Талдықорған: +20°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«Сен күрек сат». Уақыт комплаенсі

23.08.2024
ЖАНСАРАЙ
"Сен күрек сат". Уақыт комплаенсі
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғам үнемі өзгеріс үстінде. Уақыт машинасы бір орнында тұрмайды. Мейлі әдебиет не медицина, болмаса қаржы саласы болсын, жаңа ұғымдар мен түсініктердің шырмауында өмір сүреді. Мұны біз медиамагнат Марк Цукербергтің ғұмырнамасынан сыр тартатын «Әлеуметтік желі» кинокартинасынан аңдадық. Сонда комплаенс пайымы жайлы терең толғанады. Адамзат үшін оның рөлі қандай? Не үшін қажет? Осы сауал бізді осы мақаланы жазуға мәжбүрледі.

Әрине әуелі ғажайып «Google»-ді ақтардық. Бұл термин жайлы қазақша мүлде мәлімет жоқ. Ал оның өмір сүргеніне жарты ғасырға жуық уақыт болған. Комплаенс ағылшын сөзі compliance, қазақша тәржімаласақ сәйкестік деген атаудан өрбиді. Яки өнеркәсіп, шаруашылық, өндіріс, ғылым саласының әлемнің ішкі және сыртқы талаптарына сәйкес келу. Ол талаптарды қалай таңимыз десеңіз, материаны рухани биігіне көтеріліңіз. Мәселен, жасыл өнімдер жайлы айтқанда экологиялық мәселелерді айналып кете алмаймыз. Қазір таза табиғи тауарды пайдаланарда қоршаған ортаны қорғаудың заманауи стандарттарына сәйкестендіре отырып  құрылымдау қисынды болар еді. Яғни, қалдықтар мөлшерін азайту, жануарларға жаңа өнімді сынаудан бас тарту, импорттық шикізатты тәртіппен тастау, көміртегі ізін азайту маңызды.

Былай қарасаңыз, комплаенс күрделі термин болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл жай ғана ережелер мен талаптарды сақтауды білдіреді. Балды артық жесеңіз жүрегіңіз айнитыны секілді жағдай. Бизнес әлемінде комплаенс компаниялардың заңды және әдепке сай әрекет ететініне кепілдік береді. Оны компанияларға дұрыс жолда қалуға көмектесетін басшылыққа алатын қағидаттар жиынтығы ретінде қарастырыңыз. «Орталық Азияның сертификатталған  комплаенс мамандары институтының» президенті Айгүл Телькараева айтуынша, әсіресе үлкен кәсіпте комплаенстың маңызы зор.

«Сіз ойын ойнап жатқаныңызды елестетіп көріңіз. Ойын әділ болсын десеңіз қатысушылардың бәрі ережелерді сақтауы тиіс. Бұл бизнеске де қатысты. Ережелерді сақтау алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық сияқты заңсыз әрекеттердің алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, тұтынушыларды қорғайды және сенімділікті нығайтады. Компаниялар ережелерді сақтаған кезде, халық олармен жұмыс істеу барысында өздерін тыныш және сенімді сезінеді. Комплаенс жөніндегі маман ойындағы төреші тәрізді», дейді А.Телькараева.

Төреші дегеннен шығады, кез келген саласада комплаенс маманы  қызметкерлерді компанияның ережелерімен және саясатымен таныстырады.  Іскерлік белсенділікті бақылай отырып, ішкі мәселелерді зерттейді. Осылайша, олар түйткіл туындар алдын нақты факттарға сүйене отырып шешімін табады.  Цукербергтің де құпиясы осында. Ол қоғам ағымының алдында жүрді. Өзіне не керектігін білді, қателігін саралай алды.

Қараңыз, сіз үлкен кәсіпті бастауға бел байладыңыз. Жүздеген қызметкеріңіз бар. Ісіңіз өрге доламасын десеңіз, олардың әрбір әрекетін бақылап отыруға тиіссіз. Кейбір жұмысшы алаяқтыққа баруы мүмкін. Жұмысқа кешігіп келеді, қызметтік нормаларды сақтамайды, тапсырмаға салғырт қарайды дегендей… Осындай сәттерде комплаенс жөніндегі мамандар күдікті әрекеттерді және компания ресурстарының дұрыс пайдаланылуын бақылайды. Бұл тәсіл айлакерлікке жолбермейді һәм компанияның беделін қорғауға көмектеседі. Тұтынушы мен бәсекелестер арасында әділ қарым-қатынас онатуды қадағалайды. Демек, сіздің маркетингтік қадамыңыздың адал болуына жәрдемдеседі.

«Нормативтік құқықтық талаптарды сақтау – бұл әдеттен тыс әрекет болып көрінуі мүмкін, бірақ біздің күнделікті өмірімізде маңызды рөл атқарады. Ол кәсіпорындардың заңды, этикалық және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді. Комплаенс рөлін түсіну және бағалау арқылы біз оның әділ және сенімді бизнес ортасын құруға қалай көмектесетінін көре аламыз. Тұтынушыларды қорғау, адал тәжірибені қамтамасыз ету немесе алаяқтықтың алдын алу болсын, нормативтік талаптарды сақтау кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуі және қоғамның қауіпсіздігі үшін қажет. Сондықтан, келесі жолы сіз өнімнен немесе қызметтен ләззат алған кезде, комплаенс қызметі сіз үшін адал және қауіпсіз болып жатқанына көз жеткізесіз», дейді А.Телькараева.

«Жұрт алтын іздеген жерде сен күрек сат» дегендей, комплаенс қызметі қоғамдағы жылдам үдерісті бір сызықта ұстап тұрады. Ешқандай ереже бұзмай-ақ, емлеге сүйене отырып жетістікке жетуге болатына сенім береді.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Сурет: ulan.kazgazeta.kz

 

 

Қатысты жаңалықтар

Елде мұнай экспортын әртараптандыру жалғасады

Елде мұнай экспортын әртараптандыру жалғасады

26.03.2026
Үш адамның өмірін қиған жарылыс: Газ компаниясының басшысы қамауға алынды

Үш адамның өмірін қиған жарылыс: Газ компаниясының басшысы қамауға алынды

26.03.2026
2,3 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер біліктілігін растады

2,3 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер біліктілігін растады

26.03.2026
Наурыз – тәлім мен тәрбие өзегі

Наурыз – тәлім мен тәрбие өзегі

26.03.2026
Қазақстанда БАӘ-нің ірі банкі ашылады

Қазақстанда БАӘ-нің ірі банкі ашылады

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.