ҚР ҰҚК шегара қызметі Жетісу облыстық департаментіне қарасты Панфилов аудандық шегара басқармасында «Үздік іздеу тобы» мен «Үздік арнайы иттер маманы» атты республикалық жарыс өтті.
Сайысқа еліміздің әр өңірінен іріктеліп келген сақшылар қатысты. Тартысқа толы өткен жарыс қорытындысы бойынша «Үздік арнайы иттер маманы» аталымында І орынды Солтүстік Қазақстан облысы, ІІ орынды Жетісу облысы, ІІІ орынды Жамбыл облысы жеңіп алды. «Үздік іздеу тобы» жарысында І орынды Алматы облысы, ІІ орынды Жетісу облысы, ІІІ-орынды Жамбыл облысы еншіледі. Сонымен қатар, жекелей сында үздік өнер көрсеткендер де марапаттан тыс қалмады. Атап айтсақ, «Автокөлікті тексерудегі ең үздік кинологиялық есеп» аталымында Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкері Артем Мужук, «Багажды тексерудегі ең үздік кинологиялық есеп» аталымында Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкері Нұржан Алдашев жеңіс тұғырынан көрінді. «Үй-жайларды тескерудегі ең үздік кинологиялық есеп» аталымында Абай облысы бойынша департаментінің қызметкері Марат Айтуғанов, «Адамды тексеру бойынша ең үздік кинологиялық есеп» аталымында Жетісу облысы бойынша департаментінің қызметкері Ғабит Есмұрат топ жарды. Ал Жамбыл облысынан келген Ердәулет Райымбек «Үздік кинолог маманы», Жетісу облыстық департаментінің аға лейтенанты Ернұр Құлжабаев «Үздік із кесуші», Түркістан облыстық департаментінің ефрейторы Вадим Галяутдинов «Үздік атқыш маманы» атанды.
Шара соңы жарыс жеңімпаздарына арналған концерттік бағдарламаға ұласты.
ҚР ҰҚК шегара қызметі
Жетісу облыстық
департаменті





