Талдықорған: +20°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰСТЫН

11.07.2024
КҮЛТӨБЕ
ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰСТЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Тағдыр-талайымызға тәуелсіздік төлқұжаты табысталғалы бері кеңдігіміз бен теңдігіміздің арқасында қазіргі күні атағымыз күллі әлемге қарыштап тұр. Топыраққа тоғытылған өткенімізге зер салып, зерделейтін болсақ дәл осы достық пен татулықтың, берекелі тірліктің арқасында тағдырдың талай тайғақ кешулерінен аман шықтық. Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырып, этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына атсалысып келеді. 


Қоғам арасындағы өзара түсіністік, ұлттар достастығы мен конфессияаралық келісім – мемлекет дамуының негізгі тірегінің бірі. Кеңестік кер заман тұсында қазақ даласына қаншама ұлт өкілдері жер аударылып, зар-мұңынан басқа ештеңесі жоқ күйде келді. Сол кездері ата-апаларымыз нағыз бауырмалдық пен жанашырлықтың ерен үлгісін танытып, өз аузынан артылмас нанын да бөлісті, жанын да бірге сақтап қалды. Қай мемлекеттің өткеніне үңілсеңіз де дәл біздің бабаларымыздай кең құшақ жайып, бүтіндей ұлттарды аман алып қалған халық кемде-кем. 

Тағдыр табыстырып, тарих тоғыстырған түрлі этнос өкілі азаттықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қаласып жатыр. Қазақстанды тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір ұлыстар мен этностар мекен етіп отыр. Олар көк Тудың астында бірігіп, туған жердің абыройын асқақтатқысы келеді. Мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет болуды мұрат тұтады. Бірлік пен келісім ел дамуының бастауы болды. Киелі қазақ жерінің көркеюі, бейбітшілік пен келісім – біздің басты байлығымыз.

Халықтың бірлігі – Қазақстанның барлық жетістіктерінің кілті. Мұны бүгінгі таңда ел тұрғындарының дені бойына сіңірген десек артық айтқандық емес. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мұны жақсы түсінеді. Сондықтан болар, бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық татулықты сақтап, ұйытып отырған бірегей мемлекет ретінде дүниежүзіне танылып, өзгелерге үлгі болатындай дәрежеге жетті. 

Қазақстан халқы үшін конфессияаралық келісім қастерлі де  қасиетті ұғым. Қазіргі уақытта еліміздегі конфессиялар – Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы, Қазақстан Республикасындағы Митрополит округі, Қазақстандағы Рим-Католиктік шіркеуі, Қазақстандағы Иудаизм, Қазақстандағы Буддизм, Христиандық бағыттағы түрлі діни ұйымдар бейбітшілік пен келісімді және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуде. Қандай да бір мемлекеттің саяси аренада беделінің артуы, экономикалық-әлеуметтік салаларының жақсаруына және тұрақты дамуына қоғамдағы ішкі тұрақтылықтың маңызы зор. Еліміздің мемлекеттік саясаты азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген қағидаттарды басшылыққа алады. Сонымен бірге, елдегі қалыптасқан мемлекеттік-конфессиялық қатынастар барлық конфессиялар мен діни топтардың тең құқықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанда уақыт өлшемінен өткен этникаралық және дінаралық келісім үлгісі қалыптасты деп айтуға толық негіз бар. Біздің еліміздегі түрлі конфессиялар арасында орнаған өзара әрекет тәжірибесін халықаралық ұйымдар мен шетелдік әріптестер, соның ішінде БҰҰ, ЮНЕСКО мен ЕҚЫҰ зерттеуде. Халықаралық аренада Қазақстан бейбітшілік аумағы, мәдениеттер мен діндердің диалогы мен жақындасуының алаңы ретінде қабылданады.

Еліміз халықаралық аренада басқа мемлекеттерге үлгі бола алатындай еңселі де мазмұнды істерді атқарып келеді. Сондықтан да конфессияаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етудің керемет үлгісін көрсете алды. Қазақстанның жеткен ең шоғыры биік жетістігі еліміздегі тұрақтылық, ұлтаралық, дін- аралық келісімнің нәтижесі. Ұлтаралық келісім мен этносаралық қатынастарды дамытып, сонымен қатар өскелең жас ұрпақты қазақстандық патриотизмнің жаңа рухында және отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы зор екендігін жадымыздан шығармауымыз тиіс.

Ә. ТӨЛЕУОВ, 
облыстық дін істері басқармасы ММ 
«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту 
орталығы»  КММ-нің Киберқауіпсіздік және 
қарсынасихат бөлімінің басшысы

Қатысты жаңалықтар

Өнімді қайта өңдеу –  заман талабы

Өнімді қайта өңдеу – заман талабы

19.06.2026
«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті

«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті

19.06.2026
Нобель сыйлығының иегері Мо Яньнің екі кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Нобель сыйлығының иегері Мо Яньнің екі кітабы қазақ тілінде жарық көрді

19.06.2026
Мемлекет басшысы Черногория Президентін қарсы алды

Мемлекет басшысы Черногория Президентін қарсы алды

19.06.2026
Дара дәстүр немесе «Табалдырық» туралы түсінік

Дара дәстүр немесе «Табалдырық» туралы түсінік

19.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.