Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЙРАН ОЮ

21 маусым 2024
КҮЛТӨБЕ
ҚАЙРАН ОЮ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ елі түркі халықтарының ішінде ою-өрнекке бай халық. Дана халқымыз киімін, тұрмысқа қажет бұйымын, үй жиһазын, ат әбзелдерін әсемдеуге қолданған төл туындымыздың бүгінгі бағасы қандай? 


Киелі қошқар мүйізімізбен қоқыс жәшігін безендіргеніміз қаншалықты дұрыс? Төр көрпенің оюын жолға төсеу – ұлттық құндылығымызды құлдыратып жіберген жоқ па? Сұрақ көп болғанымен жауап жоқ. 

Сөзіме нанбасаңыз қаладағы көпқабатты үйлер мен саябақтағы қоқыс жәшіктеріне зер салыңызшы. Сары түске боялған қоқыс жәшігі сан түрлі өрнекпен көмкеріліп тұр. Қынжылтатыны –  әлгілерден қазақылықтың иісі емес, жағымсыз иіс шығады. Әрине, мұны көрген шетелдіктер құндылығыңа күліп қарайды. Бабаңнан қалған оюдың құны олар үшін бес тиын. Бұл – бір. Екіншіден, біздің көзіміз мұндай көрініске үйренбеген. Жоғарыда айтқанымыздай, ою-өрнекті тек ас ішетін ыдыс-аяқтан, төрге төселген төр көрпеден, қыз-келіншектің әшекей бұйымдарынан, ат әбзелдерінен көргенбіз. Сондықтан дәл осындай көрініске тап болғанда қанымыз қайнап, жанымыз ашиды. Түзеткіміз келеді. Бірақ…

Қаншама ғасырлық тарихы бар тасқа қашалған ою-өрнегіміздің тас-талқаны шығып, аяққа тапталып жатқаны жанымызға батады. Алайда мұндай теріс әрекетке бой алдырғандарды сөккенмен пайда жоқ. Олардың нені безендіретіні тағы белгісіз. Бұған кінәлі – сіз бен біз. Ою-өрнек ұрпақ тәрбиесінде, ұлттың дүниетанымын қалыптастыруда, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруда үлкен рөл ойнайды.  Ұлттық ою-өрнек, терең тарих және философия тұрғысында ұрпақтың ой-өрісін, оның айналаға деген көзқарасын анықтап, сана-сезімінің дамуына шынайы да ұтымды әсері барын ешқашанда ұмытпағанымыз жөн. 

Қазақы ою-өрнектердің маңыздылығын түсініп, оны дұрыс қолдану арқылы біз ұлттық мәдениетімізді сақтап, оны келесі ұрпаққа жеткізе аламыз. Ою-өрнектерді тек тұрмыстық заттарда ғана емес, заманауи сәнде, архитектурада және цифрлық медиа саласында қолдану арқылы олардың мәнін арттырайықшы. Төл туындымызды қоқыстан емес, төрден көруге атсалысайық, ағайын. 

                                                      Арсен ҚАЗТАЙ,
                                                           Жу студенті
 

Қатысты жаңалықтар

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Бүгін, 09:11
Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.