Талдықорған: 0°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

РУХАНИ ҚЫЗМЕТ

07.09.2024
ЖАНСАРАЙ
РУХАНИ ҚЫЗМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Шаһардың қат-қабат үйінде өмір сүргелі де біраз жыл болды. Осы уақыт аралығында кешкі серуенге шығып, таза ауамен тыныстауды әдетке айналдырғанбыз. Бүгін жолымда екі адам ұшырасты. Екеуі де қалам ұстаған жандар. Рухани әлемнің сарбаздары деп жатаған жалдарын күдірейте бейнелеуге сұранып тұрғандай.


Алғашқысын аса жаратпаушы едім. Аз-кем сұхбаттан кейін адам танымас, жақсыны жіті аңғармастығыма налыдым. Әлгі азаматқа да аздап іштартып қалғаным…
– Ойсоқты хәлде пері соққан пендедей жүретінім бар, – деді есендіктен кейінгі ентік басқан бір әлетте.
– Біздікі – «Саламатты өмір салты», – деп езу тарттым.
– Мандымаған жалақы, қайыршының қалтасынан төгілгендей қаламақы, – деді ол өлеңдете.
– Неге? Мұғалімдер жақсы жалақыда отыр ғой, оның үстіне біршама кітап жаздың. Жағдайы «доп» шығар деп долбарлайтынмын сыртыңнан, – дедім ойымды жасыра алмас әңгүдіктігіме басып.
– Білікті ұстазға лайықты сағат керек, мектептің мен-мен деген кәрі қасқырларынан біздей пақырға не артылсын?! Ал қаламақыны кім төлейді?
Қадалған көз сұғы өткір екен. Қоңыр кештің күңгірттігін тіліп өтіп, кеудеге қадалғандай жасқайды өзі.
– Ой еңбегін Қазақстанда ешкімнің бағаламайтыны өкінішті. Сенің талантың соның жоғын жоқтап, жыртығын жамау үшін Құдайдан берілгендей көреді өздері, – дедім қарап тұрмай. – Бірақ сен қусың ғой, ешкімге есеңді жіберместей көрінуші едің, – соңғы сөздің аузымнан шығып кеткені.
– Елге қу көрінем, бірақ кімнен айламды асырыппын, кімге салдарым тиді, салмағым түсті түсінбеймін. Құрғыр қаламақы мандыса, көкбазарда көк шөп түсіріп, күніне           9 мың теңге үшін жалданатын ба едім? – деді.
Айтылған арзу-әңгімесінен түсініп, тұшынғаным, бұл бейбақ та жарытып жалақы, мандытып қаламақы алмай жүр екен. Өлместің кебі де баяғы. Жерлесі, сона-а-ау Астанадағы атағы дүрдей ағасы да алдап соғыпты. Мұнша дүние жазып бер деп тапсырма берген де көк тиын ұстатпаған. Түн қатып хабарласқан. Көк шөп түсіріп шаршап келген бұл пақыр телефон тұтқасын көтермеген. Арғы шетте аласұрған ағасына ертесі қайыра телефон шалған. 
– Өй, кеше түнімен хабарластым, неге алмадың? Тапсырмамды жазып біттің бе? – деген әмірлі дауыспен.
– Жаздым… Қаламақысы қанша?
– Сонда сен… руханиятқа ақша үшін қызмет жасайсың ба? – деген астаналық ағасы. 
Бұл біраз үнсіздіктен кейін барып жағдайын айтқан, 9 мың теңге үшін тау боп үйілген көк шөп арқалап сілесі қатқанын, бар жалақысы несиесін жабуға әрең жететінін жыр еткен. 
– Жазғаныңды жібер, әдебиет адамзат үшін, халық үшін. Құны ақшамен емес, – деген сона-а-ау Астанадағы руханияттың жоқтаушысы һәм ағасы.
– Иә, жібердің бе? – дедім.
– Руханияты несі, қалай жіберем. Біздің елде сен талантты ақынсың, мықты жазушысың деп кім маңдайыңнан сипап жүр? Қарапайым сатушының өзі дардай ақын келіпті деп 160 теңге тұратын нанды да тегін бермейді ғой?! – деп қынжылды.
…Әлгі астаналық ағасы 3 жылда екі қаладан 3 баспана алыпты. Екеуі – біздің қаладан, бірін салған, бірін жағынып жүріп алған. Алып Алматының апайтөсінде еңсе тіктеген бір үйден де пәтер бұйырған. (Бұл жазбам нағыз өсек енді). Содан әлгі руханиятқа бола туған «ұлт жанашыры» елдегі етжеңді басылымға көлдей мақала жазған. Баспаналы бола алмай жүрген әлеуметтік осал топтағы, кезектегі халқына жаны ашитынын ашық білдіріпті. Сол халық қатарына өзін де жатқызыпты. «Ел үшін руханиятқа қызмет етеміз, атақты Қасым ақынға бұйырмаған баспанаға біз де ынтызар емеспіз» деп қаһармандықпен қадау-қадау ұран тастапты.
– Аман бол, – дедім шалдарша қоштасып.
Нілдей бұзылған көңілдің салындысындай сансырап келе жатқанымда екінші кейіпкер жол кесті. Аздап ұрттап алыпты.
– Шәке, осы сен неге жазбай кеттің? Руханияттың адамы едің, үнсізсің. Руханияттан алыстамашы. Рухты  азаматтар керек бізге. Жүр бірдеме жұтайық, ішкі күйікті басайық, – деді.
«Руханият» деп зарлаған жандарды соңғы уақытта аса жаратпайтын болып барамын ба, нақты білмедім. Әлгі түк жазбаған, бір кітап ұсынбаса да «талантты» болып танылып қойған жанға қарап тұрдым да:
– Соңғы жылдары Құдайға қол созып жүрмін… Менің дінитерапиямнан періштелерің үркіп кетер я жын соғар. Құдайдың көзі түзу болсын!  – дедім оған да желке шұқырымды көрсетіп.

Шыңғыс ШАХАН
Талдықорған қаласы 
 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында 12 жасыл аймақ абаттандырылады

Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында 12 жасыл аймақ абаттандырылады

04.02.2026
Сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау: Кәсіпкерлер не білуі керек?

Сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау: Кәсіпкерлер не білуі керек?

04.02.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда ресми келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда ресми келіссөз жүргізді

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.