Талдықорған: +2°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ШАТҚАЛДАҒЫ ШАРА

03.09.2024
ЖАНСАРАЙ
ШАТҚАЛДАҒЫ ШАРА
WhatsAppTelegramFacebook

Өңіріміздегі туризмнің ең перспективті түрлерін экологиялық, жағажай, мәдени, тау, су, спорттық туризм деп санауға болады. Облыстағы туризмнің сан түрі жыл сайын туристер арасында үлкен танымалдылыққа ие болуда.


Жетісу өлкесі туристерді тамсандыратын табиғи және мәдени көрікті жерлерге бай. Атап айтсақ, Талдықорған мен Текелі қалаларындағы ерекше туристік нысандар. Соның ішінде Ұлы Жоңғар–Алатау тау сілемі, Қазақстанның ең әдемі көлі – Жасылкөл, жұмбақ «Айғайқұм», ерекше Ақтау және Қатутау таулары және бірегей Жаркент мешіті.  Сондай-ақ, Орта Азиядағы ең биік сарқырама – «Бұрқанбұлақ» сарқырамасы. Осының барлығы Жетісу жерінің байлығы.

«Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен өңірімізді және Текелі қаласының бірегей табиғи нысандары мен тарихи орындарын танымал етуде, сондай-ақ, Ескелді ауданының туристік нысандарын дамыту мақсатында «My Tekeli» атты пресс-тур өтті. 

Сапарымыздың басы Қора өзенінің жанындағы Будда құдайының бейнесі қашалған,  салмағы 3 тоннадан асатын, биіктігі 3 метр болатын алып мүсінді тамашалаумен басталды. Ғасырлар көшіне куә болып, ғажайып сыр бүккен қалпында біздің заманымызға жеткен таста Будда суреті ғана емес, құпия жазу бейнеленген. Мистикалық күштің қоршауындағы арыстан-арулар бейнесі тұр. Олардың алақанында Будда отыр. Лотос храмындағыдай қасиетті 7 баспалдақ өрілген. Әр баспалдақтың тұсында арнайы рәсімдер жасау керектігі туралы ишара белгісі бар. Жергілікті өлкетанушы Бақытжан Молбаевтың айтуынша, Будда бейнесінің жоғарғы тұсында геометриялық кескін салынған. Айналасында белгісіз әріп-таңбалар арқылы құпия сөздер жазылыпты. 

Қаланың қарбаласынан демалуға ерекше мүмкіндік берген сапардағы келесі тоқтаған жеріміз Серкесай шатқалы. Шатқал  Талдықорғаннан 70 шақырым жерде орналасқан және Жоңғар Алатауының орталық жотасымен теңіз деңгейінен 1550 метр биіктікте созылып жатыр. Шатқал өте ұзын, өзен құламалармен ағып өтіп, кішкентай көлдерді құрайды. Текелі қаласының ең ұзын Дінмұхамед Қонаев көшесі дәл осы жерге алып келеді. Туристер бұл жерге демалуға және табиғатты тамашалау үшін ғана емес, сонымен қатар ескі шахталарды көруге барады. Бұрын осы жерде руда кені өндірілген. Жүз жыл бұрын заманауи технологиялар, техника мен материалдар болмаған кезде салынған шахталар да бар. Жылдар бойы қараусыз қалса да әлі де сол қалпында. Көрген адам таңдай қағып, түрлі ойға шомылатыны хақ.

Серкесай шатқалында өткен шараға алматылық және жергілікті блогерлер мен мобилографтар, туристік агенттіктердің қызметкерлері, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты. Өркениетпен танысу үшін арнайы  шаралар өтті. Түрлі конкурстар мен ойын-сауық іс-шаралары, соның ішінде спорттық ойындар мен жарыстар, аймақтың табиғаты мен мәдениеті туралы викториналық сұрақтар қойып, сайыстар ұйымдастырылды. Одан бөлек, шараға қатысушылар «Жылы сарқырамасына» барып, аспалы жіппен сырғанап, ашық аспан астында фильм тамашалады.

– Аталмыш шара табиғатпен етене танысуға, жаңашылдыққа және ұмытылмас тәжірибе алуға мүмкіндік берді. Сапарда қатысушылар табиғаттың барлық сұлулығын көріп, Текелінің мәдениеті мен тарихы туралы білімін арттырып, жаңа орта мен естеліктерге толы естен кетпес саяхатты бастан кешті десек қате айтқанымыз емес, – дейді саяхатшы блогер Абылайхан Таймас.

Биыл «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы Жетісу облысының туризмін дамыту мақсатында біршама іс-шаралар өткізді. 

Жалпы, облыста туристік саланың дамуы қарқынды өсіп келеді. Жыл соңына дейін өңірімізге 2,2 млн. турист келеді деген жоспар бар. Жоспарланған іс-шаралар аясында өтетін туризм саласын дамытуға облысымыз ерекше көңіл бөлуде. 

Табиғатпен үйлесімділік тапқан осындай демалыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Ай;аным АЙТМҰХАН

Қатысты жаңалықтар

Вокзалдарда мүгедектігі бар жандарды автокөліктен вагонға дейін жеткізеді

Вокзалдарда мүгедектігі бар жандарды автокөліктен вагонға дейін жеткізеді

04.02.2026
Елде 4 литрден жоғары қозғалтқышы бар көліктердің салығы 17%-ға өсті

Елде 4 литрден жоғары қозғалтқышы бар көліктердің салығы 17%-ға өсті

04.02.2026
Терең өңдеу және экспорттық рекорд: Қазақстан агросекторының жаһандық әлеуеті

Терең өңдеу және экспорттық рекорд: Қазақстан агросекторының жаһандық әлеуеті

04.02.2026
Қазақ өнерінің майталманы Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден озды

Қазақ өнерінің майталманы Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден озды

04.02.2026
Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.