қалған баспаналар Заң шеңберінде өз иелеріне табысталады. Ең бастысы, шаңырақтың шаттығы ортаймасын. Баспаналарыңыз құтты болсын, – деді аудан әкімі Қанат  Есболатов.  

Киелі мекендегі 3 бөлмеден тұратын  үйдің жалпы алаңы 77 шаршы метрді құрайды. Үй коммуналдық қызметтерге қосылған. Бау-бақша өсіруге арналған жері де бар. Жер учаскесі қосалқы шаруашылықты дамытуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе ауылды жерде өз кәсібін дөңгелентіп, жүйелі іспен айналысуға мүмкіндігі бар отбасы үшін өте маңызды.

Бағжан ҚАСЕНОВА, көпбалалы ана: 
– Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл баспана төрт баламның несібесі ғой. Жиырма жыл осы ауылда, енеммен бір шаңырақ астында тұрдық. Үлкен ұлым студент, кішкентайым 4 жаста. Өзім Арқарлы ауылында химия, биология пәнінен сабақ беремін. Жолдасым Ермек Лепсетаев екеуміз саналы, салиқалы ұрпақ тәрбиелеп, осы жақсылықты кейін еліне қайтаратын ұлықты ұл, қылықты қыз тәрбиелеу үшін бар күш-жігерімізді арнаймыз. Бірнеше отбасыға қуаныш сыйлаған Мемлекет басшысына, облыс, аудан, ауыл әкімдеріне аналық жүрегіммен алғыс айтамын. 
 

Өнерге қанат қаққан ауыл жастарының талабын шыңдап, түрлі мерекелерде халыққа рухани азық сыйлау мақсатында жаңадан бой көтерген Мәдениет үйі 2 қабаттан тұрады. Аумағы 938,30 шаршы метр. Мұнда 200 орынды көрермен залы, хореография бөлімі, түрлі үйірме сыныптары мен гардероб, қызметкерлер кабинеттері бар. Ал екінші қабатында кітапхана орналасқан. Мұнда оқу залы, компьютерлік бөлме, демалыс залдары мен қызметкерлер кабинеттері керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тіпті, ақсақалдар мен  әжелерге арналған арнайы бөлме де қарастырылған. Болашақта Мәдениет үйінде жеті бағыт бойынша үйірме ашылады.  Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Мәдениет үйіне заманауи қажетті құрал-жабдық алынған. 

– Зәулім, жарық, кең ғимараттың есігі айқара ашылғанына ауыл болып қуанып жатырмыз. Бұрындары лед-экран, жарық сәулелермен әрлендіретін құрылғы болмаған. Ал қазір жаңа ғимаратымызда заманауи техникалардың барлығы бар. Енді ауыл тұрғындары Мәдениет үйіне кез келген уақытта келіп, кітап оқып, қосымша үйірмелерге қатыса алады. Енді бекіткен жоспар бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз, – дейді Мәдениет үйінің директоры Тағатхан Иматаева.  

Мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі өнерпаздардың әнімен әрленді. Ауыл халқы елге қызмет етіп жүрген азаматтарға алғыс айтып, мерекелік даталарды атап өтетін, ән тыңдап жан сергітер шаңырақтың ашылғанына бек қуанышты екендерін жеткізді.

Еңлік КЕНЕБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

17.06.2026
Жетісудың ең тапқыр мемлекеттік қызметшілері анықталды

Жетісудың ең тапқыр мемлекеттік қызметшілері анықталды

17.06.2026
«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

17.06.2026
Аида Балаева мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемесін әзірлеуді тапсырды

Аида Балаева мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемесін әзірлеуді тапсырды

17.06.2026
«Жастардың рухани ізденісі: дұрыс жолды қалай табу керек?»

«Жастардың рухани ізденісі: дұрыс жолды қалай табу керек?»

17.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.