Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

5-ші дүниежүзілік Көшпенділер ойынының аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар өтуде

9 қыркүйек 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
5-ші дүниежүзілік Көшпенділер ойынының аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар өтуде
WhatsAppTelegramFacebook

5-ші дүниежүзілік Көшпенділер ойынының аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар өтуде. Ойыншылардың алғашқы жүрісін «Думан» қонақ үйінде 9 тақтадан 9 ұқяшыққа 9 ойыншы салу арқылы бастайды. Ойынның бұлай символикалық таңдауы Көшпенділер ойынының аясында «Тоғызқұмалақ  күніне» орайластырып отыр. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерацясының бастамасымен 2020 жылы 9 қыркүйекте атап өтіледі. 

Бұл күні сондай-ақ тоғызқұмалаұтан рекорд орнату үшін маңызды шара өтеді. Бұған дейін хабарланып, үміткерлер ойынға қатысу үшін бірінші кезекте арнайы тіркеу формасын толтыру қажет болды. 9 қыркүйекте сағат таңғы 9:00-21:00 арасында, мектеп, университет, колледж, жұмыс мекемесі қабырғасында өздерінде бар тоғызқұмалақ тақталарымен қатысушылар арасында тоғызқұмалақтың блиц түрі бойынша ойнап, ойын барысынан фото, видео деректерді әлеуметтік желіге (instagram, tik-tok, facebook ) парақшаларына хештегтерді қолдана отырып жүктейді. Бүгінгі күнде 150 мыңнан астам адам осы талап бойынша тіркелді.

Астана қаласындағы «Думан» қонақ үйінде тоғызқұмалақ, мангала, овари ойындарынан 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында жарыстар 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарыс бағдарламасы төменде қосымша берілді. Ойын көрермендері мен Бұқаралық ақпаралық құралдары өкілдері қонақ үйдің «Парламент» конференц-залында өтетін жарыстарды тамашалай алады. Интеллектуалдық ойындарға әлемнің 40 елінен 130 қатысушы келді, Колумбия, Бангладеш,Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка елдері және Араб елдерінен ойыншылар Астанаға ат басын тіреді.

Тоғызқұмалақ – Қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой дамытуға арналған ойын. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді. Ал 2022 жылы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының шешімімен 9 қыркүйек тоғызқұмалақ күні боп бекітілді. Дүниежүзілік және ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының президенті – Әлихан Бәйменов. Федерация өткен жылдан бері ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.

        Айта кетейік, Дүниежүзілік  Көшпенділер ойындары алғаш рет  Қырғыз Республикасының бастамасымен пайда болды. Халықаралық спорттық шара әлемдік мәртебеге ие болды. Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары – этникалық, дәстүрлі спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс 2014, 2016 және 2018 жылдары Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өткен еді. Ал 2022 жылы Түркияның Изник шаһарында төртінші Дүниежүзілік ойындар ұйымдастырылды. Биыл 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны Астанада жалауын көтерді.

 

Қосымша ақпарат:

 Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 2А. «Думан» қонақ үйі, «Парламент» конференция залы.

Байланыс үшін: Ришат Асқарбекұлы, 8 707 730 0817

 

 

Фото: ОКҚ-дан

 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.