Талдықорған: +19°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әлемдегі әдемі құстар

2 маусым 2024
КҮНДЕРЕК
Әлемдегі әдемі құстар
WhatsAppTelegramFacebook

Тіршілік әлемінің бір бөлшегі әрі табиғаттың құнды байлықтарының үлкен саласы болып саналатын жан-жануарлар әлемінде қанатты құстардың алатын орны өте ерекше. Олардың арасында ең қызықтысы да, тартымдысы да, сүйкімдісі де жиі ұшырасады. Құстардың көкті шарлап ұшуы, көрікті түр-түстері, қауырсындарының ғажайып құбылмалы бояулармен өрнектеліп, нақышталынуы кімді болса да таңғалдырары күмәнсіз. Сазды да әуезді   әуендерімен еліктіріп, тамсандыратындары қаншама?!

 Құстардың табиғатты сүюге деген құштарлықты арттыра түсетін өзіндік ерекшелік қасиеттері де жеткілікті. Жасыл желекті бау-бақтардан, сыңсыған ормандар мен жынысты тоғайлардан, шалқарлы айдындар мен ағынды өзен-көлдер маңынан құстардың сан құбылған әуезді әуендерін тыңдаудың өзі жан рахаты. Ләззат беретін әсеріне бөлену де бір ғанибет-ау! Бұлбұлдар мен сандуғаштардың, сайрауықтар мен торғайлардың, сан алуан құстардың осындай өзіндік ерекшеліктері, сазды ысқырығы, ешкіемерлердің шұрқырауының тылсымы, көкектердің мұңлылау үні құлағымызға жақсы таныс. 

Құстардың тіршілігі мен сұлулығы сазгерлердің, ақындардың, суретшілердің және сәулетшілердің шығармашылықтарынан ойып тұрып орын алғаны да жұртшылыққа жақсы аян. Құстардың осындай өзіндік ерекшеліктері қаламгер Әли Ысқабайдың жақында баспадан жарық көрген  «Жүз құс жайлы жүз жұмбақ-тақпақ» атты кітабында жан-жақты қамтылған десе болады. Ондағы жұмбақтардың басты мақсаты – ғаламшарымыздағы ең әдемі құстармен таныстыруға бағытталған. Көрікті құстардың сыртқы сан алуан бояулы қауырсындарының құлпыра құбылулары адамды қызықтыратын көрініс ретінде кітапқа енген. Жұмбақтар негізінен әлемдегі ең әдемі құстардың кейбірімен таныстыруға бағытталған. Табиғаттағы құстардың арасында ешнәрсеге ұқсамайтын ең алып, ең кішкентай, ең әдемі, ең мықты, ең шыдамды, ең пысық қанаттылар да жеткілікті екендігіне көз жеткізеді.  Қысқасы, құстар өздерінің түр-түсімен, мінез-құлқымен адамды таңырқата да, қызықтыра да түсетіні кәміл. Жұмбақ-тақпақтарға арқау болған да осы жайттар. 

Құстардың ғажайып әлеміне көңіл бөліп, қызығушылықты тудыру арқылы оларды жақын білуге, азды-көпті құстардың тіршілігін қамту арқылы табиғатты аялауға ықпал етеді деген ниеттен туындаған жұмбақтарды мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері оқып-жаттау арқылы қанаттылар жайлы көптеген мағлұматтар алуына көмекші құрал ретінде пайдалануына болады.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

Нейрохирургтар сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

Нейрохирургтар сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

Бүгін, 15:35
Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Бүгін, 14:58
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Бүгін, 14:35
Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00
Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.