Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Жеке тұлғалардың төлем қабілеті

25 шілде 2024
САЯСАТ
Жеке тұлғалардың төлем қабілеті
WhatsAppTelegramFacebook

2023 жылғы 3 наурыздан бастап елімізде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енді.

Заң жеке тұлғалардың қарызымен байланысты мәселелерді шешу үшін соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді ұсынады. Соттан тыс банкроттық рәсімін банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар 1 600 АЕК кем болғанда  қолдануға болады (борыш 5,9 млн. теңгеден аспайды). Өтініш ХҚКО-да,  eGov.kz  электрондық үкімет порталы, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және «eGov Mobile» мобильді қосымшалары арқылы беріледі. Рәсім 6 айға созылады. Ол аяқталғаннан кейін банкроттың міндеттемелері тоқтатылуға жатады.

Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 29,6 млрд. сомаға 13 384 азамат банкрот деп танылды. 6 612 азаматқа қатысты рәсім жүргізілуде. Сот арқылы банкроттық рәсімін азаматтар егер банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктер алдындағы борышы 1600 АЕК-тен асса немесе сомасына қарамастан өзге де борыштар бойынша, сондай-ақ мүлкі болған кезде қолдана алады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі сотта қарыздарды бөліп  төлеу мүмкіндігін алуды көздейді. Бұл рәсімнің артықшылығы – одан кейін адамға «банкрот» мәртебесі берілмейді. Сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдар қолданылмайды.

Сот арқылы банкроттық рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға 2,6 мыңнан астам азамат жүгінді. Сот арқылы банкроттық рәсімі 200 борышкерге қатысты жүргізілуде. Ұсынылған мәліметтерден көріп отырғанымыздай, Заңның ережелері өзінің мақсатты аудиториясын тапты. Сонымен қатар, құқық қолдану тәжірибесі рәсімдерді оңайлату қажеттігін көрсетті. Осыған байланысты, 2024 жылғы 19 маусымда Заңға түзетулер енгізуге қол қойылды. 
– рәсімдерді қолдану негіздерін қайта қарау; 
– төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін қарыздар бойынша мерзімін өткізіп алудың болуы және мүліктің болуы міндетті болып табылмайды; 
– соттан тыс банкроттық рәсімін жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқықтарына ие барлық ұйымдар, соның ішінде лицензиясынан айырылған, тарату сатысында тұрған, тиісті тізілімнен шығарылған ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша қолдануға болады; 
– соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін төлемнің болмау мерзімін есептеуді нақтылау борыштары бойынша 1 АЕК-тен кем төлемдер өтеу болып есептелмейді. Ал  коллекторлық агенттікке берілген шарттар бойынша өтеудің болмау мерзімі құқық берілгенге дейін соңғы төлем жасалған күннен бастап есептелетін болады. Реттеу мерзімі өзгерсе, төлемдер мерзімі 12 айдан асса, қарызды реттеу талап етілмейді. Аталған түзетулер 2024 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Фото: kgd.gov.kz 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.