Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 12 АУЫЛДА ЖАҢА ТИТІ МӘДЕНИЕТ НЫСАНДАРЫ САЛЫНАДЫ

8 тамыз 2024
КҮЛТӨБЕ
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 12 АУЫЛДА ЖАҢА ТИТІ МӘДЕНИЕТ НЫСАНДАРЫ САЛЫНАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында шалғай ауылдарға қажетті мәдени нысандар блокты-модульді конструкциядан салына бастады. Мәселен, биыл 12 ауылда осындай клубтардың құрылысы жүргізілуде.


Тұрғындарының саны 1 мың адамнан аспайтын 12 ауылға блокты-модульді клубтар орнату үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қарастырылған. Өткен жылы тәжірибе ретінде ең алғаш Ескелді ауданының Қоңыр ауылында БМК клубы  тұрғызылса, биыл оған қоса Алакөл, Ескелді, Қаратал Көксу, Кербұлақ аудандарының ауылдарында жаңа үлгідегі блокты-модульді мәдени нысандардың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Солардың бірі Кербұлақ ауданы Шұбар ауылында орнатылуда. Қазіргі таңда нысандағы құрылыс жұмыстарының шамамен 40 % аяқталған.

— Металл конструкцияларын құрып бітірген соң сэндвич панельмен қаптаймыз. Содан соң сыртқы жұмыстарына кірісеміз. Клубтың 120 орындық көрермен залы, 11 бөлмесі болады. Құрылыс жұмыстарының кестесіне сай алда екі ай уақытымыз бар, белгіленген мерзімге құрылысты аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, — дейді мердігер «Ақтөбе экорт» ЖШС прорабы Бірлік Қантбаев. 

Елді мекенде мәдениет ошағының салынатынына ауыл тұрғындары қуанып жүр.

— Ауылымызда осындай жаңа нысан салынып жатқанына ризамыз. Ауылда балабақшамыз бар, мектебіміз бар. Енді мәдениет ошағы ашылса, жастардың бос уақытын пайдалы өткізуіне жақсы мүмкіндік болады. Өзіміз де бір уақыт концерт көрсек, мереке өткізсек, сырттан келетін әртістердің ойынын тамашаласақ, ауыл тұрғындары үшін де рухани демалатын орын болар еді, — дейді ауылдық Аналар кеңесінің төрайымы Нүкетай Күзенбаева.  

Жалпы Жетісу облысында 200-ден астам мәдениет нысаны халыққа қызмет көрсетуде. Жетісу облысы құрылғалы бері 7 жаңа мәдениет нысаны ашылды, соның 5-еуі – мәдениет үйі, 1 музей, 1 кітапхана.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.