Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

Өмірін өнегемен өрген

10.09.2024
ІЗГІЛІК ІЗІ
Өмірін өнегемен өрген
WhatsAppTelegramFacebook

«Өз елін өз ерлері ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» деп ақын Ілияс Жансүгіров тегін айтпаса керек. Жыл өткен сайын тарихтың жаңа парақтары жамырай ашылып, ұмыт болған тарихи тұлғалардың еңбегі екшеліп, есімі ел жадына ене бастады. Сол барыста ұзақ жылдар құқық қорғау саласында жұмыс істеп, жұрттың қамы үшін ақыл-парасаты мен қара терін сарқа жұмсаған Мәткәрім Садақбаев атамыздың болмыс-бітімін зерделеп, оның ерен еңбегі мен ел үшін атқарған елеулі істерін өскелең ұрпаққа өнеге етудің орны бөлек.

Мәткәрім Садақбаев 1902 жылы дүниеге келген. Архив құжаттарындағы деректерге сүйенсек, Мәткәрім алғашқы еңбек жолын 1930 жылы сол тұстағы Алматы облысы, Малайсары ауданында аға милиция қызметкері болып бастады. Осыдан кейінгі жылдары Алматы, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының құқық қорғау саласында қызмет атқарды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған тұста тылда еңбек етіп, алдыңғы шептегі жауынгерлердің жігерін жанып, намысын өрлету үшін өндірістік еңбектерге белсене араласты. Сол тұстағы «Правда» газетінде Мәткәрім Садықбаевтың  еңбектегі ерлігі туралы жазылған мақалалар осыған дәлел бола алады. Соғыс жылдары бір жағынан өндірістік еңбектерге белсене қатысса, екіншіден қоғам тыныштығын сақтау тапсырмасын абыроймен атқарды. 1958 жылы құқық қорғау саласынан зейнеткерлікке шықып, «Қызыл Ту» (1945ж), «Қызыл Жұлдыз» (1946ж) ордендерінің, «Германияны азат еткені үшін (1945ж), «Әскери еңбьегі үшін» медалдьдарының иегері атанды.

Соғыс аяқталғаннан кейін Сарыөзек кентінің милиция бөлімшесін басқарған Садақбаев кейін облыстық милиция басқармасына ауысады. Сондай-ақ, Талдықорған облыстық жеке күзет қызметінде лауазымды қызмет атқарды. ҚазССР Талдықорған облыстық кеңесінің атқарушы комитетін басқарды. Өз кезінде Мәткәрімнің еңбегін қазақтың бір туар перзенті Бауыржан Момышұлы да жоғары бағалап, алғыс білдірген болатын.

 Мәткәрім Садықбаевтың өмірі осылай өріледі. Дегенмен оның Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылының «Сарыбұлақ» кеңшарында атқарған істерін бір сәтке ұмытуға болмайды. Әсіресе, қант қызылшасы өндірісін өркендетіп, озат бөлімшенің жетекшісі болғаны. Жалпы, кеңшардың өркендеуі мен ел экономикасының өсуі жолында ерінбей еңбек еткен талай қадірменді адамдар өткені мәлім. Сол тізімін ең басында Есжан Берліқоаұлы тұрса, сол қатарда Әбдірахым Бестібаев, Нұрбек Бейсенов, Нысанбай Байқадамов, Ізбасар Есболғанов, Ақынбек Қарақожанов, Бекмырза Жексенбеков, Нұрғалым Омаров, Иманғазы Күнқожанов, Оспан Байсынбеков, Бабамырза Есперлі, Иван Бузницкий, Әбдіғалым Балажігітов, Мұқаш Сегізбаев, Мақсұт Нәрікбаев, Жаңыл Оспанов, Дәрібай Келімбеков, Баршабала Жетпісова, Жұмағайша Бектенова, Зағипа Ақажан келіні, Таубай Бектенов, Әбіл Тұңғатов, Бұқарбек  Рахимов сынды жандарды құрметпен атауға тура келеді. Бір қызығы, аталған адамдардың еңбегі еленіп, елдің құрметіне бөленген. Өкінішке орай, бар ғұмырын жұрттың тыныштығы мен мемлекетті өркендетуге арнаған Мәткәрім Садақбаевтың есімі көп жерде аталмайды. Елге істеген қызметі өз деңгейінде бағаланбай келеді.

Осы бір ақтаңдақтың орнын толтыру үшін 2022 жылы Көксу ауданының Жарлыөзек ауылына қарасты Мұқаншы ауылындағы бір көшенің атын Мәткәрім Садақбаевтың атына ауыстыру туралы бастама көтеріліп, ауыл тұрғындары және ақсақалдар, белсенді азаматтар жиналыс өткізіп, жұрттың ұсынысы сарапқа салынған болатын. Сол басқосуда жергілікті қоғамдастықтың атынан Д. Байжұманов, А. Нұрпейісов сөз алып, Мәткәрім Садақбаев туралы естеліктерімен бөлісіп, еңбектерін атап өтті. Жиын хаттамасы бойынша Мұқаншы ауылындағы Мұқаншы көшесіне Мәткәрім Садақбаевтың есімін беру ұсынысы мақұлданған болатын. Бірақ бұл ұсыныс әлі күнге дейін орылдалмай келеді.

Егерде  егемендігіміз тұғырлы ел боламыз десек, өткен өмірін өнегемен өрген Мәткәрім сияқты аталарымыздың ғибратты ғұмырынтерін насихаттаудан бастағанымыз жөн.

Қажет Андас,

журналист

Қасымхан Есжанов, кәсіпкер

 

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.