Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

БАҒДАРШАМНЫҢ САРЫ ТҮСІНЕ БІРНЕШЕ МӘРТЕ ӨТКЕН ЖҮРГІЗУШІ ЕМТИХАН ТАПСЫРАДЫ

17 маусым 2024
САЯСАТ
БАҒДАРШАМНЫҢ САРЫ ТҮСІНЕ БІРНЕШЕ МӘРТЕ ӨТКЕН ЖҮРГІЗУШІ ЕМТИХАН ТАПСЫРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Көлікпен бағдаршамның сары түсіне өтіп кеткендерге қомақты айыппұл салынып, жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

 


Сонымен қатар бұдан кейін бағдаршамның сары түсіне бірнеше мәрте өткен жүргізушілер емтихан тапсырады. Ал емтиханнан құласа, жүргізуші куәлігінен айырылады. Бұдан бөлек, 55 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттеледі. 

«Егер де бір жылда екінші рет осындай әкімшілік құқықбұзушылық жасайтын жағдайда ол азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 591-бабы 2-бөлімімен жауапкершілікке тартылады. 15 айлық есептік көрсеткіш түрінде және де жүргізушіні жол жүру ережесі білімін тексеру нәтижесінде емтиханға жолдайды. Егер емтиханды тапсыра алмаған жағдайда 6 айға жүргізуші куәлігі тоқтатылады», – деді Астана қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Бауыржан Тоқжұманов.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл ереже жолдағы апатты азайту мақсатында енгізіліп, жаңа талап жемісін бере бастаған. 

«Бағдаршамның сары түсіне айыппұл рәсімделгеннен бастап оң нәтижесін беріп жатыр. Наурыз айынан бастап енгізген уақыттан қазіргі таңға дейін ондай себептермен екі ғана, екі жол-көлік оқиғасы ғана тіркеліп, екі адам дене жарақатын алды. Ал бұған дейін, яғни, сары түсті кіргізбей тұрғанға дейін былтыр 23 болатын, 23 жол-көлік оқиғасы болып, 23 адам дене жарақатын алған», — деді Астана қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Бауыржан Тоқжұманов.

Алайда, қала тұрғындарының пікірі әртүрлі. Бірі жаңа тәртіпті қолдаса, енді бірі қарсылығын білдіріп жатыр. 

«Сары жанған кезде көліктің жүрмеуін, айыппұл келуін дұрыс деп есептеймін. Өйткені ол қаладағы кептелдісті азайтады деп ойлаймын және әртүрлі соқтығыс, апаттарды азайтады деп ойлаймын. Және өте дұрыс шешім негізі», «Мен әрқашан жасыл жанып-өшіп жатады ғой, сол сәтте мен өтіп кетемін. Өйткені сен жасыл жанып-өшіп жатқан кезде, мысалы 50-мен келе жатсаң, сен тежегішті бассаң, артта келе жатқан көлікпен соғысатын сәттер болады. Өзімде соңғы бір айдың ішінде сондай сәттер болды. Маған бұрынғыдай қала бергені дұрыс сияқты», – деді тұрғындар.

Қазір Астанада 13 мыңнан аса «Сергек» камерасы бар. Наурыз айынан бері 18 мыңнан астам ереже бұзу дерегін анықтады. Бұл айыппұлдардың жалпы сомасы 300 млн теңгеден асады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық жүргізушілер екі жолақты жолда бір тұтас сызықты кесіп өткені үшін куәлігінен айырылатыны туралы жазған едік. 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.