Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Жан-жақты қолдау жасалуда

30 шілде 2024
ДЕНСАУЛЫҚ
Жан-жақты қолдау жасалуда
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымыз ертеден жан мен тәннің саулығын басты орынға қойған. Сол себепті «Бірінші байлық – денсаулық» деген. Тұрғындардың денсаулығы – еліміздің белсенді дамуына, экономикасына, әсіресе әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз. Осы тұрғыда аймағымыз соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық жағынан көптеген жетістіктерге жетіп келеді. 

Жуырда ауданның денсаулық сақтау саласына жаңа автокөліктер келді дегенді естіп өңірдің бас дәрігері Алтай Шұлғаубаевқа жолықтық. Алтай Кәмиұлының сөзінше, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген автокөліктер Черкасск, Лепсі, Қарабөгет ауылдарына, Сарқан қаласына берілген. Көліктер халықтың санына, орналасу ретіне қарай бөлінеді. Былтыр 3 автокөлік қолданысқа берілді. Осылайша денсаулық сақтау саласының автопаркі 85 пайызға жаңартылды. Белгіленген нормативке сай санитарлық автокөліктер әрбір 7-8 жыл сайын ауыстырылу керек. Ендігі алда тұрған басты міндет – Екіаша, Бақалы, Алмалы ауылдарындағы автокөліктерді жаңасына ауыстыру. 

Алтай Кәмиұлы ауданның денсаулық сақтау саласына биылғы жылы 4 маман келгенін, оларды баспанамен қамту өзекті мәселеге айналғанын жеткізді. 1 дәрігердің  үйі болмағандықтан ауруханада тұрып жатқанын жеткізді. Денсаулық сақтау саласына мамандар жетіспеушілігі сезіліп тұрғанда тұрақты баспанамен қамтылмаса кетіп те қалатынын айтты. Бас дәрігер  «Жас мамандар келіп жатыр, бірақ оларды үймен қамту өзекті әрі бас ауыртатын мәселе» дегенді қынжыла мәлімдеді.
Басқа ауылдармен қатар жаңа автокөлік алып, біртіндеп мәселесі шешіле бастаған Черкасск ауылдық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Сәлима Өтеулинованы әңгімеге тарттық. 

– Өте қуаныштымыз, Аллаға шексіз шүкір, жаңа автокөлік алып тұрмыз. Черкасск ауылдық округінде 5 ауыл бар, тұрғындардың саны 2840. Бұрын ескі көлігіміз болған. Жаңа көлікті бірінші рет алып тұрмыз. Қуанышымызда шек жоқ, ауданның бас дәрігеріне көп рахмет, – дейді Сәлима Закарияқызы.  

Денсаулық сақтау саласы үшін халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету – басты міндет. Сол басты міндеттерін ұмытпай, адам жанының арашасы болып жүрген ақ халатты абзал жандардың орны ерекше. Сол себепті де оларға жан-жақты қолдау жасала берсін деп тілейік.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43
Пайдалануға берілетін нысан көп

Пайдалануға берілетін нысан көп

Бүгін, 12:29
Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Бүгін, 12:27
Шырайы кірген шағынаудан

Шырайы кірген шағынаудан

Бүгін, 12:25

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.